Оқулық Орал 015 44. Г жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық техникалық


-сурет. Милдью ауруының меңдеген кезіндегі кӛрінісі



Pdf көрінісі
бет219/228
Дата29.09.2023
өлшемі7.93 Mb.
#479238
түріОқулық
1   ...   215   216   217   218   219   220   221   222   ...   228
Ауылшаруашылық дақылдарының аурулары

186-сурет. Милдью ауруының меңдеген кезіндегі кӛрінісі 
 
Гүлдері ашылғанға дейін ерте залалданған гүл шоғыры қоңырайып
қурап, түйіндері түсіп қалады. Гүлдердің ӛздері тікелей сирек залалданады, 
бірақ гүл сағағы ауруға шалдығуы мүмкін. Бұл жағдайда ӛсімдіктің ауруға 
шалдыққан бӛлігі қоңырайып, қурайды да, гүлдері түсіп қалады. Ауа райы 
ылғалды болса олардың бетін қалың ақ түсті ӛңез басады. 
Жас жидектер әдетте ауруға жиі шалдығып, ал бұрын байланғандары 
устицелерінің жойылуына байланысты залалданбайды. Ауру жидектердің 
түci қоңырайып, тез түседі. 
Ауру қоздырғышы – Plasmopara viticola Berl.et de Toni 
саңырауқұлағы. Қоздырғыш – монофаг, тек жүзімде кездеседі. Конидия 
тасушылары леп тесігінен топталып (3-6) шығады. Олардың пішіні етек 
жағы жалпақ, ал тармақталған ұшында кӛлемі 12-30 8 мкм жеке 
конидиялар түзіледі. Жынысты спорасы – ооспора. 
Ооспоралар залалданған ӛсімдік қалдықтарында (жапырақтар мен 
жидектер) қыстап, кӛктемде ӛніп, кейін зооспорангий немесе конидиялар 
түзеді. Зооспоралар мен конидиялар ӛсімдікті залалдайды. Қолайлы 
жағдайда инкубациялық кезеңі 4 күн. Қоздырғыш ӛсімдіктің вегетациялық 
кезеңінде жыныссыз кӛбейіп, 7-16 ұрпақ береді. 
Ӛсімдіктің гүлдеуінен бұрын және одан кейінгі кезеңде залалдануы 
аса зиянды, ceбeбi осы мезгілдерде гүл шоғырында ылғал мол сақталуына 
байланысты, ол ауруға түгел шалдығып, жансызданады. Кесел ылғалы мол 
аудандарда кездеседі. Саңырауқұлақтың дамуына 24-25°С температура 
және 95-100% ылғалдылық қолайлы. 
Ауруға шалдыққан ӛсімдіктердің физиологиялық үрдістері қалыпты 
жағдайдан ауытқып, жапырақтары мезгілінен бұрын түсіп, жидектері, 
жеміс шоғыры жансызданады. Осы ауруға 2-3 жыл қатарынан шалдыққан 
жүзімдік қурап, жойылады. 
 


298 
6.4.2 Оидиум (ақ ҧнтақ) 
 
Оидиум немесе ақ ұнтақ республикада кең таралған жүзім ауруы, 
дегенменде оңтүстік және оңтүстік-шығыс бӛлігінде ӛте үлкен зиян 
келтіреді. Бұл ауру ӛсімдіктің топырақ бетіндегі барлық мүшелерін 
залалдайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   215   216   217   218   219   220   221   222   ...   228




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет