37
Салтанатты іс-шараның мақсаты:
жаңа оқу жылының басталуы
қарсаңында білім алушылардың бойында жағымды көңіл-күй, оң көзқарас
қалыптастыру.
Міндеттері:
- қатысушыларды өткен оқу жылының жетістіктерінен хабардар ету;
- білім алушылардың бойында оқуға құштарлық
пен білім алуға деген
ұмтылысын қалыптастыру;
- білім алушылардың бойына отаншылдық,
құрмет және азаматтық сана
құндылықтарын дарыту;
- өзара құрмет пен түсіністікке негізделген мектеп мәдениетін
қалыптастыру.
Салтанатты жиынға келесі өкілдердің қатысуы ұсынылады:
- аудан/қала/облыс
әкімдері;
- бөлімдердің/білім басқармаларының басшылары;
- қамқоршылық кеңесінің мүшесі;
- 1-сынып оқушысының ата-анасы/заңды өкілі.
Бірінші сынып оқушыларының ата-аналарының/заңды өкілдерінің бірінің
іс-шараларға қатысуының маңыздылығына назар аударамыз.
Достарыңызбен бөлісу: