88
-
Оқу жылы бойы жүйелі жарыстар өткізу, жыл соңында финалдар
өткізу;
-
Білім алушылармен спорт түрлерін дамытудың инновациялары
бойынша
семинарлар ұйымдастыру;
-
Секциялардағы оқу-жаттығу жұмыстарын құру жыл бойы тұрақты
қадағалау және үйлестіру.
- Ұлттық билер. Ұлтық мәдениеттің элементі ретінде балалардың
ұлттық және ұлтаралық тәрбиесінде де үлкен маңызы бар. Бұл қозғалыстар мен
қимылдар арқылы халықтың көзқарасын, дүниетанымын білдірудің символдық
тәсілі. Хореографиялық өнердің әрбір жанры қоршаған әлемді, адам мен адами
қарым-қатынастарды тануға ерекше мүмкіндіктер береді. Мысалы Қазақ биі,
Қара жорға биі, Қамажай биі т.б. Қозғалыс сипатын,
бидің кеңістіктік
құрылысын, оның ритмикалық суретін, костюмнің ерекшеліктерін талдай
отырып, балалар география, тарих,
музыка мәдениеті, этнография туралы
білімдерін толықтыра алады [61].
- Ұлттық музыкалық дәстүрлер. Мектептегі музыкалық концерттік
бағдарламаларды құрастыру;
- Қазақ халықының ұлттық аспаптарының пайда болуы, Қорқыт,
Құрманғазы, Дина, Қазанғап т.б. туралы қызықты күй-аңыздармен,
әңгімелермен толықтыру. Бағдарламаға балалар фольклорлық ансамбльдерінің
өнерін қосу. Олар
музыкалық мұраны мұра етуге, әмбебап музыканың
байлығын түсінуге және бағалауға көмектеседі. Мектепте халық әндері мен
жырлары, ертегілері жазылған аудио кітапхана жинау;
- Білім беру ұйымдарында өнімді ұйымдастыру нысандары ретінде ата-
аналардан құрылған «Ата мектебі», «Әже мектебі», «Әке мектебі», «Ана
мектебі», «Аға мектебі», «Жеңге мектебі» ұлттық тәрбие мектептерін құру.
«Ата мектебі» жоспары
№ Іс-шаралар
Түрі
1
«Ел болам десең бесігіңді түзе»
дәріс
2
«Шежіре-дастан» ұлағатты
ой қозғау
семинар
3
«Жеті атаңды білесің бе?»
сайыс
4
«Ұрпақ тазалығы-ұлт тазалығы»
дөңгелек үстел
5
«Ұрпақтар сабақтастығы»
эссе
6
«Ұлттық кодын сақтау– ұлтты сақтау!»
кездесулер
7
«Бабалар салған жолменен»
пікірсайыс
9
«Ата өсиеті»
кеңес
10 «Ата кәсібі- бала кәсібі»
кәсіби сайыс
11 «Ата-баба дәстүрі»
Сахналық қойылым
12 «Ар. Намыс. Ұят» ашық әңгіме
Әңгіме
«Әке мектебі» жоспары
№
Іс-шаралар
Түрі
89
1
«Бір әкенің тәрбиесін жүз мектеп те бере
алмайды» әке тәрбиесінің маңызы
Пікір сайыс
2
«Бәріміз бірге, көмекке дайынбыз»
жетімдер үйіне көмек
Акция ұйымдастыру
3
«Жеті атаңды білесің бе?»
Сайыс
4
«Ұрпақ тазалығы-ұлт тазалығы»
Дөңгелек үстел
5
«Әке мен бала» ұлттық ойындардан
жарыс
Спорттық жарыс
6
«Қамшыұстарды тәрбиелеу» ұл бала
тәрбиесі
Семинар
7
«Атқа міну» әдісін үйрету
Ат спорты
8
«Әке жүрегі таудан үлкен, ана жүрегі
теңізден терең» қыз бала мен ұл бала
тәрбиесі
Дөңгелек үстел
9
«Әке – тірек, бала – жүрек» ұлттық
тәрбие бастауы
отбасынан
Эссе жазу
10 Төтенше жағдайда өзіңді қалай
ұстайсың?
Кеңес беру
11 «Адам болатын бала алысқа қарайды»
оқушылар шығармашылығынан
Фестиваль өткізу
12 «Мамандық таңдау»
Кеңес беру
13 «Әке шаңырағы –теңдесі жоқ өмір
мектебі» туған үйі туралы естелік
Эссе жазу
14 «Білімділер сайысы» әке мен балалардың
қатысуымен
Интеллектуалды сайыс
Достарыңызбен бөлісу: