Қазіргі қазақ ЖӘне түрік тілдеріндегі септік жалғауларының сипаты исатаева Н. Ж



Pdf көрінісі
бет4/6
Дата11.08.2023
өлшемі211.45 Kb.
#476039
1   2   3   4   5   6
?àç³ðã³ ?àçà? Æ?íå ò?ð³ê ò³ëäåð³íäåã³ ñåïò³ê æàë?àóëàðûíû? ñèïàò

Табыс септігі (Belirtme hali).Ескерткіштердегі табыс септігі сөз амал
әрекетпен тәкелей байланыста болып,төмендегідей қосымшалар арқылы 
жасалады: 
1. –ны, -ні, -ы, -і: бені-мені, сені-сені, бізні-бізді т.б. 
2. –ығ, -іг, -уғ, -үг (-ғ, -г): будынығ-халықты, ташығ-тасты т.б. –ығ, -іг, -
уғ, -үг тұлғалары қазіргі түркі тілінде кездеспейді.
Табыс септігінде тұрған сөздер ашық түрде де, жасырын түрде де келе 
береді. 
1. Табыс септігіктің ашық түрі нақтылы, белгілі бір нәрсені көрсеткенде 
қолданылады. Қарығ секім-қарды тазаладым т.б
2. Табыс септігінің жасырын түрі кейде айқын көрсетілмей көмескіленеді. 
Иерчі тіледім – жершіл тіледім.[4; 48] 
Бұл септіктегі сөз Кімге? Неге? Қайда? сұрақтарына жауап беріп
етістікпен байланысып, сөйлемде тура толықтауыш қызметін атқарады. 
Мысалы: Түзетпек едім заманды, ӛзімді тым-ақ зор тұтып. (Абай). Табыс 
септігінің жалғауы да бірде ашық, бірде жасырын түрде қолдана береді. 
Жалғау жасырын тұрғанның өзінде арқашан сабақты етістікпен тіркесіп келіп 
тура толықтауыш болады.
Қазіргі түркі тіліндегі табыс септігі Kimi? Neyi? Ne? сұрақтарына жауап 
беріп, төмендегідей қосымшалар арқылы жасалады. 


WWW.ENU.KZ
-ı, -i, -u, -ü – егер сөз немесе сөйлем дауыссыз дыбысқа аяқталған 
жағдайда жалғанады. Мысалы: evi – үйді, şehiri-қаланы, okulu-мектепті т.б. 
yı, -yi, -yu, -yü – егер сөз немесе сөйлем дауысты дыбысқа аяқталған 
жағдайда жалғанады. Мысалы:para-ақшаны т.б. 
Бұл септік жалғауының да қазақ тілі үлгісінде тәуелдену үлгісі бар. 
Мысалы. жай септеу үйім, тәуелді септеуде үйімді. Бұл үлгі түрік тілінде 
кездеспейді. 
Жатыс септігі (Bulunma hali).Ескерткіштердегі жатыс септікте тұрған 
сөздер мекенін, орнын, мезглін білдіріп, -та,-те,-да,-де жалғауларының 
жалғануы арқылы жасалады. Мысалы: ташда-таста, қағанта-қағанда, 
йолта-жолда, тағда-тауда т.б. Жатыс септіктегі сөздер сөйлем ішінде 
жанама толықтауыш не пысықтауыш болады.[4; 48] 
Бұл септіктегі сөздер негізінде көлемдік, мекендік және мезгілдік 
мағынаны беріп, Кімде? Неде? деген сұрақтарға жауап береді. Мысалы: Жат 
қораны күзеткен қартаң шалда сана жоқ (Абай); Аспанды жапқан қара 
бұлт әлем-тапырақ кӛшуде (С.Мұқанов); Есімде, анам есімде, Есімнен сӛзің 
қала ма (І.Жансүгіров); Байлық – еңбекте, жерде (Ы. Алтынсарин). 
Жатыс септігі қазіргі түрік тілінде де мекенді білдіріп Kimde? Nerede? 
сұрақтарына жауап беріп, мынадай жалғауларды жалғайды:-da,-de,-ta,-te. 
- da – егер сөз дауыссыз немесе ашық дауыстылардан кейін және де 
сөздің соңғы дауыстысы a, ı, o, u әріптері болса жалғанады. Мысалы:Kitap 
masada – кітап үстелде т.б. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет