96
Оқу-тәрбие процесінде білім алушыларға ұлттық және отбасылық
құндылықтарды беруде олардың
ынта-ықласымен ұштастыру, өмірлік
тәжірибеге сүйеніп баяндауға, эмоциялық өң беріп, публистикалық
мақалаларды пайдалану, қате, тоғышар ұғымдарды талдау болып табылады.
Мұғалімнің алдын-ала практикалық тапсырмалар беріп (бақылау, дерекке ой
жүгірту, талдау,
сыни пікір қалыптастыру, сауалнама алу т.б.), осы нақты
педагогикалық тапсырмалардың тиімді пайдаланылмауынан туындайды.
Сондықтан оқу процесінде түрлі әдістемелік тәсілдерді пайдалануға
айырықша көңіл бөлуіміз керек. (әңгімелеу, сұрақ-жауап, мәтінмен дербес
жұмыс, өзіндік талдау жасау, сыни пікір алмасу) мүмкіндік болса,
ережелерді
білім алушыларға даяр түрінде ұсынбай, олардың осы ережелерді өздері
жасауға жағдай жасауымыз қажет.
- Отбасылық құндылықтар ұл бала мен қыз баланың перзенттік
борышына негізделгендігін түсінуге көмектесу;
- Рухани-адамгершілік өмірдің байлығы, қоғам мен отбасы мүдделерінің
үйлесімді ұштасып келуі, отбасының тәрбиелеушілік мүмкіндіктерінің күшеюі,
яғни балаларды тәрбиелеуде жауапкершіліктің артуымен сипатталады. Осы
мақсатта білім алушыларға: адам мінезінің қалыптасып, шыңдалуына ең күшті,
ең алдымен тікелей әсер ететін кітаптар ма, мұғалім бе, достары, отбасы,
көркем фильмдер ме, әлде қоғамдық ұйымдар ма? деген сұрақтармен жетелеу.
- Балаларды еңбек
және шығармашылыққа жетелеу;
- Құрмет көрсету. Адамды құрметтемеу – қарым-қатынастың бұзылуына
және тіпті зорлық-зомбылыққа әкелуі мүмкін. Балаларды бастауыш кезеңнен
бастап бір-бірін, ата-анасын, мұғалімдерін құрметтеуге үйрету;
- Өскелең ұрпақтың адамгершілік тәрбиесі өткір мәселе болып
табылады, оның әртүрлі аспектілері ата-аналар жиналыстарында талқылануы
керек. Сынып жетекшісі ата-аналардың балаларының тағдырына деген
қызығушылығын көре отырып, бірлескен ынтымақтастықты орната білуі тиіс;
Оқу процесінде білім алушыларға отбасының
еңбек жағдайын жасаудың
қажетті шарты болып үлкендер жағынан да, кішілер жағынан да еңбекті сүйе
білу керектігін көрсету керек. Балалардың еңбек сүйгіштігін бастауыштан
бастап қалыптастыру керек.
Достарыңызбен бөлісу: