139
1.
Әзірбайжан, Армения, Беларусия, Грузия, Қырғызстан, Молдова, Ресей,
Тәжікстан, Өзбекістан және Украина сияқты Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы
(ТМД) құрамына кіретін мемлекеттердің азаматтарына Қазақстанға келу үшін
кіру визасы қажет емес.
90 күнге дейін Қазақстанда визасыз бола алады.
2. Басқа шет елдердің азаматтары Қазақстанға келу үшін кіру визасын
алулары қажет.
3. Кіру визасын алу үшін сіздің төлқұжатыңыз жоспарланған ұшу күнінен
кейін кем дегенде 6 ай ішінде жарамды болуы тиіс.
Рұқсат алған соң, виза
төлқұжатқа жапсырылады.
4. Әр виза алу өтініші шақыру қағазымен расталуы қажет.
5. Ресми бір мәрте, жеке, іскерлік және туристік визаларды алу үшін кейбір
мемлекеттердің азаматтарына шақыру қағазын тапсыру қажет емес.
6. Егер шақырған ұйым мемлекеттік емес ұйым болса, бірнеше мәрте, іскерлік
және туристік визаларды алу үшін Ішкі Істер Министрлігінің Көші-қон
полициясының рұқсаты қажет.
7. Кіру визасына өтінішті тұрғылықты мекенжай
бойынша Қазақстанның
дипломатиялық немесе өкілдік кеңселеріне беру қажет.
8. Визаға өтініш бергенде, сізде мына құжаттар болуы тиіс:
- Жарамды төлқұжат
- Төлқұжатқа арналған фотосурет
- Шақыру қағазы
Құжаттарды тапсыру кезінде консул сізден басқа құжаттарды талап етуі
мүмкін.
9.Дипломатиялық визадан басқа, барлық визаға төлем төлеу міндетті.
(Интернет материалдарынан алынған)
46-тапсырма. Құжатпен танысыңыз.
Қазақстан Республикасының визаларын беру
ережелері
1. Жалпы ережелер
Осы Ережелер «Шетелдіктердің Қазақстан
Республикасында болуын
құқықтық реттеудiң жекелеген мәселелерi» атты Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2000 жылғы 28 қаңтардағы № 136 қаулысымен бекітілген
Шетелдіктердің Қазақстан Республикасына келуінің және болуының,
сондай-ақ
олардың Қазақстан Республикасынан кету тәртібінің 10-тармағына сәйкес
әзірленген және Қазақстан Республикасына кіретін, Қазақстан Республикасынан
шығатын,
Қазақстан
Республикасында
болатын,
сондай-ақ
Қазақстан
140
Республикасының аумағы арқылы транзитпен өтетін
шетелдіктерге виза беру
тәртібін белгілейді.
Осы Ережелер қағидалары азаматтығы жоқ тұлғаларға да қатысты болып
табылады.
Визаларды беруді:
1) шетелде – Қазақстан Республикасының шетелдердегі мекемелері (бұдан әрі –
ҚР шетелдердегі мекемелері);
2) Қазақстан Республикасының аумағында:
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Консулдық қызмет
департаменті (бұдан әрі – ҚР СІМ);
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полициясы
комитетінің көші-қон полициясы басқармасы және Астана, Алматы қалаларының
және облыстардың Ішкі істер департаменттерінің
көші-қон полициясы
басқармалары (бұдан әрі – ҚР ІІМ) жүргізеді.
Визалардың ұзартылуын ҚР СІМ және ҚР ІІМ жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасының визаларын (бұдан әрі – ҚР визалары) беруге
төмендегі құжаттар негіз болып табылады:
1) Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарының, Қазақстан
Республикасында тіркелген шет мемлекеттері
дипломатиялық өкілдіктерінің,
консулдық мекемелерінің, халықаралық ұйымдардың осы Ережелердің 1-ші
қосымшасына сәйкес жазбаша өтініштері;
2) Қазақстан Республикасына жеке шаруаларымен және тұрақты тұруға келген,
сонымен қатар Қазақстан Республикасында тұрақты
тұратын шетелдіктерге
арналған ішкі істер органдарының рұқсаты;
3) Заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасына шетелдіктерді шақыру үшін ҚР
СІМ-не ұсынылған жазбаша өтініштері;
4) Алматы қаласындағы өңірлік қаржы орталығының қызметін реттейтін уәкілетті
органның (бұдан әрі – АӨҚО) Қазақстан Республикасының аумағына қаржы
орталығында қызметін жүзеге асыру үшін келетін шетелдіктерге виза беруге
байланысты қолдау хаты.
Достарыңызбен бөлісу: