Оқулық Орал 015 44. Г жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық техникалық



Pdf көрінісі
бет215/228
Дата29.09.2023
өлшемі7.93 Mb.
#479238
түріОқулық
1   ...   211   212   213   214   215   216   217   218   ...   228
Ауылшаруашылық дақылдарының аурулары

 
 
180-сурет. Американдық ақ ҧнтақ (сферотека) 
 
Ауру 
қоздырғышы 
– 
Sphaerothecamors-uvae 
Berk.et 
Curt
саңырауқұлағы. Қоздырғыштың жеңіл, торлы жіпшумағы тығыздалып, 
қоңыр түcтi киіз ӛңезге айналады. Оның бойында түссіз, бip клеткалы, 
пiшiнi сопақша, кӛлемі 18,6-25 12-14 мкм конидиялар қысқа, пішіні тік 
конидиятасушыларда тізбектеліп орналасады. 
Қосымшалары қарапайым, шар тәрізді клейстотецийлерде бip қалта 
түзіліп, ішінде 8 бip клеткалы қалтаспоралар пайда болады. Жетілген 
қалтаспоралардың қалтадан босап шығуы кӛктемде басталып, 1-1,5 айға 
созылып, қарлығанды залалдайды. Вегетациялық кезең бойында 
саңырауқұлақ бірнеше (кейде – 10-шақты) ұрпақ беріп, ауруды таратады. 
Қоздырғыштың дамуына қолайлы жағдай – 17-28°С температура жылылық 
пен 90-100% ылғалдылық. Инкубациялық кезең – 12-14, кейде 3-4 күн. 
Кесел ойпаң, ылғалы мол жерлерде қарқынды дамиды. 
Саңырауқұлақ 
жіпшумағы 
залалданған 
ӛркендерде, 
ал 
клейстотецийлері 
ӛсімдік 
қалдықтарында 
қыстайды. 
Қоздырғыш 
қарлығанмен қатар қарақаттың барлық түрлерін де залалдайды. 
Ауру ӛте зиянды. Тығыз ӛңез ӛсімдіктің жас мүшелерін түгел жауып, 
олардың физиологиялық функциясын ӛзгертеді. Залалданған жидектер 
жетілмей түсіп, ал қалғандары майдаланып, жеуге жарамай қалады. 


292 
ӛркендердің дамуы тежеліп, қисайып, жапырақтары ширатыльш, қурап 
ӛсімдік 2-3 жылда түгел жойылады. 
 
6.3.3 Таңқурай аурулары 
 
6.3.3.1 Таңқурайдың дидимелла ауруы (қою-қызыл дақ) 
Таңқурайдың қою-қызыл дақ (дидимелла) ауруы республиканың 
солтүстік және оңтүстік-шығыс аймақтарында кездеседі. Ауруға 
шалдыққан ӛсімдіктің сабағы, жапырақ және гүл сағағы, бүршіктері, 
ӛркендері және жапырақтары залалданады. Сабақтың бойында қою-қызыл, 
қоңыр немесе күлгін түсті жайылған дақтар пайда болады. Бұл дақтар, 
әдетте жапырақ сағағының сабаққа жалғасқан бӛлігінен тӛмен орналасады. 
Дақтар тез ұлғайып, қоңырайып, ортасы ақшылданады да, бетінде қоңыр 
түсті ipi пикнидалар түзіледі. Ӛсімдіктің бүршіктерінде, сағақтарында, 
кейде жапырақ жүйкелерінде де жоғарыда аталған белгілер мен дақтар 
пайда болады. 
Кӛктемде залалданған екі жылдық ӛркендердің түсі қоңырайып, 
қурайды. Ауруға шалдыққан жапырақтар хлорозданып, кӛлемі кішірейіп, 
гүл түйіні жетілмей майдаланып, қатты ауырған кейбір бұтақтардың 
жапырақтары дамымайды. Ӛркендер ұшынан бастап солып, сабақ 
қабығында ашық-сұр, үлкен дақтар түзіліп, әр жерде қоңыр-күлгін 
бӛліктер сақталады. Эпидермис қабықтан ажыpaп, шытынап, оның бетінде 
кӛптеген пикнидалар түзіледі. 
Жапырақта аурудың белгісі жалпақ сары жиекті, үш бұрышты дақ 
түрінде білінеді. Гүлдер мен жидектерде ауру сырт кӛзге байқалмайды, 
бipaқ кеселге шалдыққан ӛркендердегі жидектер майда, дәмі қышкыл, 
құрамында "С" витамині аз мӛлшерде болады (181-сурет). 
Ауру қоздырғышы – Didymeila applanata Sacc. саңырауқұлағы. 
Қоздырғыштың псевдотецийлері жайпақ, қара түсті, диаметрі 150-170 мкм. 
Қалталары цилиндр тәрізді, кӛлемi 70-80 10-12 мкм. Қалтаспоралары 
түссіз, екі клеткалы, ұштарына қарай жіңішкерген, кӛлемі 15-6 7 мкм. 
Пикнидалары қара-қоңыр түсті, споралары бip клеткалы, түссіз, 
сопақша пішінді, майда, кӛлемі 7,1-7,2 3 мкм. Саңырауқұлақ залалданған 
ӛркендерде пикнида, псевдотеций және жіпшумақ түрінде қыстайды. 
Кӛктемде псевдотецийлерде жетілген қалтаспоралар ӛсімдікті бастапқыда 
механикалық жарақаттар арқылы залалдайды. Инкубациялық кезеңі – 6-10 
күн. Кеселдің дамуына кӛктемгі және жаздың бipiншi жартысындағы мол 
жауын-шашын мен жылы ауа райы қолайлы. Сонымен қатар ыза суы 
жақын, ауыр топырақта жиі отырғызылған жидектер де бұл ауруға жиі 
шалдығады. 


293 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   211   212   213   214   215   216   217   218   ...   228




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет