42
✓
Білім алушыларды тәрбиелеуге құндылықтық-бағытталған тәсілді іске асыру
бағдарламасының материалдары Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім
академиясының сайтында орналастырылған. (https://uba.edu.kz/qaz)
Қазіргі уақытта «Ұшқыр ой алаңы»
дебаттық қозғалысы, мектеп
парламенті, «Жас Ұлан», «Жас Қыран», «Жас Сарбаз» балалар қоғамдастығы
оқудан тыс қызметті ұйымдастырудың табысты нысандары болып табылады.
✓
Оқушылардың
мектептегі
өзін-өзі
басқаруы
білім
беру
процесін
демократияландыруға ықпал етеді және білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысының
ажырамас бөлігі болуы керек.
✓
Дебаттың мақсаты-зияткерлік рөлдік ойын, білім беру технологиясы, ол бар
білімді қолдана білуді қалыптастырады, функционалдық сауаттылықты дамытады
және болашақта өзін-өзі сәтті жүзеге асырудың кепілі болады.
✓
2022 жылғы 1 қыркүйектен бастап білім беру ұйымдары пікірсайыс клубтары
мен мектептің өзін-өзі басқару клубтарын ашуы, оның ішінде мектептің аудандық,
қалалық, облыстық деңгейлерінде пікірсайыс қозғалысының мектеп лигасын іске қосуы
қажет.
✓
Білім беру ұйымдарында «Мектеп парламент» білім алушылардың өзін-өзі
басқару органдарын дамыту тұжырымдамасы https://www.ziyatker.org/schoolparliament
сайтында орналастырылған.
Сыныптан тыс іс-шараларды ұйымдастырудың құрамдас бөлігі жалпы
мектептік іс-шаралар болып табылады. Жалпы
мектептік іс-шаралардың
идеялық-құндылық мазмұны білім алушылардың қажеттіліктеріне, мектептің
ерекшеліктеріне, сондай-ақ мемлекеттік саясат қағидаттарына бағдарланады.
Жалпы мектептік іс-шараларды өткізу кезінде
мемлекеттік рәміздерге
құрметпен қарауды насихаттау маңызды.
Жалпы мектептік іс-шараларға мыналар кіреді:
- ұлттық және мемлекеттік мерекелерге байланысты іс-шаралар;
- еліміздегі атаулы күндер мен маңызды оқиғаларға арналған іс-шаралар;
- оқу жылының басталуына, аяқталуына арналған салтанатты іс-шаралар;
- олимпиадалардағы, спорттық және
шығармашылық конкурстар мен
жарыстардағы жетістіктері үшін білім алушылар мен педагогтерді марапаттау
рәсімдері;
- оқушылар мен педагогтардың бастамасы бойынша ұйымдастырылған
флешмоб акциясы;
- мектептегі әлеуметтік және қайырымдылық жобаларға арналған іс-
шаралар;
- отбасылармен және мектеп серіктестерімен бірлесіп өткізілетін іс-
шаралар;
- білім алушылар мен педагогтердің қатысуымен көшпелі іс-шаралар.
43
Жалпы мектептік салтанатты іс-шараларды өткізуге қойылатын талаптар:
- іс-шараларды өткізу кезінде шарларды,
көгершіндерді аспанға
ұшырмау;
- барлық жалпы мектептік іс-шаралар түрлі компанияларды тартпай
мектеп тарапынан тегін өткізіледі;
- патриоттық тәрбиеге, мемлекеттік рәміздерге деген құрметке ерекше
көңіл бөлінеді.
✓
Ұлттық мерекелер, мемлекеттік мерекелер, кәсіби және өзге де мерекелер
«Қазақстан Республикасының мерекелері туралы» Қазақстан Республикасының 2001
жылғы 13 желтоқсандағы N 267 Заңымен реттеледі.
Сабақтан тыс іс-шараларды ұйымдастырудың бір түрі-мектеп театрлары.
Мектептегі театр үйірмелері білім алушылардың шығармашылық әлеуетін
ашуға және эстетикалық талғамға ықпал етеді. Әр түрлі спектакльдерді
дайындауға және қоюға қатыса отырып, білім алушылар әдеби шығармаларды
тереңірек зерттеуге, костюмдер жасауда шығармашылық танытуға, сондай-ақ
эмпатия, ынтымақтастық, эмоционалды
интеллект сияқты әлеуметтік-
эмоционалды дағдыларды дамытуға мүмкіндік беріледі. Сондықтан білім беру
ұйымдарына жетекшілік ету үшін мүдделі білім алушыларды, тілдік пәндердің
педагогтерін, жергілікті театр әртістерін қатыстыра отырып, мектеп театр
үйірмелерін құру мүмкіндігін қарастыру ұсынылады.
Сонымен қатар, қазіргі заманғы мектеп тәрбие процесінде сабақтан тыс
қызметті ұйымдастырудың инновациялық әдістерін, формаларын, модельдерін
іздеуді жүзеге асырады, олар:
− қайырымдылық әлеуметтік жобалар;
− елдің мәдени көрікті жерлеріне экскурсиялар;
− Ted форматындағы кездесулер;
− кәсіби бағдар беру мақсатында шақырылған қонақтармен кездесулер;
− стартап-жобаларды қорғау;
− мектеп подкастын жүргізу;
−
мектеп газетін ұйымдастыру;
− мектеп серіктестерімен желілік байланыс.
Мысалы, білім алушыларды «Қоғамға қызмет» әлеуметтік волонтерлік
жобасына, «Мектепке жол», «Biz birgemiz» акцияларын жүзеге асыруға кеңінен
тартуға болады.
✓
Орта білім беру ұйымдарында волонтерлік қозғалысты ұйымдастыру туралы
толығырақ ақпарат «Білім беру саласындағы волонтерлік пен қайырымдылық және