Свод правил республики казахстан



Pdf көрінісі
бет62/293
Дата06.09.2023
өлшемі3.26 Mb.
#476720
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   293
СП РК 5.03-107-2013 Несущие и ограждающие конструкций

ҚР ЕЖ 5.03-107-2013 
 
58 
4.4.12.1.3 
Монолитті 
аражабындардың 
бетондалуы 
конструкциялардың 
орнатылуынан және жобада бекітілуінен 5 ярустан (10 қабат) артық емес ярусқа кейін 
жүргізілуі мүмкін. Бұл жағдайда монтаждалған конструкциялардың беріктігі мен 
тұрақтылығы қамтамасыз етілуге тиіс.
4.4.12.2 
Монтаждау 
процессінде 
негізгі 
конструктивті элементтердің 
орнықтылығын қамтамасыз ету   
 
4.4.12.2.1 Ғимараттар мен кұрылыстардың монтаждалатын конструкциялары 
тұрақты және геометриясы бір қалыпты болу үшін конструктивті элементтер мен 
блоктардың орнатылу реттілігін сақтау қажет. Ол үшін ғимараттар жоспары мен биіктігі 
жекелеген тұрақты секцияларға (аралықтарға, қабаттарға, ярустарға, температуралық 
жіктер арасындағы қаңқа бөліктеріне) бөлінеді, олардың монтаждалу реттілігі бір 
секцияда монтаждалған конструкциялардың орнықтылығы мен бір қалыптылығын 
қамтамасыз етеді.  
4.4.12.2.2 Бір қабатты конструктивті ғимараттарда конструктивті элементтер келесі 
ретпен орнатылады:  
- секциядағы ұстындарды байланыстық тақтадан бастап монтаждайды. Егер қандай 
да бір шарттар бойынша бұл талапты орындау мүмкін емес болса, онда алғашқы 
орнатылған ұстындар қатарынан, кранасты арқалықтан немесе кергіштен және олардың 
арасындағы кранасты арқалық (кергіш) деңгейінен төмен орнатылатын уақытша тік 
байланыстардан уақытша байланыстық тақта жасау қажет;
- аражабындар конструкцияларын байланыстық тақтадан бастап монтаждау керек, ал 
егер бұл мүмкін емес болса, көршілес фермалардың арасына көлденең және тік 
байланыстар орнату керек. Келесі орнатылған ферманы байланыстық тақтаға кергішпен 
ажырату керек.
4.4.12.2.3 Көп қабатты ғимараттар конструкцияларын монтаждау кезінде 
ұстындарды секциядағы осьтің бойымен монтаждау кезінде жасалған жақтаудың 
көлденең бағыттағы орнықтылығын қамтамасыз ететін беларқаларды монтаждап алу 
қажет.
Егер ғимараттың бойлық бағыттағы орнықтылығын қабырға конструкциялары 
қамтамасыз етіп отырса (бұл туралы жұмыс құжаттамасында көрсетілу керек), онда олар 
қаңқамен және аражабындармен бір уақытта салыну керек.
4.4.12.2.4 Барлық жағдайларда ғимараттарды салу кезіндегі міндетті шарт 
секциядағы монтаждалған болат конструкциялардың көршілес секциялардағы 
конструкциялардың монтаждалу жағдайына қарамастан келесі жұмыстар (жалпы 
құрылыстық, электр және механикалық-монтаждық және т.б.) өндірісіне толық 
дайындығы болып табылады


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   293




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет