Білім алушыларды тәрбиелеуде қҰндылықҚа бағытталған тәсілді жүзеге асыру бағдарламасы



Pdf көрінісі
бет68/250
Дата14.09.2023
өлшемі5.22 Mb.
#477514
түріБағдарламасы
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   250
құндылыққа негізделген 1 бөлім

Кристофер: Кофехананың қожайыны не істеп жатқаны маңызды емес, мен күнде сүт ішуімді 
жалғастыра беремін. Ол мен үшін шын мәнісінде пайдалы. 
Анна: Ал мен – жоқ! Оның мен үшін пайдасы онша болмаса, мен бұрынғыдан гөрі сүтті 
айтарлықтай аз ішетін боламын. 
Сэм: Мен білмеймін. Менің ойымша қорытынды шығармас бұрын, біз көбірек біліп алуымыз 
керек. 
Сіз кіммен келісесіз? 
○ Кристофермен. 
○ Аннамен. 
○ Сэммен. 
9-сурет. «Сиыр сүті» 1-бөлімінің 7-ашық тапсырмасы 
Бұл тапсырмада (9-сурет) оқушылар өздері оқыған екі мақаладан сүтті 
тұтыну туралы пікірлермен танысады. Кристофер сүт ішуді жалғастыра 
беретінін айтады. Анна тамақтану рационынан сүттің мөлшерін азайту дұрыс 
болады деп санайды. Сэм байыпты тұжырымдар мен шешімдер қабылдау үшін 
көбірек ақпарат қажет екеніне сенімді. 
Білім алушылар үш пікірдің кез-келгенін таңдай алады, бірақ бұл пікірдің 
олар үшін неліктен ең сенімді болып көрінетінін түсіндірулері тиіс. Өздерінің 
түсіндірмелерін ұсынылған екі немесе ең болмағанда бір мәтіннен алынған 
ақпаратпен дәлелдеулері қажет.
Төменде осы тапсырманы бағалау бойынша нұсқаулық берілген, онда 
білім алушы үш нұсқаның әрқайсысы үшін өз таңдауын негіздей алатын 
дәлелдер келтірілген. 
Бұл тапсырма негізінен қарама-қайшылықты анықтауға емес, оны жоюға 
бағытталған. Ұсынылған пікірлердің біреуімен келісе және жауабын дәлелдеу 
үшін тапсырмадағы мәтіндерді қолдана отырып, білім алушы әр түрлі 
дереккөздерден алынған ақпараттардың арасындағы қарама-қайшылықтарды 
шешуді қаншалықты жүзеге асыра алатынын көрсетеді.


151 
Мұғалімдер бұндай тапсырмалар әзірлеген немесе білім алушыларға 
ұсынған кезде бұл тапсырма ашық типті және оны кодтау күрделі екеніне назар 
аударулары тиіс.
Тапсырма номері 

Оқырмандық дағды 
Қарама-қайшылықты табу және жою 
Жауап формасы 
Толық жауабы бар тапсырма (эксперттік 
тексеру) 
Болжамды деңгей 

Дереккөз: 
https://krippo.ru/files/PISA/task.pdf

PISA-2018 халықаралық зерттеуін ұйымдастырушыларының және 
тапсырмаларды әзірлеушілердің қорытындысы бойынша бұл тапсырманы 
бағалау күрделі, алайда зерттеуге енгізіліп отыр, себебі қарама-қайшылықтарды 
анықтауға және жоюға егжей-тегжейлі жауап бере отырып, тапсырмалардың 
ерекшеліктерін жақсы суреттейді (Дереккөз: Figure 2.2. в OECD, 2019). 
Оқу сауаттылығын бағалау бойынша халықаралық зерттеудің тағы бір 
түрі – PIRLS жобасы – мектеп оқушыларының қалай оқи алтынын және 
түсінетінін тексереді. Зерттеуге бастауыш мектепті бітіретін балалар, яғни 
біздің елдің 4-сынып білім алушылары қатысады. Дәл осы кезде білім 
алушылардың мәтінді оқу және мәтінмен жұмыс істеу дағдылары жақсы 
қалыптасады, сонымен қатар негізгі орта және жалпы орта мектепте оқудың 
базасы болып табылады деп саналады. 
PIRLS зерттеуі бес жылда бір рет өткізіледі. PIRLS оқудың екі түрін: 
- оқырмандық әдеби тәжірибе алу үшін оқуды; 
- ақпаратты игеру және пайдалану үшін оқуды бағалайды. 
Оқу сауаттылығының жоғарыда аталған екі түрін тексеру үшін білім 
алушыларға танымал ғылыми (ақпараттық) және көркем шығармалардан екі 
мәтін беріледі.
Оқығаннан кейін балалар әрқайсысы бойынша алдын-ала әзірленген 
бірнеше сұрақтарға жауап беруі тиіс. Мәтін сұрақтары келесідей төрт дағдыны 
бағалайды: 
- ақпаратты табу; 
- нәтижелерді тұжырымдау; 
- ақпаратты түсіндіру және қорыту; 
- мәтіннің мазмұнын, тілдік ерекшеліктері мен құрылымын талдау және 
бағалау. 
Әр елдің өзіне тән білім беру жүйесі және мектеп бағдарламасы бар екені 
белгілі. Сондықтан, мұндай зерттеулерді ұйымдастырушылардың басты міндеті 
– тапсырмаларды әртүрлі елдердегі нәтижелерді бір-бірімен салыстыруға 
болатындай етіп жасау болып табылады.
Халықаралық сарапшылар білім алушыларды одан әрі оқытудың 
табыстылығының негізі бастауыш мектепте қаланады деп пайымдайды. PIRLS 
зерттеуінің нәтижелері оқушының оқуы мен дамуының табыстылығына әсер 
ететін факторларға (мектеп пен отбасының білім беру ресурстары, балалардың 
оқу мәдениетін қалыптастыруға ата-аналардың қатысуы және т.б.) 
регрессиялық талдау жүргізуге мүмкіндік береді. 2001, 2006 және 2011-


152 
жылдары өткен PIRLS зерттеуінде Гонконг (571), Ресей Федерациясы (568), 
Финляндия (568) және Сингапур (567) сияқты елдер алдыңғы қатарда болды. 
Қазақстан бұл жобаға алғаш рет 2016 жылды қатысты және қатысушылар 
саны 10 256 адамды құрады, оның ішінде 4 925 оқушы, 4-сынып білім 
алушыларының 4 925 ата-анасы, 234 бастауыш сынып мұғалімі, 172 мектеп 
директоры. PIRLS зерттеуіне қатысу бастауыш сынып білім алушыларының 
оқу дағдыларының қалыптасу деңгейі туралы тәуелсіз объективті баға алуға 
мүмкіндік береді. Сондай-ақ, қазақстандық білім берудің ашықтығы мен 
жетекші білім беру жүйелерінің халықаралық қоғамдастығына кірігуін 
қамтамасыз етеді. 
«Мәтінді оқу және түсіну сапасын зерттеу» бойынша халықаралық PIRLS 
мониторингтік зерттеуі бастауыш мектеп білім алушыларының мәтінді оқу 
және түсіну деңгейі мен сапасын салыстырумен қатар, ұлттық білім беру 
жүйесіндегі айырмашылықтарды анықтайды. 
Өзінің құрамына сапалы және сандық бағалауды біріктіретін орындалған 
жұмыстарды бағалаудың ойластырылған жүйесі PIRLS зерттеуінің ерекшелігі 
болып табылады. 
PIRLS зерттеуі тапсырмаларының орындалуы келесі жолмен бағаланады: 
- ұсынылған төрт нұсқадан жауап таңдау тапсырмалары – 1 балл; 
- оқиғалардың реттілігін анықтауға арналған тапсырмалар – 1 балл; 
- еркін құрастырылған жауабы бар тапсырмалар, тапсырманың 
күрделілігіне және жауаптың дәлдігі мен толықтығына байланысты – 1-ден 3 
баллға дейін; 
- еркін құрастырылатын жауабы бар тапсырмаларды әр тапсырманың 
орындалуын бағалаудың бір немесе басқа балл қойылатын жалпы тәсілдері мен 
білім 
алушылардың 
жауаптарының 
нақты 
мысалдарын 
қамтитын 
тапсырмаларды бағалау жөніндегі халықаралық Нұсқаулық ұсынған талаптарға 
сәйкес сарапшылар тексереді.
PIRLS зерттеуінде оқу сауаттылығының өте жоғары, жоғары, орта, төмен 
және ең төмен (деңгей төмен деңгейге жетпеген оқырмандарды даярлаудың 
сипаттамасы ретінде қолданылады), яғни бес деңгейі анықталған және 
сипатталған. 
Оқу 
сауаттылығының 
белгілі 
бір 
деңгейіне 
жеткен 
оқырмандардың мәтінді қалай түсінетіні, оқығанын түсіну үшін не істеу 
керектігін үйренгендері туралы ақпарат жалпы түрде 2-кестеде келтірілген. 
2-кесте – Мәтінді түсінудің әр деңгейіндегі оқу мүмкіндіктерінің сипаттамасы 
Мәтінді түсінудің өте жоғары деңгейі 
Өте жоғары деңгейдегі оқырмандар мәтінді біртұтас қабылдайды, сонымен қатар 
мәтіннің жеке бірліктерін және олардың өзара байланыстарын түсінеді; автордың 
көзқарасы бойынша өздерінің түсіндірмелерін негіздеу үшін мәтінге сүйенеді. 
Білім алушылар көркем мәтіндерді оқи отырып: 
▪ автордың жалпы идеяларын түсіну үшін мәтін бөлшектерін байланыстыра; 
▪ кейіпкерлердің сезімдерін, уәждерін, мақсаттары мен мінез-құлық ерекшеліктерін 
түсіну үшін оқиғалар мен әрекеттерді түсіндіре; 
▪ бүкіл мәтіннің мазмұндық және жанама элементтеріне сүйене отырып, олардың 


153 
625 
түсіндірмелерін негіздей алады. 
Білім алушылар ақпараттық мәтіндерді оқи отырып: 
▪ мәтіннің әртүрлі бөліктерінен алынған күрделі ақпаратты түсіндіре және мәтіннің 
барлық хабарламаларына сүйенумен өздерінің түсіндірулерін негіздей; 
▪ мәтін хабарламасының мағынасын түсіндіру және мәтінде сипатталған 
хабарламалар тізбегін ретімен құру үшін бүкіл мәтіннен ақпарат бірліктерін 
байланыстыра; 
▪ мәтін хабарламаларын түсіну үшін визуалды және ауызша элементтердің 
мағынасын бағалай және түсіндіре алады. 
550 
Мәтінді түсінудің жоғары деңгейі 
Жоғары деңгейдегі оқырмандар мәтіннің маңызды хабарламаларын түсінеді, 
мәтінге негізделген өз тұжырымдарын жасай алады, мәтіннің мазмұнын да, 
формасын да бағалайды, мәтіннің кейбір тілдік ерекшеліктеріне назар аударады. 
Білім алушылар көркем мәтіндерді оқи отырып: 
▪ мәтіннің әр түрлі бөліктеріңде жасырылған маңызды бөлшектерді таба және 
анықтай; 
мәтін оқиғалары, кейіпкерлерінің сезімдері, ниеттері мен әрекеттері арасындағы 
байланысты түсіндіру үшін тұжырымдар жасай және мәтін арқылы өз 
тұжырымдарын негіздей; 
▪ кейіпкерлердің мәтіннің әртүрлі бөліктерінде сипатталған оқиғаларын, әрекеттері 
мен мінез-құлқын байланыстыра және түсіндіре;
▪ мәтін хабарламасын түсіну үшін тарих оқиғаларын және кейіпкерлердің іс-
әрекеттерінің маңыздылығын бағалай; 
▪ тілдік кейбір сипаттамалардың (метафора, екпін, бейне) мағынасын түсіне алады. 
Білім алушылар ақпараттық мәтіндерді оқи отырып: 
▪ тұтас мәтіннің немесе күрделі кестенің ішінен қажетті ақпаратты таба және 
анықтай; 
▪ өз пікірлерін негіздеу үшін мәтіннің жеке хабарламаларының логикалық 
байланыстары туралы қорытынды жасай; 
▪ мәтін идеялары арасындағы байланысты негіздеу үшін ауызша және визуалды 
ақпаратты байланыстыра; 
▪ мәтіннің негізгі идеяларын жалпылау кезінде мазмұны мен формасын бағалай 
алады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   250




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет