9-жаттығу. Мына сөздердегі
у әрпінің, қай сөзде қандай дыбыстың таңбасы
болып
тұрғандығын айтып беріңдер.
Тауық, уақыт, будан, шашбау, жату, бауырсақ, суыртпақ, рухани, шаруа,
қуыс, лауреат, қудалау, науқан, лықсу, сәуле, бу, секіру, көсеу, уыс, уқалау, ру,
ұялау, төгілу, аунау, аңду, думан, зуылдақ, жауырын, сауалнама.
10-жаттығу. Мына сөздерге тұйық райдың
у жұрнағын жалғап,
сол
сөздермен сөйлем
құрап жазыцдар.
Ау, жи, сау, сый, суы, сой, ту, күй, жау, үй.
7.
и әрпі мынадай орындарда жазылады:
а) түбір сөзде де, туынды сөзде де
и әрпі жінішке
естілетін жалаң и
дыбысының және қосарлы
ый, ій дыбыстарының
таңбасы ретінде
қолда-
нылады:
игілік, иек, имек, киім, қиын, сиыр, жиын, тиын, шикі, саяси,
ғылыми, тәрбие;
ә)
я, ю әріптерінен бұрын қысаң
ы, і дыбыстары естілген сөздің
бәрінде де олардың орнына
и әрпі жазылады :
қияқ, дария, қия, зиян, сия,
тию, қию, аңқию;
б) етістіктің түбірі
йы, йі дыбыстарының
тіркесіне аяқталып, оған
көсемшенің
-й жұрнағы жалғанса,
ый, ій дыбыстарының таңбасы ретінде
жалғыз ғана
и әрпі жазылады. Мысалы:
байы+й+ды= байиды, кейі+й + ді =
кейиді.
Е с к е р т у.
Қосарлы ый әріптері тек
тый, сый сөздерінде және осы сөздерге жұрнақ
жалғану ақылы жасалған туынды сөздерде ғана жазылады:
сый, сыйлық, сыйлау, сыйымды,
сыяды; тый, тыйым, тыйылу.
11-жаттығу. Мына сөздердегі көп нүктенің орнына
и, й, ый әріптерінің тиістісін қойып
көшіріп жазыңдар.
қ...сық, ж...ырма, лир...ка, мо...ын, қ...мыл, қ...сын, ...кемді, т...ылу, т...істі, с...
ла, с...ық, о...мақ, а...на, қа...мақ, мо...ын, ж...нақ, т...ылды, д...қан, б...лік, ...ін,
...не, ж..., мәден..., ш...кі, с...лық, тар...х, н...ет.
12-жаттығу. Көп нүктенің орнына тиісті әріпті жазып көшіріңдер. Ол
әріптің қандай
дыбыстың таңбасы ретінде қолданылып тұрғандығын аитып беріңдер.
қ...ял, жар...я, тақ...я, с...яқты, парт...я, мұқ...ят, ж...юға, к...юші, қ...юы, с...яды,
балқ...я, арм...я, с...я, З...яда, авиац...я,
з...янды, б...язы.
8
. э, ё әріптері орыс тілінен енген сөздерде ғана жазылады:
эпос, поэма,
эмоция, электр, актёр, экран, ёлка.
9.
ю әрпі
й және
у дыбыстарының таңбасы ретінде мынандай орындарда-
жазылады: