Қазақ тілі лексика, фонетика, морфология мен синтаксис


жұрнақтар:  1. -ма, -ме, -па, -пе, -ба, -б



Pdf көрінісі
бет106/337
Дата26.09.2023
өлшемі3.22 Mb.
#478549
түріОқулық
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   337
аза тілі лексика, фонетика, морфология мен синтаксис

жұрнақтар: 
1. -ма, -ме, -па, -пе, -ба, -бе: жар-ма, кес-пе, тоқы-ма, бас-па, жаз-ба, сүз-бе.  
2. -ым, -ім, -м: өр-ім, бөл-ім, ал-ым, біл-ім, таны-м. 
3. -ыс, -іс, -с: жар-ыс, соғ-ыс, жең-іс, айт-ыс, кір-іс, шығ-ыс, 


 4. -қыш, -кіш, -ғыш, -гіш: бас-қыш, өшір-гіш, сүз-гіш, теже-гіш, көрсет-
кіш, аш-қыш, желдет-кіш, қыр-ғыш. 
5.  -ын, -ін, -ынды, -інді: жау-ын, ег-ін, түй-ін, жи-ын, жи-ынды, қи-ынды. 
6. -ақ, -ек, -қ, -к: қон-ақ, тара-қ, күре-к, жат-ақ, қайра-қ, құра-қ; 
7. -қы, -кі, -ғы, -гі: ұйыт-қы, түрт-кі, ашыт-қы, бұр-ғы, сүз-гі, іріт-кі.
8. -қын, -кін, -ғын, -гін: ұш-қын, тас-қын,көш-кін, шал-ғын;
9. -ыш, -іш: қуан-ыш, күйін-іш, тірен-іш, сүйін-іш.  
10. -ық,-ік: қаз-ық, сыз-ық, көр-ік,тес-ік,ой-ық, сез- ік; тоз-ық.
11. -уыш, -уіш: тырна-уыш, тіре-уіш, ора-уыш.  
12. -мақ, -мек, -пақ, -пек: құй-мақ, ой-мақ, шақ-пақ, сыр-мақ; 
13. 
көсе-у, 
бұра-у, қаша-у, еге-у

боя-у

тіре-у. 
67-жаттығу. Сөйлемдерді көшіріп жазып, туынды зат есім тудырып тұрған жұрнақтардың 
астын сызыңдар да, ол жұрнактар қай сөз табынан зат есім жасап тұрғанын айтып беріңдер. 
1.Соның орталығынан он бес-жиырма шанамен жұмысшылар шығады да
жайлаудағы фермаға шөп апарып, жадағай шанамен орталққа түнде қай-тады. 
(С. М.) 2. Маған салса, қазаншы етіп ала кетер едім. (Ә. С.) 3. Бөлменің дәл 
ортасындағы үлкен аспалы шамның сәулесінен үй ішіндегі жиһаз жалт-жұлт 
етеді. (Ә. С.) 4. Әлденеге қуанып, шулап жүгіріскен үлкенді-кішілі балалар да 
таза киімдер киіскен. (М. Ә.) 5. Іні-бауырлар көздерінде қуаныш жасы бар. 
(М. Ә.) 6. Оқу — білім азығы, білім — ырыс қазығы. (М. М.) 7. Шөпшілер 
түскі тынысқа_тараған-ды. (Ғ. Сл.) 8. Ерте барсам, жерімді жеп қоям деп, 
ықтырмамен күзеуде отырар бай. (А. Қ.) 9. Кешікпей келіншек қайта шықты. 
(Б. С.)
10. – Мынау жас қонаққа, - деді жаңбырбай, асқар тыстан келгеннен кейін 
әйеліне, - Төсекті Сарыбастың бөлмесіне салып бер, жастар ойнап-күліп бірге 
жатсын ( С. М. ). 11. Сонау тау ішіндегі тар кезеңде жалғыз қалған Олжабекті 
ит-құсқа жем қылмай алып қайтқан мылтықты адам- осы Шығанақ ( Ғ. Мұст. 
). 12. Таң қараңғысында өзге пішеншілерді оятып, ол барлық шалғыны да түні 
бойы шыңдап, қылпылдатып қояды ( С. М.). 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   337




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет