60
- ересек адамның айтқанына мүлдем
күлмей жауап беру;
- балалармен байланысқа түспеу:
басқа
балаларды елемеу, байқамау, достастуға
не қарым-қатынасқа түсуге тырыспау;
- қоғамда өзін-өзі ұстау нормалары мен
ережелерін түсінбеу.
Мінез-құлық ерекшеліктері:
- стереотипті (қайталатын) қозғалыстарды
жасай береді: саусақпен түрте береді,
қолын сілкілей береді, тербеле береді
және т.б.;
- кейбір дыбыстық тітіркендіргіштерге
шектен тыс сезімтал келеді, ал кейбірін
мүлдем елемейді;
- қандай да бір заттарға шектен тыс назар
аударады;
- көп нәрседен қорқуы мүмкін: қандай да
бір
тұрмыстық шуылдардан, газеттің
сыбдырынан, масаның ызыңынан қорқуы
мүмкін. Денеге жанасқанға аса сезімтал
болуы мүмкін, бірақ шынайы қауіптен
қорықпауы мүмкін және т.б.
балалардың тамақты қай жерде ішетіндігін
және т.б. көрсеткен маңызды;
Баланың
сыныптағы
жеке
орындарын
белгілеуде (кішкене шкаф, парта) көрнекі
маркерлерді пайдалануға болады: белгілі бір
суретті салуға болады немесе бала оқи алатын
болса – оның есімін жазуға болады.
Педагогтер сыныптың білім алушылары мен
олардың ата-аналарына
аутизмі бар баланың
өзін құрдастарымен салыстырғанда неге
ерекше ұстайтындығын түсіндіруі тиіс.
Қоршаған адамдардың әртүрлілігіне құрметпен
қарауды дағдыландыру қажет.
*Инклюзивті білім беру ортасында педагог стратегиялары жөнінде толыққанды
ақпаратпен
http://engime.org/ob-osobennostyah-organizacii-obrazovatelenogo-processa-v-
obshe-v4.html?page=189 сайтынан және Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім
академиясымен әзірленген әдістемелік ұсынымдардан таныса аласыз: https://uba.edu.kz/.
Арнайы және инклюзивті білім беруді дамытудың Ұлттық ғылыми-практикалық
орталығы" РММ https:// special-edu.kz/
Оқу бағдарламаларын жүзеге асыру бойынша әмбебап дизайн қағидаттарын
сақтау маңызды. Себебі бұл педагогке қабілеттеріне, жасына, жынысына, мәдени
немесе тілдік ерекшеліктеріне қарамастан барлық білім алушылар үшін оқу
процесін ұйымдастыруға көмектеседі. Әмбебап дизайн әртүрлі қажеттіліктері
бар балаларды оқыту және қамту үшін қажетті стратегиялар, материалдар,
бағалар және құралдарды әзірлеу жоспарын қамтиды.
Осылайша, мектептің білім беру ортасы барлық білім алушылардың
қажеттіліктерін
қанағаттандыруы тиіс, бұл ретте инклюзивті білім беруді іске
асырудағы қажетті элемент білім беру сапасы болып табылады және білім алу
құқығы әрбір баланың ерте жастан ересек өмірге дейінгі білім беру процесінде
табысқа жетуін қамтамасыз ету ретінде қарастырылады.
*Оқытуды саралау және дараландыру мәселелері бойынша толыққанды ұсынымдармен Ы.
Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясымен әзірленген әдістемелік
ұсынымдардан таныса аласыз: https://uba.edu.kz/. және "Арнайы және инклюзивті білім
беруді дамытудың ұлттық ғылыми-практикалық орталығы " РММ сайтында https://
special-edu.kz/
61
Бағалау жүйесі инклюзия жағдайында білім беру процесінің сапасын
анықтауға, оқытудың стратегиясы мен тактикасы бойынша түбегейлі шешімдер
қабылдауға, білім берудің мазмұнын да, күтілетін нәтижелерді бағалау
нысандарын да жетілдіруге мүмкіндік беретін оқу жетістіктерін өлшеу мен
проблемаларын диагностикалаудың негізгі құралы болып табылады. Білім беру
жетістіктерін бағалау кезінде оқу барысында алынған нәтижелер мен
жоспарланған мақсаттардың арақатынасы маңызды екенін ескеру қажет.
Инклюзивті ортадағы оқу жетістіктерін бағалау кезінде білім алушылардың
психикасына
барынша ұқыпты қарау керек, баланың көңіліне тиюі мүмкін
жағдайлардан аулақ болу керек, ерекше білім беруді қажет ететін балалар
дамуының психофизиологиялық ерекшеліктерін ескеру қажет.
«Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру
ұйымдары үшін білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылауды, оларды
аралық және қорытынды аттестаттауды өткізудің үлгілік қағидаларын бекіту
туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18
наурыздағы № 125 бұйрығына сәйкес
ерекше білім беруді қажет ететін білім
алушыларды бағалау кезінде мұғалім сараланған және/немесе жеке
тапсырмаларды қолданады, сондай-ақ білім алушының ерекшеліктерін есепке
ала отырып, оның ішінде жеке оқу бағдарламаларын іске асыру кезінде бағалау
критерийлеріне өзгерістер енгізеді.
*
Ерекше білім беруді қажет ететін балаларды бағалау бойынша толыққанды ақпаратпен
https://adilet.zan.kz/rus/docs/V080005191_
сілтемесі
бойынша,
сондай-ақ
Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясымен әзірленген әдістемелік
ұсынымдардан таныса аласыз: https://uba.edu.kz/.
Достарыңызбен бөлісу: