Қазақ тілі лексика, фонетика, морфология мен синтаксис


Біреудің айтқан сөзін сол қалпында, ешбір өзгеріссіз екінші бір адамға



Pdf көрінісі
бет325/337
Дата26.09.2023
өлшемі3.22 Mb.
#478549
түріОқулық
1   ...   321   322   323   324   325   326   327   328   ...   337
аза тілі лексика, фонетика, морфология мен синтаксис

 
Біреудің айтқан сөзін сол қалпында, ешбір өзгеріссіз екінші бір адамға 
жеткізу үшін қолданылған бір сөзді не бірнеше сөздердің тіркесін, не 
болмаса сөйлем мен сөйлемдер тіркесін т ө л с ө з дейді. 
Сөйлем біреудің айтқан сөзін бұлжытпай, өзгеріссіз берілген таза төл 
сөздің өзінен тұруы да, төл сөзге автордың сөзі тіркесіп айтылған түрде тұруы 
да мүмкін. 
Төл сөзді сөйлемге тіркесіп айтылған сөйлеуші не жазушы адамның өз 
сөзін а в т о р с ө з і дейді. 
Автордың сөзі мен төл сөзді грамматикалық байланысқа енгізіп, құрмалас 
сөйлем құрауға себеп, дәнекер болып тұратын морфологиялық тұлға де 
көмекші етістігінің көсемше, есімше тұлғаларының бірі болып келеді.
Мысалы: Абай шешесін тысқа шығарып алып: 
«Апа, екеуіне де жақсы ғып тұрып сый беріп аттандыршы!» - деді. 
(М.Ә.) 
Бұл сөйлемдегі қара әріптермен терілген Апа, екеуіне де жақсы ғып тұрып 
сый беріп аттандыршы деген Абай айтқан төл сөз де, өзгелері-жазушының 
өз сөзі, яғни автордың сөзі. 
Төл сөзді сөйлем мен автордың сөзінен құралған сөйлемдердің 
орналасуының мына сияқты негізгі төрт түрлі жолы бар: 
1. Төл сөз автордың сөзінің алдында айтылады. Мұндай жағдайда төл сөз 
тырнақшаға алынады да, төл сөзден соң сызықша және үтір, леп белгісі не 
сұрақ белгісі қойылады. Мысалы: 
« Әке-шешем тірі болып, балаларының қазіргі естияр шағын көрер ме 
еді», - деп толқып отырып, көзімнен жас домалап кеткенін де сезбей қалған 
едім (Н. Г.). 
2. Төл сөз автордың сөзінен кейін айтылады. Мұндай жағдайда автор 
сөзінен соң қос нүкте қойылады да, төл сөз екі жағынан тырнақшаға алынады. 
Мысалы: 
Бұрынғы қазақтың жайын жақсы білетін адамдар айтыпты: « Би 
екеу болса, дау төртеу болады». (Абай.). 


3. Төл сөз автордың сөзінің ішінде келеді. Төл сөз автор сөзінің ішінде 
айтылғанда, автор сөзінің алды-артынан үтір не сызықша қойылады да, төл сөз 
тырнақшаға алынады не алдынан сызықша қойылады. Мысалы:
Ол кереуеттен тұрды да: « Бүркітбай!» - деді қатқыл дауыспен 
( С.М.). 
Абзал қасына келгенде Жанар күлімсіреп: - Комбайынды жақсы біледі 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   321   322   323   324   325   326   327   328   ...   337




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет