22
қысқаша сипаттайды. Резюме – бұл ізденушінің визит карточкасы, жұмыс
берушінің адамды әңгімелесуге шақыру туралы шешімі – оның осы құжатты
құрастыруына байланысты болады. Сондықтан да оны жазуға үлкен
жауапкершілікпен қарау керек. Әңгімелесуге шақыруға ұмтылу үшін, өзін
жақсы қырынан көрсете білуі қажет, кәсіби табыстары мен жетістіктерін,
күшті жақтарын бөліп көрсетуі тиіс. Әрбір бөлек жағдай үшін мүмкіндігінше
жаңа резюме
жасаған жөн, оны белгілі бір вакансияның (бос орынның)
біліктілік талаптарына мейлінше жақындатқан дұрыс. Резюме үшінші жақтан
жазылады.
Резюменің мынадай негізгі түрлері бар:
1.
Хронологиялық резюме
Хронологиялық резюме кері хронологиялық тәртіпте еңбек жолы фактілерін
(жұмыс, оқу) сипаттаудан,
яғни соңғы жұмыс, оқу орындарынан басталады.
Жұмыс беруші үшін резюменің бұл түрінің артықшылығы,
бұл жерде, ол
адамның еңбек жолының ақиқат суретін көреді, ізденуші үшін –
бұл қажетті
қызмет саласында мансаптық және кәсіби өсуді көрсету мүмкіндігі.
Ізденушінің соңғы лауазымының (немесе барлық лауазымдарының) қалаған
лауазымына ешқандай қатысы жоқ болса немесе еңбек жолында көп «бос
орын» болса, яғни адамның жұмыс
істемеген кезеңдері көрсетілсе, онда
резюменің бұл түрінен бас тартқан жөн.
Достарыңызбен бөлісу: