Свод правил республики казахстан



Pdf көрінісі
бет64/293
Дата06.09.2023
өлшемі3.26 Mb.
#476720
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   293
СП РК 5.03-107-2013 Несущие и ограждающие конструкций

 


ҚР ЕЖ 5.03-107-2013 
 
60 
4.4.12.4 Құрылымдық жабындар конструкцияларын монтаждау
 
4.4.12.4.1 Даярлаушы-зауыт конструкциялар құрылымын паспорт пен монтаждық 
схемалар қоса тіркелген жиынтықты буып-түйілген жекелеген элементтермен жеткізеді.  
4.4.12.4.2 Көтеру орнына немесе салынатын объектіге жақын жердегі уақытша 
тіректерге жабын блоктарының ірілендірілген құрастырмасы жүргізіледі. Уақытша 
тірекетрді орнатудың шеткі ауытқулары 17-кестенің 1 поз. сәйкес болуы тиіс. Әрбір 
жинақталған блокқа геодезиялық атқару сызбасы құрастырылады.  
4.4.12.4.3 Блоктарды ірілендірілетін жинақтау кезінде элементтердің монтаждау 
сызбасына сәйкес орнатылуы қатаң бақылану керек, себебі жобадан тіпті үлкенірек 
қиманың элементке ауыстырылуы ғимаратты пайдалану кезінде апаттық жағдайға әкеліп 
соғуы мүмкін.  
4.4.12.4.4 Блоктарды көтерер алдында тірек конструкциялары орнатылғаннан кейін 
олар жоба бойынша теңестіріледі және бекітіледі.  
4.4.12.4.5 Блоктарды монтаждау механизмдерінің көмегімен жобаға сәйкес күйге 
көтерген жағдайда оның көлденең күйде болуын, блоктың қисайып кетпеуін қамтамасыз 
ету керек.  
4.4.12.4.6 
Құрылымдық конструкциялардың нақты өлшемдерінің жобалық 
өлшемдерден шекті ауытқулары 17-кестеде келтірілген ауытқулардан артық болмауы тиіс.  
17-кесте – Құрылымдық конструкциялардың нақты өлшемдерінің жобалық 
өлшемдерден шекті ауытқулары
Параметрі 
Шекті 
ауытқулары, 
± мм 
Бақылау (әдісі, көлемі, тіркеу түрі)
1 Блоктардың тірек беттері белгілерінің 
жобалық белгілерден ауытқулары, мм
10 
Өлшеу, әрбір тірек, геодезиялық 
атқару сызбасы
2 Блоктың ені бойынша ар қашықтық, мм 

Өлшеу, әрбір блок, жұмыс журналы
3 Блоктың ұзындығы бойынша ара 
қашықтық, мм 

Жоғарыдағыдай 

Блоктың диагоналі бойынша ара 
қашықтық, мм
10 
Жоғарыдағыдай 
4.4.12.4.7 Жабын төсемесін блок элементтері тіректерде толығымен жобаға сәйкес 
бекітілгеннен кейін төсейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   293




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет