Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі


«Цифрлық сауаттылық» пәнін (1 және 2-сыныптар) оқыту электрондық



Pdf көрінісі
бет28/70
Дата19.09.2023
өлшемі2.29 Mb.
#478017
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   70
Нұсқау хат 2023-2024

«Цифрлық сауаттылық» пәнін (1 және 2-сыныптар) оқыту электрондық 
оқулықтарды қолдану арқылы жүзеге асырылады. 
Негізгі орта білім беру деңгейінде «Математика және информатика» білім 
беру саласының мазмұны математика мен информатиканың әлемдегі рөлін 
айқындау және түсіну қабілетін қалыптастыруға; математиканы ғылымның 
әмбебап тілі, құбылыстар мен процестерді модельдеудің құралы ретінде 
түсінуге; математика мен информатиканы оқыту кезінде орта білім беру 
деңгейлеріндегі сабақтастықты, пәнаралық және пәнішілік байланыстарды; 
жалпы орта білім беру деңгейінде оқуды жалғастыруға және сабақтас пәндерді 
оқуға, оларды күнделікті өмірде пайдалануға қажетті базалық математикалық 
білім мен біліктерді меңгеруге; бағдарламалау технологиясының және 


43 
ақпараттық-коммуникациялық 
технологиялардың 
теориялық 
негіздері 
бойынша базалық білім жүйесін, информатиканы және басқа да пәндерді оқу 
кезінде ақпараттық және телекоммуникациялық технологияларды пайдалана 
отырып шынайы объектілер мен процестердің модельдерін қолдану және 
түрлендіру біліктерін меңгеруге; функционалдық сауаттылықты, логикалық, 
алгоритмдік және операциялық ойлауды, кеңістікті елестетуді, математика мен 
информатиканың түрлі тілдерін (сөздік, символдық, талдамалық, графикалық) 
пайдалану қабілеттерін, әртүрлі нысанда берілген ақпаратты қабылдау және 
сын тұрғысынан талдауды дамытуға бағытталған. 
Жалпы орта білім беру деңгейінде «Математика және информатика» білім 
беру саласының мазмұны білім алушылардың келесі білім алу деңгейінде 
табысты оқуы, сондай-ақ практикалық есептерді шешуі үшін қажетті 
математикалық білім жүйелері мен біліктерін және математикалық мәдениетті 
дамытуға; функционалдық сауаттылықты, абстрактілі, логикалық, алгоритмдік 
және есептік ойлауын дамытуға; есептерді шешу және ақпараттық 
технологиялардың құралдары мен әдістерін меңгеруге; білім алушылардың 
қоршаған әлемнің математикалық заңдылықтары туралы түсініктерін 
жүйелеуге және дамытуға, математикалық құралдар мен әдістердің тәжірибеде 
барлық білім салаларында құбылыстар мен процестерді сипаттау және 
зерттеуде қолданылатынын жете түсінулеріне; объектілер мен процестерді 
модельдеу ептіліктерін дамытуға бағытталған. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   70




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет