Асембаева эльмира куандыковна



Pdf көрінісі
бет23/45
Дата21.09.2023
өлшемі7.94 Mb.
#478091
түріДиссертация
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   45
Диссертация Асембаева Э К

alibicans дамуына кедергі келтірді. Оның антагонизм дәрежесі қоректік 
ортаның құрамына байланысты.
Йогурт өндірісінде әдетте Lactobacillus delbrueckii subspecies bulgaricus 
және Streptococcus thermophilus дақылдары қолданылады. Әдетте бұл 
микроорганизмдер бірге өсіріледі.
Streptococcus thermophilus GRAS (Generally Regarded As Safe) мәртебесіне 
ие, бұл олардың қауіпсіздігін халықаралық мойындауды және азық-түлік және 
фармацевтикалық салаларда шексіз пайдалануға, сонымен қатар балалардың 
өмірінің алғашқы күндерінен бастап пайдалануға мүмкіндік береді [198]. 
Lactobacillus 
bulgaricus 
түрлеріне 
жататын 
сүтқышқылды 
микроорганизмдер йогуртты өнеркәсіпте дайындайтын бастапқы дақылдар 
ретінде кеңінен қолданылады. Табиғи изоляттар мен сүт қышқылды 
бактериялардың 
штаммдарын 
физиологиялық 
және 
биохимиялық 
сипаттамаларына сүйене отырып, штамм деңгейінде әрдайым бөлу мүмкін 
емес. Лактобацилалардың көмірсулардың ашыту қабілеттілігі – бұл 
микроорганизмдердің 
туысаралық 
және 
түрлік 
құрамы 
бойынша 
сәйкестендірудің басты өлшемі [199]. 
Lactobacillus delbrueckii subsp. bulgaricus жасушадан тыс полисахаридтер 
шығарады, олар құрылымды жақсартады, өнімнің тұрақтылығын арттырады 
және синерезистің алдын алады [200]. 
Lactobacillus delbrueckii subsp. bulgaricus сонымен қатар адам ағзасына 
иммуностимуляторлық әсер етеді және асқазан-ішек жолдарынан өткен кезде 
өмір сүруге қабілетті [201]. 
Пребиотикалық қасиеттері бар сүтқышқылды өнімдер нарықта өте аз 
мөлшерде кездеседі, түйе сүті негізінде пребиотикалық қасиеттері бар 
сүтқышқылды сусындар кездеспейді. 
Жоғарыда келтірілген ғылыми-техникалық әдеби дереккөздерді талдау 
негізінде зерттеу мақсаты құрылды – функционалды ингредиенттерді қолдана 
отырып, түйе сүті негізінде пребиотикалық қасиеттері бар сүтқышқылды 
сусындар биотехнологиясын жасау болып табылады. Бұл сусын тек 
тұтынушылардың кең ауқымы үшін ғана емес, сонымен бірге артық салмақ
қант диабеті бар адамдар үшін де қолжетімді болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   45




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет