Сиыр сүті
Ақпаратты оқыңыз. Келесі бетке өту үшін Әрі қарай бағыттамасын басыңыз.
Анна, Кристофер және Сэм кофехана қожайынының сиыр сүтін сатпау туралы шешімін
талқылап отыр. «Сиыр сүті өте қымбаттап бара жатқан шығар» - дейді Сэм. Кристофер өз
телефонына қарап отырып: «Мүмкін, мен де интернеттен сиыр сүті туралы ақпарат іздедім.
Мен сендерге жуырдағы мақаланың сілтемесін жіберемін, мүмкін осы мақала бізге барлығын
түсіндірер».
Анна мен Сэм сілтеме бойынша «Сиыр сүтіне «Жоқ» деңіз» атты мақаланы ашып, оқиды.
Екінші дереккөзді оқу үшін, бағыттаманы басыңыз.
4-сурет. «Сиыр сүті» 1-бөліміндегі жағдайдың өзгеруі
Тапсырманың бұл бөлігінде білім алушылар ұсынылған жағдайда болған
өзгерістермен танысады. Өзгерістердің мәні – үш оқушының бірі (Кристофер)
интернеттен сиыр сүті туралы басқа мақала табады және оның сілтемесін
146
достарына береді. Мақала «Сиыр сүтіне «Жоқ» деңіз!» деп аталады. Мақаланың
атауының өзі өнім туралы теріс ақпараттың бар екенін көрсетеді.
PISA халықаралық зерттеуінің тапсырмаларын электронды нұсқада
орындауды жалғастыру және мәтінді толығымен көру үшін білім алушы
айналдыру жолағын пайдалануы тиіс.
Сиыр сүті
Сұрақ 3/7
Оң жақ бағанда орналастырылған «Сиыр
сүтіне
«Жоқ»
деңіз!»
мәтініндегі
ақпаратты қолданыңыз.
Сұраққа жауап беру үшін қажетті жауап
нұсқасын белгілеңіз.
Келесі тұжырымдар доктор Гарзаның
мақаланы жазу мақсаты бола ала ма?
Әр тұжырымның жанындағы «Иә»
немесе «Жоқ» нұсқасын белгілеңіз.
Бұл тұжырым мақаланың
жазылу мақсаты бола ала
ма?
Иә Жоқ
Денсаулықтың
жалпы
жағдайы
үшін
сүт
өнімдерінің
пайдасына
күмән келтіру
○
○
Сиыр сүтіне жүргізілген
түрлі
зерттеулердің
нәтижелерін талқылау
○
○
Сүт және сүт өнімдері
жеткілікті зерттелмегеніне
назар аудару
○
○
Денсаулық туралы мақалалар
«Сиыр сүтіне «Жоқ» деңіз!»
Денсаулық сақтау тілшісі, доктор Р. Гарза
Сиыр сүті Америка Құрама Штаттарындағы
көптеген адамдардың өмірінде үлкен рөл
атқарады. Сәбилер сүтті кішкентай бөтелкеден
ішеді. Балалар жүгері қауызына сүт қосып
жейді. Тіпті ересектер де ара-тұра бір стақан
салқын сүт ішіп отырады. Иә, сиыр сүті бүкіл
әлемде адамдардың тамақтануында маңызды
орын алады. Алайда, американдық танымал
жарнамаларда айтылғандай көптеген зерттеулер
сиыр сүті «адам ағзасына ешбір жақсылық
әкелмейтін де шығар» деген тұжырымдама
шығарады.
АҚШ ауыл шаруашылығы министрлігі, Сүт
өнімдері жөніндегі Америка кеңесі, Сүт өнімдері
қоғамдастығы және басқа да ұйымдар сүтті
пайдалануды насихаттау үшін көп жылдар бойы
тынымсыз еңбек етті. Олар ересек адамдарды
күніне кем дегенде үш стақан сүт ішуге
шақырады. Алайда соңғы он жылда жүргізілген
кейбір зерттеулер сүттің сүйектерді нығайту
қабілетіне, сондай-ақ сүттің пайдасы туралы
басқа да мәлімдемелерге күмән келтірді. Зерттеу
нәтижелері сізді таң қалдыруы мүмкін. Сиыр
сүтін ішудің әсері туралы ең заманауи және
маңызды зерттеулердің бірі 2014 жылдың қазан
айында «Британдық медициналық журналда»
(British Medical Journal) жарық көрді. Бұл
зерттеудің нәтижелері сүтті пайдалану туралы
бірқатар қорытынды жасауға мүмкіндік берді.
Осы зерттеу аясында Швецияда 100000-нан
астам адам 20-30 жыл бойы бақылауда болды.
Зерттеушілер сүт ішетін әйелдердің сүйек
сынуынан жиі зардап шегетінін анықтады.
Сонымен қатар, сүт ішкен ер адамдар да, әйел
адамдар да жүрек пен қан тамырлары және рак
ауруларына шалдыққыш келеді екен. Бұл
таңқаларлық нәтижелер басқа зерттеулердің
нәтижелерімен ұқсас болып шыққан.
Жауапты медицина бойынша дәрігерлер
комитеті (PCRM-the Physicians Committee for
147
Responsible
Medicine)
сүтті
тұтынумен
байланысты денсаулық мәселелері туралы өз
пікірін білдірді. Олар сүт және сүт өнімдері
«сүйекке не аз ғана пайда әкеледі, не мүлдем
пайдасы жоқ» деп пайымдайды. Жауапты
медицина бойынша дәрігерлер комитеті (PCRM)
сүтті
пайдалануға
байланысты
нақты
мәселелерді «Сүт өнімдеріндегі сүт протеиндері,
сүт қанты, майлар мен қаныққан майлар
балаларға қауіп төндіреді және семіздіктің
дамуына, қант диабеті мен жүрек ауруларының
пайда болуына ықпал етеді» деп сипаттайды.
Бұл маңызды мәлімдеме. Бұл мәлімдемені
растау үшін қосымша зерттеулер қажет. Алайда,
сүтті
тұтыну
біздің
ағзамызға
бұрын
айтылғандарға қарағанда, онша пайдалы емес
екендігі туралы көп дәлелдер бар. Егер бұл
мәлімдемелер сөзсіз фактілерге айналса, онда
сиыр сүтіне «жоқ» деп айтатын уақыт келуі
мүмкін.
5-сурет. «Сиыр сүті» 1-бөлімінің 3-ашық тапсырмасы
Сиыр сүті
№3 тапсырма
Бұл тапсырмада білім алушы әр сұрақтың жанындағы «иә» немесе «жоқ»
жауабын таңдап, кестені толтыруы керек. Ол автордың (доктор Гарзаның) осы
мақаланы қандай мақсатта жазғанын анықтауы керек. Алдымен мақаланың
жалпы мағынасын түсіну, мәтіннің мазмұны мен формасын талдау маңызды.
Содан кейін білім алушы кестедегі қандай мәлімдемелер доктор Гарзаны бұл
мақаланы жазуға итермелеген мақсатқа, жоспарға сәйкес келетінін бағалауы
тиіс. Осы тапсырма бойынша ұпай алу үшін барлық үш мәлімдеменің тұсына
қажетті жауапты дұрыс белгілеу керек.
Дұрыс жауаптар (жоғарыдан төменге): Иә, Иә, Жоқ.
Тапсырма номері
3
Оқырмандық дағды
Мәтіннің мазмұны мен формасын түсіну
Жауап формасы
Күрделі бірнеше таңдауы бар (компьютермен тексеріледі)
Болжамды деңгей
3
Сиыр сүті
№4 тапсырма
Сиыр сүті
Сұрақ 4/7
Оң жақ бағанда орналастырылған «Сиыр сүтіне «Жоқ» деңіз!» мәтініндегі ақпаратты
қолданыңыз.
Сұраққа жауап беру үшін қажетті нұсқаны белгілеңіз.
Доктор Гарза зерттеудің «оқырмандарды таң қалдыруы» мүмкін нәтижелерін сипаттайды
Олардың біреуін көрсетіңіз.
6-сурет. «Сиыр сүті» 1-бөлімінің 4-ашық тапсырмасы
148
Бұл тапсырмада (6-сурет) білім алушылар доктор Гарзаның мақаласында
сиыр сүтінің адамға әсерін зерттеу нәтижелері туралы қай жерде айтылатынын
тауып, осы нәтижелердің біріне мысал келтіруі керек. Тапсырмада мақаладан
алынған ақпараттың тура мағынасын ұсыну, яғни мәтіннен зерттеу
нәтижелерінің біреуін тауып, оны жазып алу керек. Ашық тапсырмалар
нұсқаулығында тек екі нәтиже болды, олар дұрыс жауап ретінде есептелді,
өйткені мәтіннің өзінде тек екі тәуелсіз зерттеу нәтижелері сипатталған.
Тапсырма номері
4
Оқырмандық дағды
Тура мағынаны анықтау
Жауап формасы
Толық жауабы бар тапсырма (эксперттік
тексеру)
Болжамды деңгей
3
Төменде ашық тапсырмаларды бағалау бойынша нұсқаулық берілген.
Жауап толығымен қабылданады
1-код: Мәтінде көрсетілген келесі зерттеу нәтижелерінің бірі келтірілген
немесе өзгертіліп берілген.
1. Сүт ішетін әйелдердің сүйек сынуынан жиі зардап шегетіні анықталды.
2. Сүт ішкен ер адамдар да, әйел адамдар да жүрек пен қан тамырлары
және рак ауруларына шалдыққыш келеді екен:
• Сүт ішетін әйелдердің сүйек сынуынан жиі зардап шегетіні анықталды.
• Сүт ішкен адамдар жүрек пен қан тамырлары және рак ауруларына
шалдыққыш келеді.
Сиыр сүті
№5 тапсырма
Сиыр сүті
Сұрақ 5/7
Қосымша парақтар арасында ауысу арқылы оң жақта орналастырылған екі мәтіннен де
ақпаратты пайдаланыңыз.
Сұраққа жауап беру үшін қажетті нұсқаны белгілеңіз.
Сүт туралы екі мәтіннің ақпаратын қолдана отырып, төмендегі кестеде келтірілген
мәлімдемелер факті ме немесе пікір ме екенін анықтаңыз. Әр мәлімдеме үшін «Факт» немесе
«Пікір» дөңгелегін бояңыз
Бұр мәлімдеме факті ме немесе пікір ме?
Факт
Пікір
Сүттің пайдасы туралы жуырдағы зерттреулер таң қалдырады.
Зерттеулер сүтті пайдалану денсаулыққа кері әсер ететінін көрсетті.
Кейбір зерттеулер сүттің сүйекті қатайту қабілетіне күмән келтіреді.
Сүтті және басқа да сүт өнімдерін пайдалану – бұл артық салмақ
тастаудың жақсы тәсілі
7-сурет. «Сиыр сүті» 1-бөлімінің 5-ашық тапсырмасы
149
Бұл тапсырмада (7-сурет) білім алушылар екі веб-бетте ұсынылған
ақпаратты қорытындылап, кестеде келтірілген мәлімдемелердің қайсысы факт,
қайсысы пікір екенін анықтаулары тиіс. Егер білім алушы барлық төрт
тұжырымға дұрыс жауап таңдаса, осы тапсырма үшін ең жоғары балл алады.
Егер білім алушы төрт тұжырымның үшеуіне дұрыс жауап таңдаса, оның
жауабы ішінара дұрыс деп саналады.
Дұрыс жауаптар (жоғарыдан төменге): пікір, факт, факт, пікір.
Тапсырма номері
5
Оқырмандық дағды
Бірнеше дереккөздердің негізінде қорытындылау және
тұжырымдар құрастыру
Жауап формасы
Күрделі бірнеше таңдауы бар (компьютермен тексеріледі)
Болжамды деңгей
5
Сиыр сүті
№6 тапсырма
Сиыр сүті
Сұрақ 6/7
Қосымша парақтар арасында ауысу арқылы оң жақта орналастырылған екі мәтіннен де
ақпаратты пайдаланыңыз.
Сұраққа жауап беру үшін қажетті нұсқаны белгілеңіз.
Бұл екі мәтінде күнделікті тамақтанудағы сүттің ролі туралы авторлардың пікірлері бір-
бірінен ерекшеленеді.
Авторлар бір-бірімен қандай негізгі сұрақ бойынша келіспейді?
○ Сүттің денсаулыққа әсері және адамның тамақтануындағы сүттің рөлі.
○ Сүттің құрамындағы дәрумендер мен минералдардың саны.
○ Күнделікті тұтынуға арналған сүт өнімдерінің ең жақсы түрі.
○ Сүтпен байланысты мәселелерде қандай ұйым жетекші сарапшы болып табылады.
8-сурет. «Сиыр сүті» 1-бөлімінің 6-ашық тапсырмасы
Бұл тапсырмада білім алушылардан екі веб-парақта күнделікті тамақтану
рационында сүттің рөлі қалай сипатталатынын түсінуі талап етіледі.
Олар авторлардың пікірлері бір-біріне сәйкес келмейтін негізгі мәселені
анықтаулары тиіс. Бұл тапсырма қарама-қайшылықтарды анықтау және жоюға
бағытталған, бірақ ол PISA-2018 зерттеуінің ашық тапсырмаларының
мысалдарында ұсынылған көптеген басқа тапсырмаларға қарағанда жеңіл,
өйткені оның тұжырымдамасында қарама-қайшылықтың болуы туралы
айтылған.
Мұндай тапсырмалардың күрделілігі білім алушылар алдымен қарама-
қайшылықтың бар-жоғын анықтап, содан кейін оны тауып, содан кейін бұл
қарама-қайшылықты қалай жоюға болатындығын анықтаған кезде неғұрлым
жоғары болады деп саналады.
Бұл тапсырмада дұрыс жауап А – «Сүттің денсаулыққа әсері және
адамның тамақтануындағы сүттің рөлі».
150
Тапсырма номері
6
Оқырмандық дағды
Қарама-қайшылықты табу және жою
Жауап формасы
Ұсынылған төрт жауаптан дұрысын таңдау (компьютермен
тексеріледі)
Болжамды деңгей
2
Сиыр сүті
№7 тапсырма
Сиыр сүті
Сұрақ 7/7
Әр қосымша парақты басу арқылы, оң жақта орналастырылған екі мәтіннің ақпаратын
пайдаланыңыз.
Сұраққа жауап беру үшін қажетті нұсқаны белгілеңіз, содан соң түсініктеме жазыңыз.
Анна, Кристофер және Сэм екі мәтінді талқылап отыр.
Достарыңызбен бөлісу: |