159
құптан намазын, күн шығуға жақын таң намазын оқымай,
намаздарды қаза қылуды
әдетке айналдырып алғандар туралы айтылған. Міне, сол әдетін тастамай, тәубе
жасамай дүниеден өткендерді Алла Тағала тозақтың
терең және азабы ауыр
шұңқырына лақтыруды алдын ала білдірген», – дейді.
«
Уа, иман келтіргендер! Мал-мүліктерің мен бала-шағаларың (жүректерің мен
ой-саналарыңды түгелдей жаулап) сендерге Алланы еске алуды ұмыттырмасын
(яғни Аллаға лайықты түрде құлшылық етулеріңе кедергі келтірмесін). Біліп
қойыңдар, кімде-кім солай істейтін болса, нағыз зиян шегетіндер –
солар».
421
Кейбір тәпсір ғалымдарының көзқарасы бойынша, аяттағы «Алланы еске ал»
деген сөз бес уақыт намазды білдіреді. Демек, сауда-саттық,
өнер-еңбек не бала-
шағамен әлек болып намазын оқымағандар зиянға ұшырайды. Сол себептен
Пайғамбарымыз (с.а.с.): «
Қиямет күні пенде бірінші болып намазынан сұралады. Егер
бұл сұрағы жақсы өтсе, игілікке жетеді. Егер онда кемшіліктері болса, зиян
тартады», – деп айтқан.
421
«Мунафиқун» сүресі, 9.
Алла Тағала: «
(Ақиретке тиісінше сенбей) ықылассыз намаз оқитындардың
Достарыңызбен бөлісу: