М. С. Атабаева PhD доктор, профессор


 Аймақтық лексикадағы заттық мәдениет деректері



Pdf көрінісі
бет75/89
Дата07.09.2023
өлшемі2.57 Mb.
#476850
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   89
Бисенбаева

3.4 Аймақтық лексикадағы заттық мәдениет деректері 
3.4.1 Мекенжай атауларындағы ұлттық әлем бейнесінің қалыптасу 
жолы 
 Белгілі этнограф А.Сейдімбектің пайымдауынша, көшпелілер әлемінің 
бірегей өкілі – қазақтардың дамылсыз көшіп-қонуы, көшпелі өмір салтын 
қалыптастыруы, сөйтіп көшпелілер атануы – олардың бойындағы туа біткен 
қасиет емес, табиғи ортаға бейімделіп, тіршілік құрудың бұлтартпас қажеттілігі 
болатын. Сол қажеттілік өзіндік дара қасиеті бар көшпелі өмір салтты дүниеге 
әкелді. «Көшпелі өмір салт аясындағы ру-тайпалар күнделікті тұтынатын 
заттарынан бастап, тіршілік туралы ұғым-түсініктеріне дейін, моральдық-
этникалық қарым-қатынастарынан бастап, қоғамдық-әлеуметтік қалыптарына 
дейін көшпелі өмір ырғағымен үндес болмысын даралады. Далалықтардың 
көшпелі өмір салты табиғи-географиялық ортаға үйлескен, табиғатты 
жатсынбаған, табиғатты болмыс-тіршілігінің құрамдас бөлігі деп қараған». 
Мыңдаған жылдарға созылған биосферамен үндес өмір ырғағы табиғаттың 
өзіндей табиғи-мәдени ортаны дүниеге әкелген. Көшпелі өмір салтының ұзақ 
ғұмырында әр алуан ішкі-сыртқы әсер, бәсеке-бақастық сияқты нәубеттердің 
көшпелі өмір салтын да, кіндіктес этникалық құрылымды да өзгерте 
алмауының себебі көшпелі өмір салтының ұлы заңдылығы қалыптастырған 
тарихи-әлеуметтік қалпында деп есептеледі. «Бұл қалыптың ат байлар діңгегі 
этникалық сезім тұтастығына келіп саяды. Демек, рулардың ауыс-түйісі 
көшпелілердің әлеуметтік-экономикалық құрылымын нығайта түскен, 
этникалық тұтастығын орнықтырып отырған» [150,30-31-бб.]. Анығырақ 
айтқанда, бұл байтақ даланың шыншыл тарихи этникалық тұтастығын ғана 


136 
аңғартып қоймайды, сонымен қатар, үзілмеген рухани сабақтастықтың да 
болғанын да зерделетеді. Әлеуметтік-экономикалық өмір салты баянды, 
этникалық автохтондылығы сақталған ортада рухани сабақтастықтың 
болатыны аян. «Ең кереметі көшпелілер мәдениеті алдымен қоғамдық 
әлеуметтік өмірді реттеуге қызмет етті. Материалдық және рухани мәдениеттің 
қай түрі болсын тек қана қоғамдық әлеуметтік өмірдің сұранымына орай, 
белгілі бір ситуацияға байланысты дүниеге келіп отырды» [150,83-84-бб.]. 
Көшпелілер әлемінің осы тарихи ақиқат болмысын тануда арналы-арналы үш 
жағдайға ден қою қажет деп есептеледі: бірінші – әлеуметтік экономикалық 
негіз, екінші – әлеуметтік саяси құрылым, үшінші – рухани дәстүр [150,7-20-
бб.]. Осы үш негіз қазақ этносының этникалық сезім тұтастығын құрайды. 
Ұлттық мәдениет этникалық тұтастық бар жерде өсіп-өнеді, қалыптасады. 
Р.Г.Ахметьянов қоныстану, құрылыс, үй, үй салу – киім-кешек тәрізді 
этностың қоғамдық-әлеуметтік даму деңгейін танытатын, материалдық 
мәдениетінің айқын айғақты элементтері болып табылатынын айтады. 
«Наличие крепостей говорит о наличии небольших государств, наличие 
городов – о развитой государственности. По типу жилищ можно судить об 
общественном устройстве, о наличии или отсутствии социального расслоения и 
т.п., а также о типе хозяйства» [79,126-б]. 
Материалдық мәдениеттің де, рухани мәдениеттің де бастауы – адам 
баласының санасында «үй-баспана, үй-тұрақ» ұғымының пайда болуы мен 
адамның табиғаттың саналы перзенті екендігін сезінуінің жемісі. Үй адамдарды 
отағасы және отбасы мүшелері тәрізді әлеуметтік-отбасылық белгілеріне қарай 
біріктіретін мекен-жай, тұрақ, баспана [158,742-б]. Ал үйдің құрылысы, үй салу 
(үй тігу) тәсілдерінің жетілуі адамзат санасының жетілуінен, оның тұрмыстағы 
қажеттілігі мен өмірге деген талап-тілегінің өсу деңгейінен де хабар береді. 
Әлем халықтары үй құрылысы, киім пішімі, тігісі жағынан да бөлініп, 
ерекшеленіп жатады. «Үй-мекен» атауларын ежелгі үндіевропалықтардың 
әлеуметтік 
құрылымын 
танытатын 
бірліктер 
ретінде 
бағалайтын 
Т.В.Гамкрелидзе мен Вяч.Вс.Иванов еңбектерінде: «Наличие в «доме» очагов 
двух форм-круглых и четырехугольных, противопоставляемых друг другу как 
символы «Земли» и «Неба», позволяет предположить у древних 
индоевропейцев жилища двух основных форм – круглых и четырехугольных. 
Характерно, что оба этих типа жилищ встречаются в более широком ареале 
древнесредиземноморских культур Верхней Месопатамии и Южного Кавказа» 
[158,742-б],-дейді, сонымен қатар дөңгелек (шеңбер) құрылымындағы үйлердің 
оңтүстік Кавказ өңіріне көбірек тән екендігін атап көрсетеді. Аталған өңірде 
көне мәдениет қарым-қатынасының, көшпелі мәдениеттің озық үлгілерінің 
белгілері қалғаны анық. Л.Гумилев көшпелілер үшін әрі жылы, әрі көші-қонға 
қолайлы киіз үйге қарағанда, тас лашық пен балшық баспаналардың 
артықшылығын ешкім де дәлелдемегенін, табиғатпен тамырлас көшпелілер 
үшін мұндай үйлерде тұру бап талғаушылық емес қажеттілік болғанын, 
көшпелі тұрмысқа ең ыңғайлы баспана жиналмалы киіз үй екенін жазады [159, 
72-73-бб].


137 
Шын мәнінде, қажеттілік өмір тәжірибесінен пайда болады, тұрмыс-
тіршіліктің, табиғаттың қатал сынына төтеп бере жүріп көшпелілер 
дүниетанымы кеңейді. Бастапқыда қолайлы баспана болған Киіз үй қазақ 
этносының әлеуметтік-экономикалық құрылымының да, материалдық-рухани 
құндылығының да ошағына айналды. С.Мұқанов «Көшпенділерге ең алдымен 
қажеті – баспана, яғни тұрақ жай. Сондай қажеттіліктің бірі киіз үй болған» 
[149, 99-б.],-дейді. Көшпелілерге үйді жабуға (жамылтқыға) ең қолайлы 
материал киіз болған, өйткені негізгі шаруашылығы қой өсіру болғандықтан, 
қой жүні – қолжетімді де арзан материал. Кез келген құрылыс – әлем 
жаратылысын қайталайтын космогониялық акт, егер шындықтың негізделетін 
әлем ортасы болса, қазақтың киіз үйі – сол әлемнің моделі. Бұл адамның 
кеңістікті қабылдауы, оған деген көзқарасы сәулет өнерінен айқын танылады 
[160, 250-б.]. Көшпелілердің табиғатпен етене жақындығы оның үйінен, Киіз 
үйінен де көрінеді. Киіз үйдің мұндай ерекшелігі жайында Ш.Уәлиханов: 
«После утомительного и жаркого дня, полного труда, как особенно приятно в 
прохладный вечер лежать в юрте и, подняв вокруг юрты войлок для свободного 
течения ветра, отдыхать» [161, 22-б.],-деген. Этнограф ғалым М.Мұқановтың 
тұжырымдауынша, киіз үй халық жадындағы өз дәстүріне тарихына деген 
құрметі ғана емес, қазақтың киіз үйі көне мәдениет ескерткіші болумен қатар, 
алдыңғы ұрпақтардың өмір тәжірибесін, еңбексүйгіштігі мен талантын 
жинақтау арқылы қазіргі кезеңде де жайлы, жиналмалы баспана қызметін 
атқарып келеді. Бір сөзбен айтқанда, киіз үй – ұлттық бояу, нақышты 
танытатын белгі ғана емес [163,8-б.]. Киіз үй – дәстүрлі жиналмалы баспана-үй 
болумен бірге – ХХ ғасырдағы үлкен бетбұрыс, өзгерістердің де із-келбетін 
сақтаған айрықша материалдық және рухани мәдениет дерегі болып табылады
А.Сейдімбек «киіз үйді көшпелі өмірдің құрдасы, оның бейнелі көрінісі, 
символ» санайды. «Юрта – дом кочевника, еги микромир, постоянный спутник 
в его столь непостоянной жизни» Көшпелі өмір өзін табиғаттан, қоршаған 
ортадан бөлек санамаған. Көшпелілер өздерін сол қоршаған ортаның төл 
перзентінің бірі, туған табиғаттың бір пұшпағы сезінген [150,400-408-бб.]. Киіз 
үй жыл мезгілінің райына қарай, қолайлы орынға тігіледі, сол мекеннің ауа 
райы, табиғатымен үйлесіп, өзектесіп жатады. Киіз үйдің ішіндегі адам өзін тас 
қорғанда қалғандай сезінбейді екен, өйткені киіз үй оның шағын әлемі, өз 
дүниесі. Г.Гачев: «Такое воздушное и легко снимаемое помещение, как юрта не 
создает у человека ощущение закрытости, ...-лучи мирового пространства, 
беспрепятственно проникая сквозь «стенки» юрты, всегда облучают человека: 
он кожей и нутром чувствует эту пронизанность» [162, 447-бб.],-деп 
сипаттайды. 
А.Сейдімбек киіз үйдің өнер туындысы, материалдық мәдениеттің керемет 
үлгісі ретінде этнографиялық тұрғыда зерттелуі, европалық мұражайлар 
экспонатына айналуы өткен ғасырларда басталғанын (ХҮІІІ ғ.) көрсетеді. Киіз 
үй құрылымы мен сыртқы көрінісіне қарай екі түрлі: қазақы киіз үй және 
қалмақы киіз үй. Қазақы киіз күмбез тәрізді биік те кең, ал қалмақы киіз үй 
конус тәрізді болып келеді. Қазақтың күнделікті тұрмысында және әр алуан 


138 
жағдаяттарға орай, киіз үйдің үш түрі қолданылған: күнделікті тұрмыстық 
(отбасы тұратын), қонақ үй немесе той-думан үйі және жорық үй [150, 410-б.]. 
Үйдің түрлерінің бұлайша бөлінуі тұрмыс-тіршілік жағдайына байланысты, ал 
оны түрлендіруге негіз болатын – үйдің құрылымы. Киіз үйдің «сүйегіне», ішкі 
құрылымына қатысты: шаңырақ, уық, кереге, есік, төр, босаға, оң жақ, сол жақ 
тәрізді – атаулардың бәрі де сакральді. Өйткені бұл атаулар – «үй» ұғымының 
сыртқы қаңқасы емес, оның ішкі мәні, ішкі формасы, Қазақ әлемінің әлеуметтік 
құрылымы. Осы ұғымдардың жиынтығы – «Үй» құндылығын құрайды. 
Қоғамның экономикалық дамуына орай, қай халықтың да тұрмысында «үйдің» 
сән-салтанаты, көлемі өзгеруі мүмкін, алайда оның сакральді мағынасы 
тұрақты. Киіз үйдің сакральді бөлігі – Шаңырақ ұрпақ жалғастығын білдіреді. 
Қазақ мәдениетіне, халық мұрасына, байланысты зерттеулерінде С.Мұқанов: 
«Киіз үйдің ең «қасиетті» саналатыны – шаңырағы. Ағайынды кісілер енші 
алысқанда, шаңырақ, яғни ата-ананың тұрған үйі кіші ұлына тиеді де, ол «үлкен 
үй» аталады. Ондай үйді өзге «отау» аталатын кіші үйлер ерекше қастерлеп, 
«аруақтың сыбағасы» деп, жазғы, қысқы дәмнің алдын татырады; жаңа түскен 
келіншектер қадірлі мүлкін сыйлайды. «Үлкен үй» – «Қара шаңырақ деген 
ұғымдар күні бүгінге дейін сақталып келеді» [149,103-б.],-дейді. Шаңырақ – 
қазақ халқы үшін киіз үйдің бөлшегі ғана емес, оның символдық мағынасы – 
отбасы, әулет. қазақ тіліндегі шаңырақ көтеру (отау тігіп, бөлек шығу, өз 
алдына үй болу), қара шаңырақ (атадан балаға (кенже ұлға) мирасқа 
қалдырылып келе жатқан үй, шаңырақ), шаңырағың биік болсын (үй 
болғанда, үй көтергенде, үй тіккенде айтылатын тілек) сияқты тұрақты 
тіркестер рудың (ата тектің), әулеттің өсіп-өнуін, көбеюін, жалғастық табуын 
[155,365-б.] білдіреді.
Шаңырақ атауы бастапқыда заттық мәдениетті таңбаласа, оның 
мазмұнындағы адамдық сипат заттың мәдени баға деңгейіне көтерілуіне, 
мәдени семантикаға ие болуына жеткізген. Қазақ үшін шаңырақ – баға жетпес 
құндылық, символ. ... Өзінің төрт қанат шатпасы болғанда ғой, әлдеқашан 
айнадай боп шыға келер еді. Екі қара ала, екі терулі алаша, күн жеп тастаған 
көне төсекқап пен күйе-күйе аяққап. Ық жаққа апарып төрт-бес сіліксең жетіп 
жатыр. Аузы қисайып кеткен атамзаманғы жүкаяқ, ұста қайнысы қалай-болса 
солай лекерлей салған абажадай әбдіре тек көшкен-қонғанда ғана қозғалады. 
Қара орманының сиқы сол. ... Әліге дейін көз алдында: үш бума уық, керосин 
құйған темір күбінің ар жағына, босаға жақ бұрышқа тығылды; көгі үзіліп 
сылдырап тұрған төрт кереге - бұл үйдің үзік-туырлығы, қызының үйінің 
тоқымдары мен жабулары, ыбырсып жатқан көп киіздің астына түсті; талайғы 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   89




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет