Қостанай облысы әкімдігінің мәдениет басқармасы Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейі



Pdf көрінісі
бет19/27
Дата22.09.2023
өлшемі1.18 Mb.
#478266
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   27
Сборник Чокан Валиханов

Пайдаланылған әдебиеттер 
1. Бейсенова А.С. Чокан Валиханов – путешественник и географ. А, 1989.
352 б. 
2. Кыстаубаев Б. Тайна Чокана Валиханова. А., 2010. 463 б. 
3. Масанов Э.А. Истории и этнографического изучения казахского народа в
СССР. Астана, 2007. 549 б. 
4. Валиханов Ч.Ч. Избранные произведения. А., 2009. 544 б. 
5. Валиханов Ч.Ч. Собрание в пяти томах. Т 3. А., 1964. 662 б. 
6. Стрелкова И. Жизнь замечательных людей. Валиханов. М., 1982. 282 б. 
7. Сулейменов Р.Б., Моисеев В.А. Ч. Валиханов - востоковед. М., 1956. 182 б. 
 

ДАЛАНЫҢ ДАРА ДАРЫНЫ 
П.Б.Сүйінкина
Қостанай педагогикалық колледжі, 
арнайы пәндер оқытушысы 
 
Шоқанды тану үшін... 
Көпшілік Шоқанды қазақтан шыққан тұңғыш ғалым деп қана біледі, неге 
десеңіз мектеп оқулықтарында оны негізінен осылай сипаттайды. Филология 
ғылымының докторы, профессор Тұрсынбек Кәкішевтің: «Шоқанды «ұлы 
ғалымымыз» деп мақтан тұтамыз, бірақ оның әрбір ісі, еңбектері қазіргі 
біздің жастарымыздың бойына сіңбей жатыр» деуі тегін емес[ 1,35.]. Ал ұлы 
тұлғаның еңбектерін қарап, шоқантаушылардың зерттеулеріне үңілсең, көп 
нәрсеге көзің жетеді. Мойындауымыз керек, білмейтініміз жетерлік екен. 
Әрине, өз басым Шоқандай кесек тұлғаға ерекше құрметпен, сүйіспеншілікпен 
қараймын, ол туралы мерзімді басылым беттеріндегі жарияланымдарды оқып, 
жинастырып жүремін, қажет кезінде қайтара көз жүгіртемін. 
Биыл Шоқанның туғанына 185 жыл толады. Туған айы қараша деп 
жазылғанымен, нақты туған күні көрсетілмей келеді. Құйрықты жұлдыздай 
жарқ етіп, тым келте ғұмыр кешсе де, өшпестей із қалдырған ерекше тұлға 
жөнінде неге жазбасқа деген ой тосыннан қылаң беріп, оған қатысты қолда бар 
материалдарды осы жолы мұқият зерделеп шықтым десем де болады. Ғалым, 
жазушы-зерттеуші Жарылқап Бейсенбайұлының «Шоқанды жетік тану үшін 


66 
оның өмірі мен қызметіне қатысты жинақталған мол деректерге
еңбектеріне, замандастарының естеліктеріне, өзі жазған, оған жазылған 
хаттарға, кейіннен ашылған мұрағаттық дәйектерге зерделей қараған жөн» 
деген сөзі бекер айтылмаса керек [ 2,7.].
Әрине, бір мақалада кеңінен көсіле жазып, бәрін қамту мүмкін емес. 
Сондықтан болашақ ғалымның дарабоздығы, талантының жан-жақтылығы 
неден бастау алды екен деген сауал төңірегінде, сондай-ақ оның өміршең 
өнегесінің кейбір қырлары жөнінде ғана аз-кем сөз өрбітіп көрелік. Шоқанның 
зеректігін, қабілет-қарымының мол екенін оны жақын білетіндер бірден байқап, 
жоғары бағалаған. «Современник» журналының 1864 жылғы 102-нөмірінде 
«Ш.Уәлихановтың қабілеттілігі және жігерлілігі сонша, Сібірде тұратын 
бұратана халықтар арасында бұрын-соңды ондай адам болған емес», деп 
жазды. Айталық, Шоқан шығармаларына жазған алғысөзінде академик 
Н.И.Веселовский: «Ш.Уәлиханов Шығыстану әлеміне құйрықты жұлдыздай 
жарқ етіп шыға келгенде, орыстың Шығысты зерттеуші ғалымдары оны 
ерекше құбылыс деп түгел мойындап, түркі халқының тағдыры туралы 
ғалымнан маңызы зор, ұлы жаңалықтар ашуды күткен еді. Бірақ Шоқанның 
мезгілсіз қазасы біздің бұл үмітімізді үзіп кетті» [3,3.]. деп, Шоқанды «ерекше 
құбылыс» ретінде бағаласа, шоқантанушы ғалым Көшім Есмағамбетов 
«даланың ұлы дарыны» санаған. Шоқан еңбектерін жинастырып, зерделеп, 
олардың жарыққа шығуына ұйытқы болған әйгілі академик Әлкей Марғұлан: 
«Шоқанның табиғи дарындылығы мен зеректігі халықтың өмірін терең 
зерттеп, оның жақсы-жаман жақтарын түгел көріп, байқап отыруына 
мүмкіндік берді» деп жазады[ 3,3.]. Ал сол табиғи дарын мен зеректік бала 
Шоқан бойына кімнен, қайдан және қалай дарыды екен? 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   27




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет