149
КЕДЕН
Кеден – республика бюджетін толықтыратын бірден-бір сала. Кеден – таңба,
таңбашы/ белгі, мөр/ деген мағынаны білдіретін сөз.
Мемлекеттік шекарадан
өтетін мүлік, әртүрлі бұйымдар мен пошта қадағалайтын, шекарадан асқаны
үшін алым-салық жинақтайтын заңды мекеме.
Кеден ісі дегеніміз – Қазақстан Республикасының кеден ісіне тауарлар мен
көлік құралдарын кеден шекарасы арқылы өткізудің тәртібі мен шарттары
кедендік
рәсімдеу және кедендік бақылау, кедендік төлемдер мен салықтарды
төлеу, кеден ісі саласындағы құқық бұзушылықпен күресу және мемлекеттердің
сыртқы экономикалық және басқа да қызметті жүзеге
асырушы тұлғалар
арасындағы биліктік қатынастарды негізделген кедендік саясатты іске
асыратын басқа да құралдар жатады.
Кеден ісі мен саясаты: 1.
экономикалық; 2. реттеушілік; 3. құқық
қорғаушылық мақсатта іске асырылады.
Кедендік режимдер – құқықтық әдебиеттерде көбінесе мемлекеттердің
кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарлар мен көлік құралдарының
мәртебесін анықтайтын ережелердің жиынтығы болып табылады.
Кедендік режимнің келесідей түрлері бар:
- тауарларды еркін айналысқа шығару;
- тауарлардың кері импорты;
- кеден қоймасы;
- бажсыз сауда дүкені;
- тауарларды кеден аумағында
қайта өңдеу;
- тауарларды кеден аумағынан тыс қайта өңдеу;
- тауарларды еркін айналыс үшін қайта өңдеу;
- тауарлар мен көлік құралдарын уақытша әкелу;
- тауарлар мен көлік құралдарын уақытша әкету;
- тауарлар экспорты;
- тауарлардың кері импорты;
- тауарлардың транзиті;
- тауарларды жою;
- мемлекет пайдасы үшін тауарлардан бас тарту;
- еркін кеден аймағы;
- еркін қойма;
- арнайы кедендік режим.
(“Қазақстан Республикасы Кеден кодексінен”)
Достарыңызбен бөлісу: