41
ананың ықпалы зор. Туыстық қатынасты сақтау бала өмірінде маңызды миссия.
Бұл отбасыларында бала бауырмалдық пен жанашырлық сезімдерді бойына
сіңіріп өседі.
7. Жомарттық. Бұл жерде тек материалдық ғана емес, рухани даму,
рухани қолдау, сезімталдықты айтамыз. Әр отбасы мүшелерінің өздерінің
өнерімен, шығармашылығымен бөлісуде білдіретін жомарттық.
Отбасы
мүшелерінің бір-біріне қол ұшын беруі, көсектесуі, рухани және материалдық
қолдауы баланы өмірге бейімдей отырып, оның бойында қамқорлық,
парасаттылық сезімдерін оятады.
8. Сүйіспеншілік – бұл отбасындағы ең құнды қасиет. Қазақ отбасында
туған-туыстарына, ағайын-туыстарына сүйіспеншілік көрсету – ата-бабамыздан
келе жатқан ұлттық қасиет. Бүгінгі таңда
көптеген отбасыларында осы
қасиеттің сақталуы төмендеп бара жатуы қынжылтады. Отбасында риясыз
сүйіспеншілік, бір-біріне деген құрметті сезімдер, сүйіспеншілікке толы
әрекеттер жасау, нәзік, сыпайы сөздерді қолдану, қамқорлық таныту, бір-біріне
көңіл аудара білу және көмектесуге деген ұмтылыс – бұл отбасының
нығаюына, баланы сүйкімді мінезге, мейірімділікке тәрбиелеуге жетелейді
.
Еңбек сүйгіштік – бала мен қамқор әкенің ең маңызды қасиеті
Оқу процесінде білім алушыларға отбасының еңбек жағдайын жасаудың
қажетті шарты болып үлкендер жағынан да, кішілер жағынан да еңбекті сүйе
білу керектігін көрсету керек. Балалардың еңбек сүйгіштігін
қалыптастыруда
шешуші рөлді атан-аналар, отбасы атқарады. Өз өмірінің алғашқы айларынан
бастап бала үлкендердің сан алуан әрекеттерін байқауға мүкіндік алып,
бастапқыда санасыз түрде әрекет етсе де, еңбексіз еш нәтиже болмайтындығын
түсінетін болады. Егер ата-ана жас баланы еңбекке тәрбиелеу мақсатын арнайы
көздеп, оған зейіні мен уақытын бөліп, байсалда және төзімді түрде қалай
әрекет ететінін көрсететін болса, бала мұндай үйретуді ықыласпен,
кәдімгі
керекті іс деп қабылдайды. Бұған көп жағдайда барлық балаларға тән
үлкендерге еліктеушілік дербес болуға талпынушылық көмектесіп отырады.
Еңбек жағдайы орын алған көптеген отбасыларында балалрды мектеп
жасынан бастап шамасы келетін тұрмыстық еңбекке тарта бастайды. Баланың
мүмкіндіктерін ескере отырып, ата-ана оған жұмыстың мәні мен сипатын
егжей-тегжейлі түсіндіріп, керек болса көмектесіп, сәтсіздіктеріне кешірімдік
жасай, табыстары мен жетістіктерін мадақтап отырады.
Баланың мектепке баруынан бастап сабақта оқу еңбегінің жаңа жауапты
міндеті пайда болады. Балада оқу еңбегі болуы керек. Бұл үлкен
ерік-жігерді,
табандылықты, ақыл-ой күшін керек ететін күрделі, қиын еңбек болып
саналады. Алайда бала мектепке дейін отбасында өзіне тапсырылған істі
ыждаhатпен орындап, аяғына дейін жеткізуге дағдыланған болса және жалпы
еңбекті сүйіп, еңбектене алатын болса, онда осының бәрі мектепте жақсы оқып
кетуіне көмегін тигізеді.
Мектептегі оқу баланы үйдегі еңбектен босатып жіберуге желеу болмауы
тиіс. Баланы мектепке беріп, ендігі оның міндеті тек сабақ оқу деп есептейтін
ата-аналар қателік жібереді. Әрине, оқу мектеп оқушысы үшін маңызды іс
42
болмақ, отбасының қамы, үй шаруасының ортақ істері сабаққа зиян келтірмей
оның күн режимінен орын табуы керек.
Еңбек сүйгіштік жеке адам қасиеті ретінде бала өмірінің барлық кезеңдері
үшін – балалық шақта да,
жеткіншектік, жасөспірімдік кезеңде де ерекше
маңызды болады. Ол балалық шақтан бастап бала бойына сіңірілсе,
қабілеттерді дамытып, мектептегі сабаққа, дербес өмір сүруге және еңбекке
даярлануға көмектесіп, таңдаған мамандығынан жетістікке жетуге мүмкіндік
береді. Бұл бағалы қасиет дене және ой еңбегіне деген сүйіспеншілік пен
дағдыны ғана емес, сонымен бірге еңбек адамдарына деген құрметті, өзінің де
басқаның да еңбек нәтижелеріне құнттылықпен қарауды,
өз еңбегімен Отанға
қызмет ету және оның байлығын арттыра түсуге ұмтылушылықты білдіріп
отырады. Еңбекті сүймесе адам ешқашан өзінің неге қабілетті екендігін біле
алмай, өзінің дамуын ерікті түрде шектеген болар еді.
Еңбекті бағалап, балаларына ерте жастан еңбектің нанының тәтілігін
үйреткен отбасыларында жоғары саналылық пен белсенділік тән. Еңбек сүйгіш
жігерлі адамдардың әрекеті өз отбасыларының төңірегінде ғана қалып қоймай,
әлеуметтік
қоғамдағы
пайдалы
еңбектің
бастаушылары
мен
ұйымдастырушыларына айналып, өз отбасыларының еңбек жағдайларын өзге
айналасындағыларға таратып отырады. Осындай отбасылардың игі әсері
адамдар қатынасының жетіле түсуіне үлес қосып, үлкен тәрбиелік мәнге ие
болады.
Ата-аналар
балаларға отбасы қаржысы, оны жоспарлау, алғашқы
экономикалық білім алу, үнемдей алу дағдыларын, прагматикалық ойлауын
ояту керек.
Достарыңызбен бөлісу: