Қазақ тілі лексика, фонетика, морфология мен синтаксис


у дыбысына аяқталған етістіктің түбіріне тұйық райдың у жұрнағы  жалғанса, екі у



Pdf көрінісі
бет15/337
Дата26.09.2023
өлшемі3.22 Mb.
#478549
түріОқулық
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   337
аза тілі лексика, фонетика, морфология мен синтаксис

у дыбысына аяқталған етістіктің түбіріне тұйық райдың у жұрнағы 
жалғанса, екі у әрпі қатар жазылады: қуу, жуу, буу. жауу, сауу т. т. 
и дыбысына бітетін етістіктерге жалғанатын тұйық райдың у жұрнағы 
ю түрінде жазылады: и+у= ию, ки -у— кию, жи+у— жию, ой+у = ою, қи+у = 
қию, сой + у = сою, 


9-жаттығу. Мына сөздердегі у әрпінің, қай сөзде қандай дыбыстың таңбасы болып 
тұрғандығын айтып беріңдер. 
Тауық, уақыт, будан, шашбау, жату, бауырсақ, суыртпақ, рухани, шаруа, 
қуыс, лауреат, қудалау, науқан, лықсу, сәуле, бу, секіру, көсеу, уыс, уқалау, ру, 
ұялау, төгілу, аунау, аңду, думан, зуылдақ, жауырын, сауалнама. 
10-жаттығу. Мына сөздерге тұйық райдың у жұрнағын жалғап, сол сөздермен сөйлем 
құрап жазыцдар. 
Ау, жи, сау, сый, суы, сой, ту, күй, жау, үй. 
7. и әрпі мынадай орындарда жазылады:
а) түбір сөзде де, туынды сөзде де и әрпі жінішке естілетін жалаң и 
дыбысының және қосарлы ый, ій дыбыстарының  таңбасы ретінде қолда-
нылады: игілік, иек, имек, киім, қиын,  сиыр, жиын, тиын, шикі, саяси, 
ғылыми, тәрбие;  
ә) яю әріптерінен бұрын қысаң ы, і дыбыстары естілген сөздің
бәрінде де олардың орнына и әрпі жазылады : қияқ, дария, қия, зиян, сия, 
тию, қию, аңқию; 
б) етістіктің түбірі йыйі дыбыстарының тіркесіне аяқталып, оған 
көсемшенің  жұрнағы жалғанса, ыйій дыбыстарының таңбасы ретінде 
жалғыз ғана и әрпі жазылады. Мысалы: байы+й+ды= байиды, кейі+й + ді = 
кейиді. 
Е с к е р т у. Қосарлы ый әріптері тек тый, сый сөздерінде және осы сөздерге жұрнақ 
жалғану ақылы жасалған туынды сөздерде ғана жазылады: сый, сыйлық, сыйлау, сыйымды, 
сыяды; тый, тыйым, тыйылу. 
 11-жаттығуМына сөздердегі көп нүктенің орнына и, й, ый әріптерінің тиістісін қойып 
көшіріп жазыңдар. 
қ...сық, ж...ырма, лир...ка, мо...ын, қ...мыл, қ...сын, ...кемді, т...ылу, т...істі, с... 
ла, с...ық, о...мақ, а...на, қа...мақ, мо...ын, ж...нақ, т...ылды, д...қан, б...лік, ...ін, 
...не, ж..., мәден..., ш...кі, с...лық, тар...х, н...ет. 
12-жаттығуКөп нүктенің орнына тиісті әріпті жазып көшіріңдер. Ол әріптің қандай 
дыбыстың таңбасы ретінде қолданылып тұрғандығын аитып беріңдер. 
қ...ял, жар...я, тақ...я, с...яқты, парт...я, мұқ...ят, ж...юға, к...юші, қ...юы, с...яды, 
балқ...я, арм...я, с...я, З...яда, авиац...я, 
з...янды, б...язы. 
8. э, ё әріптері орыс тілінен енген сөздерде ғана жазылады: эпос, поэма, 
эмоция, электр, актёр, экран, ёлка. 
9. ю әрпі й және у дыбыстарының таңбасы ретінде мынандай орындарда- 
жазылады: 


19 
а) түбір сөздегі дауысты дыбыстан кейін қосарлы й+у дыбыстарының 
орнына қолданылады: жаю, қою, сою, оюлады,жиюлы; 
ә) орыс тілінен енген терминдік сөздерде сөз басында да, дауыссыз 
дыбыстардан кейін де жазылады: юрист, бюро, жюри. брошюра, эволюция, 
юмор. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   337




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет