299
Ауру қоздырғышы –
Uncinula necator Burril. саңырауқұлағы.
Аңфрауқұлақ жіпшумақтары залалданған мүшеде дамып, бетінде қалың
конидиятасушыларын түзеді. Конидиялары бip клеткалы, түссіз,
эллипс
тәрізді. Олар ауа толқынымен жеңіл таралып, тіршілігі 6 сағатқа созылады.
Конидиялар жіпшеге ӛніп, одан жіпшумақ дамып, аппрессорийлерімен
ұлпаға бекиді. Олардан клетка ішіне гаусториялары еніп, саңырауқұлақты
қоректендіреді. Инкубациялық кезеңі ауа райына байланысты 4-12 күнге
созылады. Саңырауқұлақтың дамуына қолайлы температура – 20-25°С,
ылғалдылық – 50-80%.
Күзде жапырақтар мен ӛркендерде клейстотецийлер түзіледі,
бірақ
олар тез ыдырап, инфекцияны таратуда маңызды орын алмайды.
Саңырауқұлақ жіпшелері қабық астында, бүршіктерде, ӛркен кӛзшелерінде
қыстап шығады.
Республиканың оңтүстік-шығысында аурудың алғашқы белгілері
шілде айында, ал қоздырғыштың дамуына
қолайсыз жылдары тамыздың
eкіншi жартысында білінеді.
Ауру ӛте зиянды. Кейбір жылдары ӛнімнің 30-50%, ал шара
колданылмаса тұтас жойылуы мүмкін. Егер ауру бірнеше жыл қатарынан
дамыса, онда жүзімдіктер әлсіреп, ӛркендері нашар дамып,
жетілмей,
қурап, алғашқы күзгі суықта (-2, -3°С) үсікке шалдығады. Жүзім түптерінің
ӛнімі тӛмендеп, қыстың қолайсыз жағдайларының әсерінен толық
жойылуы мүмкін. Залалданған жидектер шарап ӛндіруге жарамсыз. Ауруға
шалдыққан жидектердің құрамындағы қант мӛлшері азаяды. Ерте пайда
болған аурудың зияндылығы артады. Кеш залалданған ӛсімдіктің
жапырағы мен шиені (жас ӛркені)
ауруға шалдығып, жидектері сау қалады.
Достарыңызбен бөлісу: