35
1.11 Пилоттық жобаларды енгізу
І. «Тірек мектебі – магнитті мектептер» кешені» пилоттық жобасы
Мақсаты: шағын жинақты мектеп білім
алушыларының білім сапасын
арттыру.
Жобаның міндеттері:
- ауыл мектептері оқушыларының сапалы білім алуға тең қолжетімділігін
қамтамасыз ету үшін тірек мектепте білім
беру ресурстарын шоғырландыру;
- тірек мектепте сессиялық және сессияаралық жұмыстарды ұйымдастыру
бойынша
шаралар кешенін іске асыру;
- білім алушылардың бейіналды және бейіндік білім беру жүйесін дамыту,
ерте кәсіптік бағдарлау шеңберінде қашықтан
білім беру технологияларын
пайдалану.
Жоба аясында шалғайдағы елдімекендерде
орналасқан магниттік шағын
жинақты мектептердің оқушылары мен педагогтері үшін
әдістемелік
сүйемелдеу, менторлық, коллаборация, әлеуметтендіру және басқа да
жұмыстар
жоспарлануда.
«Тірек мектеп – магниттік мектептер» кешені» жобасы 2022-2023 оқу
жылында эксперимент ретінде 5 өңірде: Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Шығыс
Қазақстан, Қостанай, Атырау облыстарында енгізіледі.
ІІ. «Виртуалды мектептер арқылы сапалы білімге қол жеткізу» пилоттық
жобасы
Пилоттық жобаның мақсаты: ауылдық
жерлерде орналасқан шағын
жинақты мектептердің білім алушыларын сапалы біліммен қамтамасыз ету және
педагог кадрлар тапшылығының орнын толықтыру.
Қашықтан оқыту «Ағылшын тілі» (5-11-сынып), «Математика» (5-6-
сынып), «Алгебра» және «Геометрия» (7-11-сыныптар), «Алгебра және анализ
бастамалары» пәндері бойынша ұйымдастырылады.
Виртуалды педагогтердің өңірлік орталықтары 5 қалада:
Нұр-Сұлтан,
Алматы, Шымкент, Қарағанды, Ақтөбе қалаларында орналастырылады.
Өңірлік орталықтар қашықтан оқыту педагогтерінің жұмысы үшін қажетті
материалдық-техникалық құралдармен жарақтандырылады.
2022-2023 оқу жылында пилоттық жоба 6 өңірде енгізіледі. Бұл өңірлерде
3 өңірлік қашықтан оқыту орталығы ашылады.
Достарыңызбен бөлісу: