15
3. Д а у ы с т ы д ы б ы с т а р д ы ң е р і н н і ң қ ы з м е т і н е қ а р а й
ж ү й е л е н у і
Дауысты дыбыстардың жасалуында үлкен орын алатын дыбыстау мүше-
лерінің бірі —
ерін. Дыбыстарды шығаруда екі ерін бірде дөңгелене сүйір-
леніп, алға қарай шүйіріліп созылып тұрады, бірде екі ерін сүйірленбей, кейін
жиырылады да, дыбыс шығаруда күш екі езуге түседі. Екі еріннің дөңгелек-
тене сүйірленіп, алға қарай созылып тұруынан пайда
болған дауысты дыб-
ыстарды
еріндік дауысты дыбыстар дейді. Оларға :
о, ө, ұ, ү, у дауыстылары
жатады. Екі ерін сүйірленбей, кейін жиырылып тұрып, дыбыс шығаруда күш
екі езуге түсетін болса, ондай дауысты дыбыстарды
езулік дауысты
дыбыстар деп атайды. Оларға:
а, ә, и, е, э, ы, і дауыстылары жатады.
4-жаттығу. Төмендегі мәтіннен еріндік дауысты
дыбысы бар сөздерді бір бөлек, езулік
дауысты дыбысы бар сөздерді бір бөлек көшіріп жазыңдар.
Содан кейін еріндік, езулік
дауысты дыбыстары араласып келетін сөздерді бір бөлек жазыңдар.
Ең бірінші бақытым-Халқым менің.
Соған берем ойымның алтын кенін.
Ол бар болса, мен бармын, қор болмаймын.
Қымбатырақ алтыннан нарқым менің.
Ал екінші бақытым-тілім менің.
Жас жүректі тіліммен тілімдедім.
Кей-кейде дүниеден түңілсем де,
Қасиетті тілімнен түңілмедім.
Бақытым бар үшінші Отан деген.
Құдай деген кім десе, Отан дер ем.
Оты сөнген жалғанда жан барсың ба,
Ойланбай-ақ келдағы от ал менен.
Мұқағали Мақатаев.
5-жаттығу. Мына сөздердегі дауысты дыбыстардың түрлерін айтып беріңдер, олардың,
жасалу жолдарын түсіндіріңдер.
Арба, кырық, көгілдір, жүру, жиырма, тез, балалар, алғашқы, қабырға,
үйлер,бұрғылау, екпе, жүрек, балық, күшті, қисык, уылдырық, жұрнақ,
балдырған, бөбек.
Достарыңызбен бөлісу: