Білім алушыларды тәрбиелеуде қҰндылықҚа бағытталған тәсілді жүзеге асыру бағдарламасы



Pdf көрінісі
бет61/250
Дата14.09.2023
өлшемі5.22 Mb.
#477514
түріБағдарламасы
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   250
құндылыққа негізделген 1 бөлім

 
 
 


126 
«ОҚУҒА ҚҰШТАР МЕКТЕП» ЖОБАСЫ 
 
КІРІСПЕ
Қазіргі кездегі шындық қоғамның оқу мәдениеті мен оқу 
сауаттылығының дағдарысын көрсетіп отыр. Ақпараттық-коммуникациялық 
технологиялардың қарқынды дамуы жағдайында қазіргі қоғамның үнемі 
оқитын 
бөлігінің 
үлесі 
айтарлықтай 
төмендеді. 
Бұл 
проблема 
интернационалдық сипатқа ие болуда. 
Мектеп оқушыларының оқу сауаттылығы сараланған халықаралық 
оқушылардың білім жетістіктерін зерттеу деректерінде балалар оқуының 
төмендегені немесе дағдарысы туралы айтылады. 
Мектептегі оқытудың басты мақсаты – білім алушы тұлғаны 
қалыптастыру. Адамға рухани әсер ететін ерекше күштің иесі – «кітап» деп 
аталатын оқу құралы. Бірақ жас ұрпақтың оқуға деген қызығушылығының 
төмендеуі – қазіргі уақытқа тән белгіге айналуда. Көптеген дамыған елдер, 
соның ішінде Қазақстан да осы құбылысқа қарсы іс-қимыл жасау мақсатында 
белсенді түрде шаралар қабылдауда. 
Белгілі бір мәдени ортаға мүмкіндігінше тез бейімделе отырып, 
әлеуметтік қатынастар жүйесінде білім, біліктер және дағдыларға негізделген 
адамның қабілеті ретінде анықталатын функционалды сауаттылық – білім беру 
нәтижелерін ұсыну деңгейлерінің бірі болып саналады. 
Балалар оқуының әлеуметтанулық зерттеулерінің нәтижелері балалардың 
есейген сайын кітап оқуды азайту тенденциясы байқалатындығын көрсетеді. 
Оқуға деген қызығушылықтың төмендеу себептері: (1) бұқаралық ақпарат 
құралдарының ықпалының артуы (кітап оқу компьютерде, ұялы телефондарда 
сағаттап отырумен ауыстырылады); (2) қоғамдық өмірдің күрт өзгеруі (ата-
аналары бала тәрбиесіне онша қызығушылық танытпайтын отбасылар санының 
артуы); (3) бірінші сыныпқа барған балалармен бірге оқу іс-әрекетіне ересек 
адамның ұстанымының өзгеруі (ересек адамның балаға оқуы күрт қысқарады, 
осылайша оқудың алғашқы жылдарында әртүрлі кітаптармен жүйелі және 
толыққанды қарым-қатынас бұзылады); (4) оқушылардың оқу іс-әрекетін 
мақсатты қалыптастыру жүйесінің болмауы және т. б. 
15 жастағы білім алушылардың білім жетістіктерін халықаралық PISA 
зерттеуі аясында оқушылардың функционалдық құзыреттіліктерін бірегей 
бағалау өлшемдерінің көмегімен мектептерде оқу сауаттылығын дамыту 
маңызды болып табылады. 
Алайда қазақстандық білім алушылар халықаралық зерттеулердің 
нәтижелері бойынша оқу сауаттылығы бойынша төмен нәтижелер көрсетіп 
отыр. Мысалы, PISA-2018-дегі оқу сауаттылығы бойынша Қазақстанның 
орташа нәтижесі 387 балды құрады, бұл Экономикалық ынтымақтастық және 
даму ұйымына мүше (бұдан әрі – ЭЫДҰ) елдері бойынша орташа 
көрсеткіштерден айтарлықтай, яғни 487 балға төмен. Қазақстандық білім 
алушылардың жартысынан астамы оқу сауаттылығының 2-ші ең төменгі 
деңгейіне жете алмады (64,2%). 


127 
Оқуға баулу, оқуға деген қызығушылықты жандандыру, мәдени және 
жеке құндылық ретінде оқудың беделін арттыру бүгінгі таңда білім беру және 
мәдени саясаттың жалпыұлттық міндеті болып табылады. 
Жаңа ақпараттық қоғамдағы адамға қойылатын талаптар артып келеді. 
Қазіргі тез өзгеретін әлемде адам өмір бойы оқуға мәжбүр. Негізгі құзыреттерді 
жетілдіру өздігінен табысты білім алу шарттарының бірі болып табылады. 
Сонымен бірге, жаңа көзқарастың негізгі буыны әлі де оқу болып табылады, ол 
мамандардың пікірінше ақпараттық ғасырға апарар жолдың негізі болып 
саналады.
Оқуға деген қызығушылықтың төмендеуі елдің ұлттық дамуына және 
оның жаһандық әлемдік экономика мен саясатқа енуіне кедергі келтіретін 
білімнің, ақпараттың тапшылығына әкелді. 
Оқу – тәрбиелеудің, білім берудің және мәдениетті дамытудың негізгі 
компоненті. Бұл жеке тұлғаны қалыптастыратын және дамытатын іс-әрекет, 
білім алу және мәдениетті тарату, адамның өмірде жетістікке жету құралы, 
маманның коммуникативті және кәсіби құзыреттілігін жетілдірудің дәлелі 
болады. Баланың қиялын дамытудағы, классикалық әдебиет тілін меңгерудегі, 
сөйлеуді дамытудағы, мәдениеттің жеке моделін құрудағы оқудың рөлі өте зор. 
Оқу әлеуметтік тәжірибенің үлкен мәдени ресурсы, білім алушының өзіндік 
тәжірибесін қалыптастырудың тиімді әдісі болып саналады. Білім беру 
мазмұны – танымдық, дүниетанымдық, адамгершілік, саяси және басқа да 
мәселелерді шешудің дидактикалық бейімделген әлеуметтік тәжірибесін 
ұсынады. Оқу білім беру контексіне әртүрлі әлеуметтік-мәдени дереккөздерді 
кіріктіру арқылы білім берудің мазмұнды дидактикалық әлеуетін кеңейтеді. 


128 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   250




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет