Намаздың ұлылығы Алла Тағала былай дейді: «Шүбәсіз, намаз мүміндерге белгілі уақыттарда (яғни әр намаз өз уақытында өтелсін деп) парыз етілді»
407
.
407
«Ниса» сүресі, 103.
Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Бес уақыт намаз пенделерге парыз қылынған. Мән беріп, ешбір нәрсесіне немқұрайды қарамай сол бес уақыт намаздың парызын орындаған кісіні пейішке кіргізуге Алла уәде қылған. Бес уақыт намаздың парыздарын орындамағандар мен Алланың ешқандай келісімі жоқ. Қаласа, оны азапқа салады, қаласа, кешіреді», – деген.
Әбу Һурайра (р.а.) баяндайды. Алла Елшісі (с.а.с.) сахабаларынан: «Кімде-кім күніне бес мәрте есігінің алдынан сарқырап ағып жатқан дарияға жуынса, денесінде кір қала ма?» – деп сұрады. Сахабалары: «Жоқ, ондай кісінің денесінде еш кір қалмайды»,
– деп жауап берді. Сонда Алла Елшісі (с.а.с.): «Бес уақыт намаз да осындай. Алла Тағала олармен күнәларды жуады»
408
,
– деді.
408
Бұхари, Мауақит 6; Мүслим, Масажид 283.
Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Пенде үлкен күнә жасамаса, оқыған намазы өткен-кеткен барлық күнәларын жуады», – деп айтқан.
Алла Тағала Құран Кәрімде: «Шынында, жақсылықтар жамандықтарды (яғни, кішігірім күнәларды) жояды»
409
деп айтқан.
409
«Һуд» сүресі, 11/114.
Бұхари мен Мүслимнің жинақтары бас болған хадис дереккөздерінде ибн Масғудтан
риуаят етілгені бойынша, бір күні Пайғамбарымызға (с.а.с.) жат әйелді сүйіп алған
155
біреу келіп, күнәсынан қайтіп арылатыны туралы сұрайды. Міне, сол сәтте «Күндіздің екі уақытында (бесін, екінті), сондай-ақ түннің күндізге таяу уақыттарында