59
Зердесі зақымдалған балалар
Зердесі жеңіл формада зақымдалғанда
физикалық жағдайда қандай да бір
өзгерістер байқалмауы мүмкін. Зақымның
анық көрінуі, әсіресе, хромосомаларға
байланысты
туа
біткен
ауруларда
(мысалы, Даун ауруы,
зат алмасудың
бұзылуына байланысты олигофренияның
тұқым қуалайтын формалары) байқалады.
Зердесі зақымдалған балаларды оқыту
мен тәрбиелеудің негізгі мақсаты –
әлеуметтік бейімделуі және кәсіби
еңбекке дайын болуы.
Зердесі зақымдалған білім алушыны қарапайым
сыныпқа қосу үшін мектептің педагогикалық
кеңесі мұндай білім алушы үшін жеке оқу
жоспары
мен жеке оқу бағдарламасын
әзірлейді, олар зердесі зақымдалған (жеңіл
немесе ауыр) білім алушылар үшін Үлгілік оқу
жоспарлары мен бағдарламалары негізінде
құрылады.
Оқу тапсырмаларының көлемі мен күрделілігін
білім алушының жұмысқа қабілеттігі мен зияты
мүмкіндіктерін ескере келе мөлшерлеу керек;
оқу материалын түсіну үшін қажет жағдай
жасайтын
пәндік-практикалық
қызметті
пайдалану қажет.
Зердесі орташа зақымдалған білім алушы үшін
қызметінің негізгі түрлері келесідей болуы
керек: жанды және жансыз табиғатты және
әлеуметтік
өмір құбылыстарын бақылау;
пәндік-практикалық қызмет; ойын іс-әрекеттері
және ойын қызметі; білім алушылардың
шығармашылық-еңбек қызметі, әлеуметтік-
тұрмыстық қызмет; білім алушылармен және
жақын аймақтағы ересек адамдармен қарым-
қатынас.
Достарыңызбен бөлісу: