М. С. Атабаева PhD доктор, профессор



Pdf көрінісі
бет72/89
Дата07.09.2023
өлшемі2.57 Mb.
#476850
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   89
Бисенбаева

Қымыз мұрын – биені байлағанда бірінші рет ішілетін қымыз (ҚТАС, 
454). Жамбыл облысының Мойынқұм, Шу, Мерке аудандарында кездеседі 
(Қымыз мұрынға чақырмадың деп өкпелеп жүр (Жамб., Мер.). Қымыз 
тұрыптың да білдіретін мағынасы осы, тек бұл нұсқасы Ресейдегі Омбы облысы 
қазақтары тілінде ұшырасады [151,177-178-бб.] 
Қазақтың дәстүрлі мәдениетінде бие байлап, қымызмұрындыққа шақыру 
тоймен тең, себебі ол – көшпелі қазаққа сарылған алты ай қыстан аман шығып, 
жаңарған жер-дүниемен, ауыл-аймақ, ел-жұртымен қауышу сәтінің, арқасын 
кеңге салып мейірлену сәтінің көрінісі, өмір жалғастығының шындығы, өмірдің 
ырғағы. Қытайдағы қазақтар тілінде қымызмұрындық «биебау» аталады. 
Осыны қызықтауға бір ауыл екіншісін «биебауға шақырыпты» (Қытай қазақт.) 
десіп, «барын киіп, бақанын таянып» (ҚХР) ерекше шаттық күй кешеді, 
сағынып көрісіп, барыс-келістерін жалғастырады [32,208-209-бб.]. Биебау 
дәстүрінде «желі басына жұрт жиналып, бие желініне, сауырына, құлын 
кекіліне, қазық басына, желіге май жағып «құтты бол», «сүтті бол», «өсімтал 
бол» деген тілек, бата жасайды [151,75-б.].
Қазақтың дәстүрлі мәдениетінің осындай салт, жоралары Атамекеннен шет 
жүрген қазақ диаспорасы арасында ұзақ сақталғаны байқалады. Бұл белгілі 
жазушы Қабдеш Жұмаділовтің «Соңғы көш» романында төмендегіше 
суреттеледі: 
...Алдыңғы күні Қанағат үйі мал сойып, көршілері ауылдың шетіндегі 
желіге шашу шашып, бие байлаған. «Биебауға» бөтен ешкімді шақырмай, 
өздері қызықтады. Саны аздау болғанымен, шетінен сүтті, мама биелер 
кешеден бері Қанағат үйінің үлкен қара сабасын еміздіктетіп, алқындырып 
тастаған. Бұрынғы аталардан мұраға қалған күміс сапты піспек, шытыралы 
қоңыр тегене, әбден қымызсіңді болып, мейіздей қатқан бүйрек ожау теңнен 
алынып, қайтадан іске қосылды. Кеше күні бойы күрпілдетіп пісілген қара саба 


134 
айналасына қымыз иісін аңқытып, ауылдың еркек-әйелі мерекені күткендей 
бүгін айрықша көңілді еді. ... 
Естайлар келгенде, ауылдың үлкен-кіші, бала-шағасы тегіс Қанағат үйінде 
жиналып отыр еді. Алдарында үлкен тегене қымыз, бәрінің жүзінде қуаныш 
нұры ойнайды. Естай мен Жолбарысты сыйлап, төрден орын берісті. Қанағат 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   89




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет