99
және т.с.с. пісіру мүмкіндігі сияқты қасиеттерін де назарға алу қажет. Өзге тең мүмкіндіктер
кезінде пісіру әдісін таңдауға экономикалық көрсеткіштер анықтаушы әсер етеді.
Импульстік лазермен пісіру арқылы көбінесе өз арасында сымды немесе аса шомбал
тетіктері
бар сымды пісіреді, сонымен бірге, лазер сәулесі түйіспелерді оқшауламадан
тазартпай пісіру жүргізуге мүмкіндік береді, бұл пісірудің өнімділігін арттырады.
Едәуір қалыңдықты металдарды үздіксіз лазермен пісіру газ лазерлерімен жүргізіледі.
Сонымен бір мезгілде инертті газдар металды тотығудан қорғайды. Қорғау үшін аргонның
орнына гелийді немесе гелийдің сутекпен қоспасын қолдану
лазер сәулесімен балқытуды
ұлғайтады, бірақ аргонға қарағанда, аса жеңіл гелий плазма бұлтын нашар ығыстырады.
Лазермен үздіксіз пісіру импульстік пісірумен салыстырғанда пісірудің едәуір үлкен
жылдамдықтарын қамтамасыз етеді.
Лазермен пісірудің көмегімен жасалатын тораптар мен
конструкцияларды жобалау
кезінде, онда жік негізгі металды балқыту жолымен алынатын қосылыстарды ұсынады.
Достарыңызбен бөлісу: