Оқулық Орал 015 44. Г жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық техникалық


-сурет. Қара қарақаттың тҥктілігі (реверсия)



Pdf көрінісі
бет214/228
Дата29.09.2023
өлшемі7.93 Mb.
#479238
түріОқулық
1   ...   210   211   212   213   214   215   216   217   ...   228
Ауылшаруашылық дақылдарының аурулары

179-сурет. Қара қарақаттың тҥктілігі (реверсия): 1 – сау ӛркен; 2 – дерт 
шалған гүлшоғыры, гіл тостағаншасы мен аталықтары жіңішке, күл түсті 
күлтелерге айналған; 3 – гүлдерінің барлық бӛліктері жіңішке жіпшелер 
тәрізді түзілімге айналған; 4 – сау гүл; 5 – дерт шалған гүл; 6 – қарақаттың 
кандала зақымдаған бүршіктері; 7 – қарақат бүршігінің кандаласы 
(Cecidophyopsis ribis West.) 
Ауру белгісі кӛктемде білінеді. Залалданған ӛсімдіктің бүршіктері 
сауларына қарағанда 7-10 күнге кейін ашылады, сондай-ақ оның гүлдеуі де 
мерзімінен кешігеді (179-сурет). 
Залалданған гүлдердің күлте жапырақтары тілімденіп, тостаған 
жапырақтары мен аталықтары ұсақ, жіңішке, күлгін түсті күлтелерге 
айналады. Гүл түйіні жоғары кӛтеріліп, аналық аузы жіпшеленеді. Кейде 
гүлдің барлық бӛлігі ӛзгеріп, жіпше тәрізденеді. Ауру гүлдер сауларына 
қарағанда екі есе кішірейіп, түci қоңырайады. Кейбір гүл шоғырлар дұрыс 
дамығанмен, олардың гүлдері ӛте майдаланып, ергежейленіп, "гүлпарлық" 
білінеді. Мұндай "гүлпарланған" гүлдерде түйін байланбайды немесе 
майда, кейіпсіз жидектер түзіледі. 
Ауру қоздырғышы – микоплазмалық ағзалар. Бұл қоздырғыштар 
қарақаттың барлық – ақ, қара, қызыл және жабайы түрлерін залалдайды. 
Қоздырғыш ӛсімдікте сақталып, қарақат кенесінің кӛмегімен және 
қалемшелер арқылы таралады. 
Аурудың әсерінен ӛсімдікте жидек байланбай, ӛнім едәуір 
тӛмендейді. Кеселге шалдыққан түптерді жою қажет. 


291 
6.3.2.7 Қарлығанның американдық ақ ҧнтағы
Бұл ауру республикада кең таралған қарлығанның зиянды 
кеселдерінің бipi. Саңырауқұлақ XIX ғасырдың соңында Америкадан 
Европаға отырғызылатын материалдармен келіп, кейін жер-жерге 
таралған, сондықтан да оны "Американдық ақ ұнтақ" деп атайды. Ауруға 
ӛсімдіктің жас мүшелері мен ұлпалары, бip жылдық ӛркендердің ұштары, 
жас жапырақтары және кӛк түйіндері шалдығады. 
Ӛсімдік гүлдеген соң аурудың белгісі қалың ақ ұнтақты ӛңез түрінде 
барлық залалданған мүшелерде білінеді. Тығыз сұрғылт ӛңез үстінде кейін 
шар тәрізді жеміс денелер – 
клейстотецийлер 
түзіледі. 
Залалданған жидектер мен 
жас 
ӛркендердің 
ұштары 
киізді 
ӛңезбен 
жабылып, 
бұтақтары 
қисайып, 
буынаралықтары қысқарып
жапырақтары 
ширатылып, 
ӛсімдіктің ӛcyi саябырлайды 
(180-сурет). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   210   211   212   213   214   215   216   217   ...   228




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет