71
мыс және мырышты қорытпаларды қолданады. Бұл тәсілмен болаттан, титаннан немесе қалайы
мен қорғасын негізіндегі қорытпалардан құймаларды сирек дайындайды.
Қысыммен құю арқылы жасалатын құймалар номенклатурасы әртүрлі.
Көп жағдайда
дайындамаларды емес, кесумен әрі қарай өңдеуді қажет етпейтін бұйымдарды алады, өйткені
құймалардың дәлдік пен беттің кедір-бұдырлығы бойынша сапасы құюдың басқа тәсілдерімен
жасалатын құймалардың дәл осы сапаларынан жоғары болады.
Құймаларда қарапайым және өте күрделі конфигурация, қабырға қалыңдығы 0,5…6 мм,
бірнеше грамнан 45 кг-ға дейінгі масса, бірнеше мм-ден 700 мм-ге дейінгі өлшемдер болуы
мүмкін. Қысыммен құю арқылы ішкі
немесе сыртқы бұрандасы дайын, арматурасы әртүрлі,
қуыстар мен каналдардың конфигурациясы күрделі, әртүрлі бекемдеумен жасалатын
құймаларды алуға болады.
Құймалардың габариттік өлшемдері мен массалары бекіту механизмінің күшімен,
баспақтау камерасының өлшемдерімен және қысыммен құю машинасының баспақтау
механизмінің қуатымен,
сонымен бірге, қорытпалардың қасиеттерімен шектеледі. Өлшемдердің
дәлдігі мыналарға сәйкес келеді: құймалардың өлшемдері 25346-89 МЕМСТ бойынша 8…15
квалитеттерге тең.
а – суық тік баспақтау камерасымен; б – суық көлденең баспақтау камерасымен;
1 – құю кезіндегі
орналасу; II – баспақтау кезіндегі орналасу; III – баспақ-қалып ажырағаннан
кейін; 1 – жоғарғы поршень; 2 – балқытпа; 3 – баспақтау камерасы;
4, 5 – жарты қалып; 6 - итергіш; 7 – құйма; 8 – төменгі поршень; 9 – баспақ-қалдық;
10 – құюжол жүйесі; 11 – құюжол каналы
2.19-сурет – Машинада қысыммен құю процесінің сұлбасы
Құймалар бетінің кедір-бұдырлығы баспақ қалыптың жұмыс беттерін өңдеу сапасына
және оны пайдалану дәрежесіне байланысты. Беттің кедір-бұдырлығына қойылатын талаптарды
баспақ қалыптың ықтимал тозуының талаптарымен сәйкестендіру керек. Мысалы, жаңа баспақ
қалыптарда алынатын құймалар үшін минимум кедір-бұдырлық – Ra, мкм: мырышты қоспалар
үшін – 0,32; алюминийлі қорытпалар үшін – 0,63; магнийлі қорытпалар үшін – 1,5; мыс
қорытпалар үшін – 2,5 құрайды.
Қысыммен құюдың технологиялық мүмкіндіктері:
72
Құйманың материалы. – Оңай балқитын қорытпалар (алюминийлі, магнийлі,
мырышты), сонымен бірге, қола, латуньдер.
Құйманың массасы - 50 кг-ға дейін.
Қабырғалардың минимум қалыңдығы - 1,5 мм (1.36-кестені қараңыз).
Максимум өлшем - 700 мм.
Дәлдік квалитеті - 25346-89 МЕМСТ бойынша IT9…IT13.
Өлшемдер дәлдігінің класы – 53464-2009 Р МЕМСТ бойынша 1…11т.
Беттің кедір-бұдырлығы – 2789-73 МЕМСТ бойынша Rz 20…10 мкм, Ra 1,25…0,63
мкм.
Механикалық өңдеуге әдіптер - 0,1…0,3 мм.
Металдың қолданылу коэффициенті - 0,95-ке дейін.
Процестің рентабельділігін қамтамасыз ететін құймалардың минимум партиясы - 3000
дана.
Достарыңызбен бөлісу: