129
оқиды, жазушының мектепке келуіне қарсы емес және сыныптың барлық
оқушылары оның шығармасын оқуға тырысады.
Жазушы үшін бұл балалармен
қарым-қатынас, олардың пікірін білу және қаржы табу тәсілі.
Балалар әдебиетіне арналған норвегиялық және скандинавиялық ірі
конференциялар мезгіл-мезгіл өткізіліп тұрады.
Оларға
кітапханашылар,
балалар оқуы бойынша мамандар, журналистер, жазушылар қатысады.
Жазушылар жергілікті мектептерде сөйлейді, ал конференция барысында қала
халқы балалар әдебиеті туралы барлық ақпаратты алу мүмкіндігіне ие болады.
Қыркүйек айында Ослода екі жарым күн бойы қаланың барлық орталық
алаңдарында балалар кітабының фестивалі өтеді. Ата-аналарға арналған ірі
форумдарда олар өз балаларымен оқыған кітап туралы пікір алмасады. Сынға
арналған кәсіби ресурстары бар, олардың ең танымалы «Балалар әдебиетін
сынау» деп аталады. Сонымен қатар, кітап туралы жазатын блогерлер саны да
көп.
Жас және жасөспірім оқырмандардың дауыс беруіне негізделген бірнеше
әдеби марапаттар бар.
Мысалы, «Арк» кітап дүкендері желісі балаларға
арналған ең жақсы кітап үшін қомақты сыйлық береді,
соңғы дауыс беруге
10 000 мектеп оқушысы қатысты және олар Ибен Акерлидің кітабын таңдады.
[1].
Өткен ғасырдың 80-90-шы жылдары
Францияда Мәдениет министрлігі
мен Үкіметтің басым міндеті кітап
оқу мәселесін шешу болды.
Бұл салада
қуатты ұлттық саясат жүргізілген еді.
Автордың шығарманы жазып, басып
шығарған сәтінен бастап оқырмандарға ұсынғанға дейінгі барлық «кітаптың
жазылу жолын» ескеретін және осы мәселені шешу саясатын анықтайтын кітап
және оқу басқармасы құрылды.
Жүргізілген іс-шаралардың нәтижесінде халыққа кітапханалық қызмет
көрсетуде үлкен жетістіктерге қол жеткізілді, яғни кітапханалардың жаңа
ғимараттары салынды, көпшілік кітапханалардың
жағдайы жақсарды, әдетте
кітапханаларға келмейтін тұрғындардың оқуын ұйымдастыру үшін қосымша
аумақтар игерілді.
Сонымен қатар мәдениет, әділет, қорғаныс, ауыл шаруашылығы және
басқа да министрліктер арасындағы әріптестік келісімдер жемісті дами
бастады. Бұл оқу дағдарысын еңсеруде бірыңғай саясат жүргізуге мүмкіндік
берді.
Бұндай саясат әртүрлі мамандықтардың өкілдері, мысалы, мұғалімдер,
әлеуметтік қызметкерлер мен кітапханашылар арасындағы жақындасу мен
өзара түсіністікке қол жеткізуге және олардың тығыз ынтымақтастығына ықпал
етті.
Францияда оқу саясаты жергілікті өзін-өзі
басқару органдарымен
(облыстар, департаменттер, қалалар) күш-жігерді үйлестіру арқылы жүзеге
асырылады.
Елдің 22 облысының әрқайсысында облыстық мәдениет істері
жөніндегі басқарма, оның құрамында кітап және оқу мәселелері жөніндегі
кеңесші жұмыс істейді.
Жергілікті жерлерде кітап (әдебиет) оқу саласындағы
қызметті қолдау үшін Мәдениет министрлігі жергілікті басқару органдарымен
мәдени даму туралы келісімдер жасасады.
Бұл келісімдер департаменттердің
130
оқуға қатысты жоспарларын жүзеге асыруға немесе «қала – оқу/кітап оқу»
жобаларын жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
«Қала – кітап оқу» ұғымы қаланың барлық күштерін біріктіретін ірі
ауқымды жобаны іске асыру арқылы мәселелерді шешуге деген ұмтылысты
көрсетеді. Алдымен кәсіпқойлар «оқуды диагностикалауды» жүргізеді, содан
кейін олардың ұсыныстарына сәйкес әр түрлі жобалар жүзеге асырылады.
Жобалар: кітапхананың жаңа филиалдарын құру, оқуды ұйымдастырудың жаңа
аумақтарын дамыту,
кітапханаларды, мектептерді, қауымдастықтарды, жеке
баспалар мен кітап дүкендерінің өкілдерін кеңінен тарта отырып мәдени іс-
шаралар өткізу; кітап мерекелерін, кітап көрмелерін ұйымдастыру және т. б.
Соңғы жылдардағы науқандардың бірі – «Оқу үшін күресте жеңіске жетейік»
конкурсы. Өткен ғасырдың 89-жылдарынан бастап Францияда кітап оқу
мерекесі атап өтіледі және бұл мереке халық арасында өте танымал болып
отыр.
«Қырым-2004» ХІ Халықаралық конференциясы аясында өткізілген
«Халықаралық оқу бағдарламалары» семинарында Мәскеудегі Франция
Елшілігінің Француз мәдени орталығы кітапханасының директоры Натали
Ферье өзінің баяндамасында Франциядағы оқуды
дамыту шаралары туралы
айтты. Н. Ферье өте әсерлі және қызықты үш мысал келтірді:
1) Тыңдағысы келетіндерге көшеде кітап оқу.
Бұл қозғалыстың
бастамашысы – Марк Роже көптеген жылдар бойы елді мекендерге барып,
балаларға дауыстап кітап оқиды.
2) Емханаларда дәрігердің кабинетінің алдында кезек күтіп отырған
балаларға арналған кітап оқу. Балалар тек тыңдап қана қоймай, кітаптағы
суреттерді тамашалайды үшін, түрлі-түсті суреттері көп, әдемі кітаптар оқуға
ынтасы артады.
3) Париж метросының вагондарында классикалық және заманауи
авторлардың шығармаларынан үзінділер жазылған плакаттар ілінген.
Уақыттарының белгілі бір бөлігін метрода өткізетін жолаушылар осылайша
әдебиетке қосыла алады. Бұл бастама мемлекет тарапынан қаржыландырылады.
Осы іс-шараларды жүзеге асыруға кітапханалармен
қатар мектептер,
емханалар және т. б. мекелер бірлесіп жұмыс істеуге тартылады. Осылайша,
кітапханалардың жаңа міндеті – оқырмандар табу, оқырмандардың алдынан
шығу міндеті айқындалған.
Франциядағы мұндай кітапхана – «Қабырғадан тыс
кітапхана» деп аталады [2].
Достарыңызбен бөлісу: