62
тұрады. Сонымен қатар психологиялық-педагогикалық қолдау қызметі
құрамына педагог-ассистент кіруі мүмкін. Сәйкесінше
оқытуда жеке тәсілді
қамтамасыз ету, нақты баланың ерекшеліктерін ескеру ұжымдық жұмысты,
педагогтер мен мамандардың тығыз өзара байланысын қажет етеді. Аталған
қызмет педагогтер және ата-аналарды жеке білім беру бағытын іске асыруға
тарту, балалардың одан әрі ілгерілеуі мен олардың табысты әлеуметтенуі туралы
күтілетін нәтижелерді зерделеу мақсатында ұйымдастырылады.
Қазіргі уақытта елімізде нормативтік құқықтық актілермен ерекше білім
беруді қажет ететін білім алушыларды кешенді психологиялық-педагогикалық
қолдаумен қамтамасыз ету қажеттілігі бекітілген.
Педагогтердің назарын Қазақстан Республикасының Білім және ғылым
министрімен 2022 жылдың қаңтар айында бекітілген бұйрықтарына аударамыз:
1) «Ерекше білім беру қажеттіліктерін бағалау қағидаларын бекіту
туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2022 жылғы 12
қаңтардағы № 4 бұйрығы;
2) «Білім беру ұйымдарында психологиялық-педагогикалық
қолдап
отыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым
министрінің 2022 жылғы 12 қаңтардағы № 6 бұйрығы.
«Ерекше білім беру қажеттіліктерін бағалау қағидаларын бекіту туралы»
бұйрықта оқу қиындықтарының себептеріне байланысты арнайы білім беру
қажеттіліктерін бағалау тәртібі анықталды. Оқу қиындықтарының себептеріне
байланысты балалар топтарының сипаттамалары және білім беру
қажеттіліктерінің түрлері берілген.
«Білім беру ұйымдарында психологиялық-педагогикалық қолдап отыру
қағидаларын бекіту туралы» бұйрықта білім беру ұйымдарында психологиялық-
педагогикалық қолдау тәртібі, мазмұны, шарттары бекітілді.
Білім беру
ұйымдарында білім алушыларды психологиялық-педагогикалық қолдауды
жүзеге асыру кезеңдерінің сипаттамасы, осы процеске қатысушылардың
құрамы, олардың функциялары берілген. Қағидаларда психологиялық-
педагогикалық қолдау процесін бақылауды нормативтік құқықтық актілер, білім
беру процесіне қатысушылардың лауазымдық міндеттері негізінде білім беру
ұйымының әкімшілігі жүзеге асыратыны көрсетілген.
Сонымен қатар ҚР «Білім туралы» заңының 45-бабының 3-тармағының 4-1
тармақшасының толықтырылғанын атап өту қажет. Оған сәйкес «Білім беру
ұйымының басшысы Қазақстан Республикасының
заңдарында белгіленген
тәртіппен білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларын
бұзғаны немесе білім алу үшін арнаулы жағдайлар жасамағаны үшін
жауаптылықта болады...».
Қазақстандық педагогтер ерекше білім беруді қажет ететін білім алушы –
психофизикалық дамуы бұзушылықтары
ғана емес, оқытуда қандай да бір
қиындықтары бар кез келген білім алушы екендіктерін түсінулері қажет.
Ол үшін әрбір мектепте психологиялық-педагогикалық қолдаудың тұрақты
қызмет істеуі тиіс, оның міндетіне мамандардың балалармен дамытушылық
жұмысы ғана емес, педагогтер, мамандар және ата-аналардың тұрақты
серіктестігі жатады.
63
Ерекше білім беруді қажет ететін білім алушыларға кәсіптік бағдар беру
олардың денсаулығын, психофизиологиялық мүмкіндіктерін, психикалық
ерекшеліктерін, қабілеттері мен қызығушылықтарын ескерумен кәсіби оқытуға
қабілеттерін анықтау, кәсіптік өзін-өзі анықтауда
көмектесу мақсатында
жүргізілуі керек.
Осыған байланысты, ерекше білім беруді қажет ететін білім алушыларды
кәсіби бағдарлау осы процеске әртүрлі мамандар мен ата-аналарды тарта
отырып, кешенді түрде жүзеге асырылуы керек, ерекше білім беруді қажет ететін
білім алушының мүмкіндіктеріне мамандық таңдайтын тұлғаның типологиялық
ерекшеліктерін анықтауға арналған әдістемелік құралдарды бейімдеу, кәсіптік
бағдар берудің бүкіл кезеңінде ерекше білім беруді қажет ететін білім
алушылардың кәсіби жоспарларын олардың мүмкіндіктеріне сәйкес түзету
қажет.
Инклюзивті ортада ерекше білім беруді қажет ететін білім алушылар өзін-
өзі бағалауды және өз қабілеттеріне деген сенімділікті арттырады, олар саналы
түрде дайындық бағытын таңдай алады, бұл болашақта оларды қызықтыратын
кәсіп бойынша жұмысқа орналасуға көмектеседі.
*Білім беру ұйымдарында ерекше білім беруді қажет ететін балаларға кәсіптік бағдар
беру бойынша толыққанды ақпаратпен Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім
академиясымен әзірленген әдістемелік ұсынымдардан таныса аласыз: https://uba.edu.kz/.
Достарыңызбен бөлісу: