158
Басқа бір риуаятта былай деп айтылады: «
Өлтірілсең де, өртелсең де, Аллаға еш
нәрсені серік қоспа. Отбасыңнан, мал-мүлкіңнен айырылуды бұйырса да ата-анаңа
қарсы сөз айтып, қарсы шықпа. Парыз намазды әдейілеп қалдырып қойма. Өйткені
парыз намазды әдейілеп қалдырған кісіге Алла Тағала қорғауға алу кепілдігін
бермейді. Шарапты ішпе, өйткені оны ішу – барлық жамандықтардың басы. Күнә
жасаудан сақтан, өйткені күнәнің кесапатынан Алланың қаһары келеді. Адамдар
өлсе де соғыс майданынан қашпай орныңда тұр. Байлығыңнанотбасыңа жұмса және
отбасыңды тәрбиелеу үшін қамшың дайын тұрсын. Алланың бұйрықтарын орындау
үшін оларды қорқытып тұр».
Ибн Хиббанның риуаяты бойынша, Пайғамбарымыз (с.а.с.): «
Күн жабық болса, таң
намазын ерте оқыңдар. Өйткені намаз оқымағандар кәпір болады», – деп айтқан.
Табарани Пайғамбарымыз (с.а.с.) азат еткен Умаймадан риуаят еткені бойынша,
Умайма былай деген: «Алла Елшісінің (с.а.с.) басына су құйып беріп жатқан едім. Сол
сәтте бір кісі келіп: «Маған насихат айт», – деді. Пайғамбарымыз (с.а.с.): «
Парша-
парша болып майдалансаң да, отқа күйдірілсең де, Аллаға ешбір нәрсені серік қоспа.
Отбасыңнан, мал-мүлкіңнен айырылуды бұйырса да ата-анаңа қарсы сөз айтып,
қарсы шықпа. Шарап ішпе, өйткені шарап ішу – барлық жамандықтардың басы.
Парыз намазды әдейілеп қалдырыпқойма, өйткені әдейілеп парыз намазды
қалдырған кісіге Алла Тағаланың және оның Елшісінің кепілдігі болмайды», – деді.
Әбу Нағимнің айтуы бойынша, Пайғамбарымыз (с.а.с.): «
Еш себепсіз, әдейі намаз
оқымаған кісінің атын Алла Тағала тозақтың есігіне, тозаққа кіретіндердің
қатарына жазады», – деген.
Табарани және Байхақидің риуаятында Алла Елшісі (с.а.с.): «
Намаз оқымаған кісі
отбасының және мал-мүлкінің тарап кетуіне жол ашады», – деп айтқан.
Ахмад ибн Ханбал айтады: «Пайғамбарымыз (с.а.с.): «
Алла Тағала Исламда төрт
нәрсені парыз қылды. Кім олардың бәрін емес, үшеуін ғана орындаса, оған ешқандай
пайда бермейді. Олар намаз, зекет, рамазан оразасы, Байтулланы зиярат қылу», –
деп айтқан».
Асбаханидің айтуы бойынша, Пайғамбарымыз (с.а.с.): «
Алла Тағала себепсіз намаз
оқымай жүрген кісінің барлық жақсылықтарын өшіреді. Тәубе жасап, қайтадан
Аллаға қайтқанға шейін онымен ешбір байланысы болмайды», – деген. (Тағы осы
мағынадағы бірнеше хадис айтылған).
Пайғамбарымыздың (с.а.с.) уақытынан бері келіп кеткен барлық ғалымдардың ортақ
көзқарасы бойынша, намазды еш себепсіз оқымай қойған кісі кәпір болады.
Әйюб (рахматуллаһи аләйһи): «Намазды әдейілеп оқымай қою күпірлікке
жеткізетінінде талас жоқ», – деген.
Алла Тағала Құран Кәрімде былай дейді: «
Алайда кейіннен олардың орнын
Достарыңызбен бөлісу: