Қазақ тілі лексика, фонетика, морфология мен синтаксис


ғана білетіндігін көрсететін етістіктің шағы е ж е л г і



Pdf көрінісі
бет188/337
Дата26.09.2023
өлшемі3.22 Mb.
#478549
түріОқулық
1   ...   184   185   186   187   188   189   190   191   ...   337
аза тілі лексика, фонетика, морфология мен синтаксис

ғана білетіндігін көрсететін етістіктің шағы е ж е л г і
ө т к е н ш а қ деп аталады. 
Ежелгі өткен шақ етістіктің түбіріне көсемшенің –ып, -іп, -п жұрнағы 
жалғанып, одан кейін жіктік жалғау қосымшалары жалғану арқылы 
жасалады. Мысалы:ту+ып+пын, кел+іп+пін, қара+п+ты. 
 
Ежелгі өткен шақтың жіктелу үлгісі 
 
Жақ 
Жекеше 
Көпше 

II 
III 
алыппын, келіппін
алыпсың, келіпсің 
алыпсыз, келіпсіз
алыпты, келіпті 
алыппыз, келіппіз 
алыпсыңдар, келіпсіңдер 
алыпсыздар, келіпсіздер 
алыпты,келіпті 
3.Бұрынғы өткен шақ. Іс, қимыл, амалдың істелгеніне, орындалға-
нына көп уақыт өткендігі айқын, тұжырымды түрде көрсетілетін 
етістіктің шағы б ұ р ы н ғ ы ө т к е н ш а қ деп аталады. 
Бұрынғы өткен шақ етістіктің түбіріне есімшенің –қан, -кен, -ған, -ген
жұрнағы жалғанып, одан кейін жіктік жалғау қосымшасы жалғану арқылы 
жасалады. Мысалы: бар+ған мын, айт+қан+сың, кел+ген+сіз; сана+ған+ 
быз, ойна+ған+сыңдар, тер+ген+сіздер. 
 
Бұрынғы өткен шақтың жіктелу үлгісі 
 
Жақ 
Жекеше
Көпше 

II 
III 
барғанмын, көргенмін 
барғансың, көргенсің 
барғансыз, көргенсіз 
 
барған, көрген 
барғанбыз, көргенбіз 
барғансыңдар, көргенсіңдер 
барғансыздар, көргенсіздер 
барған, көрген 
Бұрынғы өтен шақтың болымсыз түрі үш түрлі жолмен жасалады: 
а) болымсыздық –ма, -ме, -ба, -бе, -па, -пе жұрнақтары жалғану арқылы. 
Мысалы: айт+па+ған+мын, жаз+ба+ған+сың, жет+пе+ген+сің; 


ә) есімшенің өткен шақтың жұрнағы жалғанған негізгі етістіктен соң жоқ, 
емес сөзі көмекші ретінде қолданылады да, жіктік жалғау қосымшасы сол 
сөзге жалғанады. Мысалы: барған жоқ+пын, айтқан жоқ+сың, келген жоқ. 
Бұрынғы өткен шақ кейде –қан, -кен, -ған, -ген жұрнағы жалғанған 
есімше мен –ып, -іп, -п жұрнағы жалғанған көсемшеден кейін е көмекші 
етістігінің өткен шақтық түрі (едім,едің, еді, едік, едіңдер) тіркесіп айтылу 
арқылы да жасалады. Мысалы: барған едім, барып едім, айтқан едің, айтып 
едің, келген еді, келіп еді т.т. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   184   185   186   187   188   189   190   191   ...   337




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет