Визаны рәсімдеуге қойылатын талаптар:
1. Кетіп бара жатқан тұлғаның өзінің қатысуы;
2. Жеке куәлігі және бас парағының көшірмесі;
3. Бір данада толтырылған сауалнама;
4. Балаларды қоса алғанда, кететін әр тұлғаның екі түсті фотосуреттері (3,5*
4,5 көлемінде және ашық бір түсті фонда);
5. Консулдық алым теңгемен қабылданады (35 еуро - қысқа мерзімдік виза,
99 еуро - ұзақ мерзімдік виза);
6. Жалақысы көрсетілген, ресми бланкіде толтырылған жұмыс орнынан
анықтама;
7. Егер жолдасыңыз сізбен бармаса, оның жалақысы көрсетілген ресми
бланкіде толтырылған жұмыс орнынан анықтама;
8. Медициналық сақтандыру (түпнұсқасы мен көшірмесі). Сақтандыру
сомасы 30.000 еуродан кем болмауы керек;
9. Отбасы құжаттарының көшірмесі (балалардың туу туралы куәліктері,
неке/ажырасу туралы куәлігі, отбасы мүшелерінің төлқұжаттарының немесе
жеке куәліктерінің көшірмесі);
10. Екі жаққа бару билеттеріне алдын ала сұраныс жасау. Визаны алуға
рұқсат етілген жағдайда төлқұжат пен визаны алатын күні екі жаққа барудың
авиабилеттерінің түпнұсқасы мен көшірмесін беру қажет;
11. Егер сіз сапарға кәмелетке толмаған баламен (18 жасқа дейін) барсаңыз,
екінші ата-анасының нотариалдандырылған, француз тіліне аударылған
баруға рұқсаты талап етіледі (түпнұсқасы мен көшірмесі).
К Е Л Е С І Қ О С Ы М Ш А Ш А Р Т Т А Р
ІССАПАРҒА БАРҒАН ЖАҒДАЙДА:
1.
Француз компаниясынан баратын тұлғаны шақыру (түпнұсқа мен
көшірмесі);
2.
Сапарды төлейтін ұйымның растауы (іссапар туралы бұйрық) немесе бір
адам үшін күніне 40 еуро есебімен (қолма-қол) ақша жұмсауын растау;
-
карталық немесе жинақтаушы шот есебінің баруын растайтын банктен
анықтама алу;
-
айырбастау пунктінен валютаны сатып алу туралы сертификат
(түпнұсқа мен көшірмесі);
-
қонақүйге алдын ала сұраныс жасау (екі данада) қабылданады;
Достарыңызбен бөлісу: |