9
ғана
емес,
сонымен
қатар
адам
денсаулығын
сақтауға
қажетті
микроорганизмдердің биохимиялық, метаболиттік және иммундық тепе-
теңдігін қолдайды. Пребиотиктермен байытылған функционалды тамақ
өнімдерін жасау мәселесі ғылыми тұрғыдан қызығушылыққа ие және көптеген
ғылыми негізделген зерттеулерге байланысты үлкен көлемде дамып келеді [10,
11].
Тағам өнімдерін өндіруде
пребиотиктерді пайдалану, өнімге тек қана
функционалдық қасиеттер беру үшін ғана емес, сонымен бірге дайын өнімнің
технологиялық сипаттамасын арттыруға, сапасын жақсартуға, сондай-ақ сақтау
мерзімін арттыруға мүмкіндік беретіндігін атап өту керек [3, р. 5; 12, 13].
Қазіргі уақытта құрамы табиғи қосылыстар болып табылатын
тәттілендіргіштер үлкен қызығушылық тудыруда.
Табиғи тәттілендіргіштерді
қолдану бір мезгілде тағамға тәттілік дәм және
пребиотиктермен байытуға
мүмкіндік береді. Сонымен қатар, оларды рецептураға қосу дайын өнімдегі
көмірсулардың мөлшерін азайтады және оның өзіндік құнын төмендетеді. Олар
қандағы инсулин деңгейіне әсер етпейді және тістің бұзылуына әкелмейді.
Технологиялық
тұрақтылығына
байланысты,
тәттілендіргіштер
тағам
өнеркәсібінің көптеген салаларында қолданылады [4, р. 191; 14, 15].
Сүт өнімдерінің адам ағзасына емдік әсері бар екендігі ерте кезден-ақ
белгілі және пайдалы әсерін пробиотикалық және синбиотикалық сүт өнімдері
көрсетеді, олар адамдарда асқазан-ішек жолдарының ауруларының алдын алуда
үлкен рөл атқарады [16-19].
Жоғарыда келтірілген мәліметтерді ескере отырып,
функционалды
сүтқышқылды сусындардың түрлерін кеңейту үшін сүтқышқылды өнімдердің
жаңа технологияларын әзірлеу қажет. Бұл адам ағзасын қоректік заттар мен
энергияға деген физиологиялық қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін ғана
емес, сонымен қатар профилактикалық және емдік функцияларын
жоғарылатуға мүмкіндік береді. Сондықтан түйе сүтінен алынатын
пребиотикалық
қасиеттері
бар
сүтқышқылды
сусын
жасаудың
биотехнологиясын жасау әлеуметтік және медициналық
маңызы бар өзекті
мәселе болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: