М. С. Атабаева PhD доктор, профессор


б)тілек, жол мәнді этномәдени бірліктер



Pdf көрінісі
бет71/89
Дата07.09.2023
өлшемі2.57 Mb.
#476850
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   89
Бисенбаева

б)тілек, жол мәнді этномәдени бірліктер. Соғым союдың қазақ 
этносы үшін мәні үлкен, ол қыстық азық қана емес, қарым – қатынас, туған-
туыс, құда-жегжатпен араласуды аңсай күтетін сәт. Соғымынан дәм татыру 
рәсімі Солтүстік сөйленістерінде – омыртқа, омыртқаға шақыру аталса, Алматы 
облысында оны соғым басы дейді. Сондықтан соғымды жиналып, бата жасап, 
«бала – шағаның бойына сіңіріп, майдай жағып, аман-саулық, тыныштықпен, 
қуанышпен жегіз» деген тілекпен сояды. Мал союшыға қолы жұғымды, 
тілектес болсын деген ниетпен қол үздік (Алм., Шел.), аян омыртқа (Шу) бел 
тамыр (Көкш.) береді; аяқ-шанақ – ішек-қарын аршысқан әйелдердің үлесі 
(Жезқ) . Соғымнан дәм татыру рәсімі «келесі» соғым басына, омыртқаға ел 
аман, жұрт тыныш, аман-есен жетейік деген терең коннотацияны сездіреді 
[89,263-264-бб.].
Қырман қандау – түсім мол болсын деген тілекпен мал сою (Шымк. 
Бөг.). Қырман тасу – егін мол болсын деген тілек (қырман тасысын!). Десте 
беру – егін орып жатқандарға берілетін сый (Жез.). Бүйрек, кеусен – қырман 
қызылдағанда келушілерге беріледі. Бұрын қырманның басында кеусен 
сұрашылар көп болушы еді (Қ,-орда, Жол.). Қырғыз тілінде – кепсен (Юдахин, 
375), өзбек, ұйғыр тілдерінде де бар Н.Оңдасынов кәпсән парсы тілінен енген 
сөз деп, «дәндей төленетін ақы; кемтарларға қырман үстінде берілетін садақа; 
базарда сатылған астықтан алынатын алым» сияқты мағыналарын келтірген 
(Оңдасынов, ПҚТС,170). Қазақ сөйленістерінде бұлардың «үлес» мағынасы 
енген, сөйленістік мағынада бастапқы сема байқалады, өзінде бар, зәрулік 
көрмеген адам сұрамайды. Бүйрек, кеусенде қайырымдылық көрсету мәні бар, 
ол ізгі ниеттен туады, садақа ұғымынан жоғары. Бұрын баласы жоқ кемпір 
шалдар бір-екі қап бүйрек алатын (Орал, Чап) [89,263-264-бб.].
Атыңыз жүйрік болсын – өрмек тоқушыға айтылатын «іске сәт» мәнді 
тілек (Шу.).
 в) діни таным – сенім ұғымындағы этнодиалектизмдер. Әруақты еске 
түсіру мақсатында нан пісіру иіс нан / иіс қылу, жеті нан, шелпек салу 
атауларымен берілді. Ала мойын құба үйрек – діни ұғымда береке дарығанға 
көрінетін қасиетті елес мағынасында қолданылады, осы бейне көрінген адам 
байып кетеді деген нанымнан туған (Арал.).
Дидар ғайып – адам бірімен-бірі қашан да жолығысады, көріседі, 
ұғымында. Дидар ғайып деген осы, шырағым, тағы да кездесіп отырмыз (Ташк. 
, Бост.) , бұл дүние дөңгелек, әлем шексіз идеясын қуаттайды.
Ашамай той – баланы ашамайға мінгізгенде жасалатын той (МХР). Бұл 
салт – қазақтың дәстүрлі мәдениетінің ерекше көрінісі. С.Кенжеахметовтың 
пайымдауынша, «ашамайға мінгізу» баланы еңбекке, адамгершілікке 
тәрбиелеудің әдістемелік жолы болып табылады. Салт бала алты-жеті жасқа 


133 
келгенде жасалады, жеке тай атап, «ашамай» аталатын ер жасатып, қамшы 
өргізіп, баланың азамат болғанын танытады [155,44-б.]. 
Қазақтың ежелгі салттың бірі – биебау/қымызмұрындық аталады, оның 
сөйленістерде – қымыз мұрын/ қымыз тұрып тәрізді дублеттік қатарлары 
бар.
Қымыз – қазақ халқының дәстүрлі сусыны. Қазақ мәдениеті де тілі тәрізді бүкіл 
қазақ қауымына ортақ, біртұтас, дегенмен ұлан-ғайыр қазақ жеріндегі 
тұрғындар тілінде аздаған аймақтық сипат көрініс береді. Қымыз атауының 
варианты сөйленістерде кездеспейді, айырмашылық қымызды қолдануға 
қатысты бірен-саран ұшырасады. Таулы Алтайдағы Қошағаш қазақтары тілінде 
қымыздау – қымыз ішу үдерісінің атауы «Қазір қымыздап алайық, сонан соң 
сыртқа шығамыз (Тау.,Қош.). Биені сауып, сүтін азық ретінде пайдалану 
бастапқыда күнкөріс қажеттілігі болса, дүниетаным кеңейген сайын бие сүтінің 
пайдалы қасиеттері де ашылады. Енді қымыздың сусын қызметі маңызды бола 
бастады, осыған орай, оның толып жатқан түрі мен қымызды пайдалану 
салттары да өмірге келеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   89




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет