Білім алушыларды тәрбиелеуде қҰндылықҚа бағытталған тәсілді жүзеге асыру бағдарламасы



Pdf көрінісі
бет65/250
Дата14.09.2023
өлшемі5.22 Mb.
#477514
түріБағдарламасы
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   250
құндылыққа негізделген 1 бөлім

есептерді шешу процестерін басқару тәрізді екі санат бағаланды. Қазақстандық 
білім алушылардың нәтижесі (387 балл) PISA-2009 (390 балл) зерттеуінің 
нәтижесімен салыстырғанда 3 балға төмен болды. 
Оқу сауаттылығын бағалау бойынша PISA-2018 зерттеуінің «Сиыр сүті» 
деп аталатын тапсырмасын қарастырып көрелік [
8
].
Сиыр сүті 
Кіріспені оқыңыз. Келесі бетке өту үшін Әрі қарай бағыттамасын басыңыз. 
Кейбір жерлерде, мысалы Америка Құрама Штаттарында, көптеген адамдар сиыр 
сүтін ішеді. 
Америка Құрама Штаттарында кофеханада үш оқушы (Анна, Кристофер және Сэм) 
отырғанын көз алдыңызға елестетіңіз. Кофехананың қожайыны жуырда есікке: «5-сәуірден 
кейін біз сиыр сүтін ұсынуды тоқтатамыз. Оның орнына біз майбұршақ алмастырғышын 
ұсынатын боламыз» деген хабарландыру іліп қойды. 
Аннаны, Кристоферді және Сэмді неліктен кофехана сиыр сүтін беруді тоқтатаны 
қызықтырды, сондықтан Анна өзінің телефонының көмегімен интернеттен сиыр сүті туралы 
ақпарат іздестіре бастады. Олар іздеуден алынған бірінші нәтижені ашып, оны талқылайды.
Бірінші нәтижені оқу үшін бағыттаманы басыңыз. 
1-сурет. «Сиыр сүті» 1-бөліміне кіріспе 


143 
Бұл бөлімде Америка Құрама Штаттарының үш оқушысы кофеханада 
бұдан былай сиыр сүті берілмейтінгі туралы хабарландыруға қызығушылықпен 
назар аударады (1-суретті қараңыз). Мәтіндегі жағдай тұлғаға қатысты жағдай 
ретінде қарастырылады, себебі мәтінді оқу арқылы үш адам (кофеханадағы 
оқушылар) жеке қызығушылықтарын қанағаттандырады. 
Бұл бөлімнің мәтіні екі веб-беттен тұрады. Бірінші веб-бет – «Нарықтағы 
фермерлік сүт өнімдері» (1-қосымша). Бұл сүт өнімдерін, соның ішінде сиыр 
сүтін сататын компания. Екінші веб-бет денсаулық сақтау сайтындағы «Сиыр 
сүтіне «Жоқ» деп айтыңыз» атты мақала (2-қосымша). Құрама, тұтас және 
негізделген мәтін. 
Алдымен, білім алушы «Нарықтағы фермерлік сүт өнімдері» веб-бетті 
ғана көреді. Ол осы веб-беттің мазмұнына негізделген бірнеше сұраққа жауап 
беруі қажет. Бұдан кейін жағдай өзгереді де, білім алушы екінші веб-бетке 
кіреді. Екінші веб-беттегі ақпаратты оқып, білім алушы тек осы веб-беттің 
мазмұнына қатысты бірқатар сұрақтарға жауап береді. Осыдан кейін білім 
алушы екі веб-беттегі ақпаратты жалпылауды қажет ететін сұрақтарға жауап 
беруі тиіс. 
PISA-2018 зерттеуінде бұндай модель оқу сауаттылығын бағалау үшін 
әзірленген және бірнеше жаңа мәтіндік блокқа қолданылған. Бұл модель 
кездейсоқ таңдалған жоқ. Бұл білім алушыға, алдымен, бір мәтінге қатысты 
сұрақтарға жауап беру, содан кейін әртүрлі мәтіндердегі ақпаратпен жұмыс 
істеу қабілетін көрсетуге мүмкіндік береді. Бұл мәтін құрылымының маңызды 
ерекшелігі, өйткені бір мәтінде берілген ақпаратты талдайтын және тіпті бір 
мәтіннен ақпаратты жинақтай алатын білім алушылар бар, бірақ бірнеше 
мәтіндегі ақпаратты жалпылау талап етілген кезде қиындықтар туындайды. 
Мұндай модель осы бөлімнің жеке тапсырмаларын орындау кезінде оқу 
сауаттылығы дағдыларының деңгейлері әртүрлі білім алушыларға өз 
шеберліктерін көрсетуге мүмкіндік береді. 
«Сиыр сүті» бөлімі күрделілігі орташа тапсырмалар жиынтығы ретінде 
әзірленген. Бұл екі веб-бет (парақ) бір мәтінмен салыстырғанда бөлім ішінде 
жұмыс істеу үшін үлкен ақпарат береді. Сонымен қатар, білім алушы екі веб-
парақтың арасындағы байланысты ескеруі тиіс, оқушыдан мәтіндердегі ақпарат 
бір-бірімен келісілген бе, жоқ па, қайшылық бар ма, жоқ па екенін түсінуді 
талап етеді. Мәтіндегі және жалпы бөлімдегі ақпаратпен өзара әрекеттесу бір 
мәтінмен жұмыс істеуден гөрі көп күш жұмсауды қажет етеді деп болжанады. 
Сиыр сүті
№1 тапсырма
Сиыр сүті 
Сұрақ 1/7 
Оң жақтағы бағанда 
орналастырылған, 
«Нарықтағы фермерлік сүт 
өнімдері» 
мәтініндегі 
ақпаратты 
қолданыңыз. 
Сұраққа жауап беру үшін 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   250




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет