Білім алушыларды тәрбиелеуде қҰндылықҚа бағытталған тәсілді жүзеге асыру бағдарламасы



Pdf көрінісі
бет15/250
Дата14.09.2023
өлшемі5.22 Mb.
#477514
түріБағдарламасы
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   250
құндылыққа негізделген 1 бөлім

Отбасылық құндылықтар дегеніміз не?
Дәстүрлі отбасылық құндылықтар – бұл отбасының шынайы 
біртұтастыққа құрылатын негіз. Барлық отбасы мүшелерінің бір-бірін
құрметтеу мен қорғауда дәстүрлі отбасылық құндылықтардың әсері мол.
Отбасылық құндылықтарынсыз күшті, тірегі мықты отбасы бола алмайды. 
Отбасылық құндылықтардың қалыптасуы балалық кезеңнен басталады. Бала 
отбасының бір бөлігіне айналады және көп жағдайда (кейде тіпті бейсаналық 
түрде де), ол ересектер өміріндегі әкелер мен аналардың мұраттарын 
уағыздауды жалғастырады. Отбасылық құндылықтарды үйретудің ең жақсы 
тәсілі – бұл мектептегі тақырыптық дәрістер емес, керісінше ата-аналардың іс-
әрекетінде қөрініп отыратын көрнекі және шынайы үлгі-өнегесі. 
Отбасылық дәстүр
Ұлттың рухани байлықтарының қатарынан оның дәстүрлері басты орын 
алады. Дәстүр мәдениет пен рухани өмірді қайта жаңғыртуда, ұрпақтар 
сабақтастығын қамтамассыз етуде, қоғам мен жеке адамның үйлесімді 
дамуында маңызды рөл атқарады. Дәстүрлер жүйесі арқылы жаңа ұрпақ қоғам 
қалыптастырған қатынастар мен тәжірибеге, тіпті нақтылы мінез-құлықтар мен 
әрекеттерге дейін әлеуметтік тұрғыдан мұрагер болады.
Жалпыұлттық дәстүрлердің тікелей иесі және қайта жаңғыртушысы – 
отбасылық ұжым. Әр отбасы нақтылы тек өздеріне ғана тән дәстүрлерге ие. Ол 
отбасылық-тұрмыстық мерекелер түрінде дәстүрлі атап өтілетін отбасылық 
мерекелер. 
Отбасының идеялық құндылықтарының қатарына жеке адамның 
құжаттары, фото суреттер, хаттар марапаттаулар сияқты отбасылық қасиетті 


40 
заттар да орын алады. Егер отбасында жасы кіші бауырларың, іні-
қарындастарың болса, оларға отбасы мақтанышы, отбасының қасиетті заттары 
мен дүниелері және отбасының шежіресі жайлы айтып беруіңіз өзіңіз үшін де, 
олар үшін де маңызды болмақ.
Отбасылық қасиетті заттарға ұқыптылықпен қарау, оларды адамгершілік 
күш пен идеялық сенімділіктің қайнар көзі ретінде пайдалану – көпшілік 
отбасына тән қасиеттер. Отбасылық қатынастардың айырықша белгісі ретінде 
ұрпақтардың рухани жақтан жалғасуы, аға ұрпақтың кейінгі ұрпаққа рухани 
құндылықтарды жеткізіп отыруы болып саналады. 
Отбасының негізгі құндылықтары
:
1. Отбасындағы сенімділік. Бір-бірімен қарым-қатынаста сенімділік 
ұялаған отбасыларында отбасылық мәселелерді бөлісу және оларды тыңдап 
өсу, балаға дұрыс кеңес беру және бірін-бірі қолдау жоғары болады. 
Отбасындағы сенімділік – баланың өзіндік іс-әрекеттерін ұйымдастыра білуіне, 
өмірінде кездесетін мәселелер мен кедергілерді өзі шеше алуына үйретеді. 
2. Үлкенге құрмет, кішіге ізет. Отбасындағы шынайы сыйластық, бұл 
отбасыларында жазадан қорыққандықтан сыйлау немесе құрметтеу мүлдем 
қабылданбайды. Отбасы мүшелері «Сыйлау» ол – қорқуды білдірмейтіндігін 
жақсы түсінеді. Сыйласымдық пен құрмет шынайы, адал жүректен туындайды. 
Отбасында өтірік айту, бірін-бірі алдау сияқты жағымсыз қасиеттерге мүлдем 
жол берілмейді. Отбасы – ешқашан жалған сөйлемейтін орын. Бұл отбасылары 
адалдық пен шынайылықтың туын биік ұстайды. Кейде салмақты сын мен 
ашық шындық қатаң естіледі, дегенімен отбасында баланы адалдық пен 
шынайылыққа тәрбиелеу, екіжүзділік пен өтіріктің болмауы отбасылық 
құндылықтардың негізі болып табылады.
3. Дәстүрлерді сақтау. Отбасылық құндылықтар мен дәстүрлер бір-
бірімен тығыз байланысты. Туыстық шеңбердің аясында әрбір отбасының өз 
дәстүрлері бар: Мысалы, отбасылық мерекелерді атап өту (туған күн, наурыз 
мерекесі, аналар мерекесі сияқты ұлттық мерекелер және діни мерекелер, 
сонымен қатар отбасымен бірге серуенге шығу, кино, театрларға, саяхатқа бару, 
демалыс күндері мерекелік дастарханда бас қосу т.б.). Отбасында неғұрлым 
берік дәстүрлер болса, соғұрлым «іргетасы» мықты болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   250




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет