Қазақ тілі лексика, фонетика, морфология мен синтаксис



Pdf көрінісі
бет326/337
Дата26.09.2023
өлшемі3.22 Mb.
#478549
түріОқулық
1   ...   322   323   324   325   326   327   328   329   ...   337
аза тілі лексика, фонетика, морфология мен синтаксис

екенсің ғой өзің- деді таңданғанын жасыра алмай (Б.С.). 
4.Төл сөзді сөйлем екі жарылып, автордың сөзі төл сөздің ішіне 
қыстырылып айтылады: Мысалы: 
- Бай, бағлан боп қадірлі болмайды жігіт , - деді Абай жаңағы өз ойын 
аяқтатып тоқтатпақ боп, - өнерлі боп, сол өнерін ұстай біліп қадірлі 
болады.
5.Төл сөз бен автор сөзі бірнеше бөлініп, араласып келуі де мүмкін.Ондай 
жағдайда жоғарыдағы төрт қағида негізге алынып, тиісті тыныс белгілері 
қойылады. Мысалы:
Ержан оған қолын ұсынып жатып, ақырын ғана: - Айқынов, - деп еді, ол 
өзін: - Буратай Жексенов, - деп таныстырды ( Ғ. С. ). 
6.Көркем әдебиеттерде төл сөзді сөйлем мен автор сөзінен құралған 
сөйлемді де көмекші етістігінің деп, деді де сияқты тұлғалары
байланыстырып, төл сөзді аралас құрмалас сөйлем жасалатын болса, деп,
деді де етістіктерінен кейін үтір қойылады. 
Мысалы:
1). Жолаушылар ұзап барады. Әйгерім, Үмітейлердің құлағына соңғы 
қайырма әлі де анық естіліп тұр. Алыстағы көк жотаға қонақтар өрлеп 
барады. 
- Қозы көш жерге кетті, әлі естіліп тұр, не еткен үн?-деп, Ербол 
тамаша сүйсініп тұр. (М.Ә.) 
2). Дау айтайын деп келе жатқанда, Абай таласа сөйлеп, 
бастырмалатып кетті. 
 
- Немене! Жетім-жесірдің аулы ма бұл, сіз әкімдік жүргізетін...Бұдан 
былай тек жүріңіз! Бүгін Байсүгірді ұрғаның өзімді ұрғаннан кем болған 
жоқ.Білдіңіз бе?..Сол - деді де жүріп кетті. (М.Ә.) 
7. Төл сөз сұрау, жауап ретінде айтылған екі адамның сөйлескен 
түрінде айтылса, оны диалог деп атайды да, әр сөйлемі сызықша арқылы 
жаңа жолдан басталып жазылады. Мысалы:
Қара томардың жағасында, ауылдардан оғашырақ, қазықтың басына 
байлаған қызыл шүберек желбірейді.Ол-тіккен жалау...Жалау тұрған 
жерге аттылы, жаяулы көп кісі ағылып жатыр. 
-Бұлар кімдер?-деген сұрауға: 
-Батрақтар!?-деп, жауап береді білетін адамдар.  
-Қайда барады? 
-Жиналысқа. 
-Ұйымдастырушы кім оны? 


353 
-Биыл осы маңда құрылған болыстық партия комитеті.(С.М.) 
8. Драмалық шығармаларда әрбір төл сөздің алдында оны айтушы 
адамның аты, не тегі тұрады да, одан кейін қос нүкте қойылмай, нүкте 
қойылады.Төл сөз тырнақшаға алынбай, бас әріппен жазылады.Мысалы:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   322   323   324   325   326   327   328   329   ...   337




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет