Қазақ тілі лексика, фонетика, морфология мен синтаксис



Pdf көрінісі
бет104/337
Дата26.09.2023
өлшемі3.22 Mb.
#478549
түріОқулық
1   ...   100   101   102   103   104   105   106   107   ...   337
аза тілі лексика, фонетика, морфология мен синтаксис

Тақырып бойынша сұрақтар: 
 
1) Зат есім қандай сөз табы ? 
2) Зат есім сөздері заттар мен құбылыстардың атаулары ретінде
қандай топтарға бөлінеді ? 
3) Адамзат және ғаламзат атауларына қандай сөздер жатады? 
4) Зат есімдерге тән дара және жинақтық мағына нені білдіреді ? 
5) Қандай зат есімдер деректі зат есім деп аталады ? 
6) Жалпы есім деген не ? 
7) Жалқы есім деген не ? Жалқы есімдер қалай жазылады ? 
 
65-жаттығу. Сөйлемдерді көшіріп, жалқы есімдерді бас әріппен жазыңдар да, түрлерін 
айтып беріңдер. 
1.Қазақстан жерінде каспийге орал, елек, жем өзендері құяды. 2. Күзге 
қарай семей, ақмола, қостанай, көкшетау, солтүстік қазақстан және павлодар 
облыстарының егін далаларында жайқалып пісіп тұрған бидай бейне бір 
толқын тәрізді болып көрінеді. 3.Қазақстандағы көне ескерткіштердің ең 
көрнектісі - түркістандағы қожа ахмет яссауи кешенесі. Сол жазда ақан сері 
балжан қызға арнап атақты сырымбет әнін шығарады. Абай семейге 
баймағанбетті жіберіп, екі қоржын кітап алдырды. Кітаптардың ішінде 
парсының ләйлісі мен мәжүні, жүсібі мен зылихасы, фераусидің рүстем 
дастаны, еуропаның шекспирі мен дантесі, орыстың пушкині, лермонтовы, 
толстойы бар (М.Ә.). Сұңқардайын сыланған, тотыдайын таранған сұлу жібек 
бармысың!? (қыз жібек). 
 
66-жаттығу. Зат есімдерді берілген кестеге мағынарына қарай орналастырыңдар. 
жалпы 
жалқы 
деректі 
дерексіз 
дара 
жинақы 
 
1.Жуырда болып өткен ақындар айтысында бірнеше жас талапкерлер 
есімі белгілі болды. 2. Қазақстандағы көне ескерткіштердің ең көрнектісі 
Түркістандағы Қожа Ахмет Яссауи кесенесі болып табылады. 3. Бір жағынан 
жоңғар, бір жағынан құрғақшылық босқан жұрттың зықысын шығарды. 4. Егіс 
науқанында сіңірген еңбегі үшін Саттарға шаруашылық басшылары алғыс 


жариялап, бағалы сыйлық тарту етті. 5. Оның қолын байлап тастапты, қару-
жарағын әлдеқашан шешіп алған. 6. Үлкені ауруханада дәрігер, ал кішісі 
балабақшада тәрбиеші болып істейді. 7. Манайдың қара шаңырағына 
ақсақалдар жиналап, әңгіме-дүкен құрып отыр. 8. Бұл қуаныш Шоқанды қатты 
көңілдендірді. 9. Жастар жағы жиналып алтыбақан ойынын құрды. 10. Шоқан 
енді сұрау бермей, сазарған кескінмен далаға шықса, ас үйдің белдеуінде 
малшының ерттеулі аты тұр екен. 11. Сол жерде бес танкист өзеннен танкімен 
өтіп, арғы қабаққа бекінуге уәде бердік. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   100   101   102   103   104   105   106   107   ...   337




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет