19
II ТАРАУ
АҚПАРАТТЫҚ-АНЫҚТАМАЛЫҚ ҚҰЖАТТАР
ИНФОРМАЦИОННО-СПРАВОЧНЫЕ ДОКУМЕНТЫ
ӨМІРБАЯН
Өмірбаян – әрбір адамның жеке өмір жолын сипаттайтын құжаты.
Өмірбаян жазудың негізгі ережелері
Құжатқа ерекше дәл талаптар қойылмайды, сондықтан да өмірбаянды еркін
нысанда құрастыруға болады. Жазылу нысаны – хабарлы түрде, жекеше түрде
1-жақта.
Өмірбаянды А4 форматты қағазда қолмен жазған жөн,
құжатты арнайы
бланкте рәсімдеуге болады. Барлық ақпарат,
өмірлік жолындағы нақты
суреттерді, автордың еңбек және қоғамдық саяси қызметін анық құрастыру
үшін хронологиялық тізбекте беріледі. Өмірбаянды
жазудың еркін нысанына
және қатаң талаптарының болмауына қарамастан,
ондағы кейбір реквизиттер
мен мәліметтер міндетті түрде берілуі қажет:
-құжаттың атауы (
өмірбаян);
-автордың тегі, аты, әкесінің аты;
-туған күні мен жері;
-білімі (оқу орны мен кезеңі, берілген біліктілігі және мамандығы);
-еңбек қызметінің түрі;
-соңғы жұмыс орны және атқарып отырған лауазымы;
-марапаттаулары, грамоталары;
-отбасылық жағдайы;
-ата-аналары және жақын туыстары туралы мәліметтері (тегі, аты,
әкесінің
аты, туған күні, жұмыс/оқу орны және тұрғылықты жері);
-өмірбаян жазған күні;
-жеке қолы.
(Орыс тілінен аударылып берілді)
Достарыңызбен бөлісу: