289
176-сурет. Бокалды тат дерті: 1 – қарлығанның дерт шалған
жапырақтары мен жидегі;
2 – кесел шалған қияқӛлең;
3 – қияқӛлең жапырағының бойындағы
бӛртпелер;
4 – таттың әр түрлі
даму кезеңдері;
5 – кеселді қызыл қарақат жапырағы
мен жидектері;
6 – қара қарақаттың кесел шалған жапырағы мен жидектері
Ауру қоздырғышы –
Puccinia ribesii-caricis Kleb. саңырауқұлағы.
Қоздырғыш әр иелі, толық циклді дамиды. Аралық иeci –
қарақат пен
қарлыған, ал негізгісі – қияқӛлең түрлері.
Эциоспоралар қияқӛлеңдерді залалдап,
олардың жапырақтарында
саңырауқұлақтың урединий мен телий кезеңдері ӛтіп, телиоспоралары
қыстап шығады. Кӛктемде телиоспоралар базидияға ӛніп, түзілген
базидиоспоралары қарақат пен қарлығанды залалдайды. Кӛктемгі
ылғалы
мол (100%), жылы (17-24°С) ауа райында кесел қарқынды дамиды.
Аурудың әсерінен ӛркендер қисайып, сынып, жидек ӛнiмi күрт
тӛмендеп, оның тауарлық сапасы кемиді.
6.3.2.6 Тҥктілік (реверсия)
Кесел республиканың оңтүстік-шығысында кездеседі. Ауруға
шалдыққан ӛсімдік түптерінде кӛптеген жетілмеген ӛркендер түзіліп, олар
майда, жиі орналасқан жапырақтармен жабылады.
Жапырақ пішінін
ӛзгертіп, ұзарып, ұштары сүйірленіп, бес бӛліктің орнына үшeyі түзіледі.
Жапырақ жиегіндегі иректері ipiлeнiп, сирейді, жүйке
саны азайып,
жапырақ қалыңдайды.