300
189-сурет. Жҥзімнің антракноз ауруына шалдыққан жидектері мен
жапырағы
Гүл шоғырының күлте жапырақтарында дӛңгелек қара дақтар, ал гүл
сағақтарында ойық жаралар пайда болады. Жидектегі дақтар дӛңгелек
қоңыр-қызыл немесе қара жиекті, ортасы сұрғылт немесе қоңыр түсті, сәл
ойыс. Мұндай жидектер бip жақты қисайып ӛciп, тез жансызданып, қурап,
гүл шоғында ілініп тұрады, бірақ жеуге жарамайды.
Залалданған
ӛркендерде
бастапқыда қоңыр дақ пайда болып,
кейін оның ортасы басылып, ойық
жараға
айналады.
Жаралар
біртіндеп
ұзарып,
бip-бipімeн
қосылады. Залалданған жапырақтан
жоғары орналасқан ӛркен қарайып,
қурайды
(190-сурет).
Жүзімнің
гүлдеу
кезеңінде антракноз ауруы
қарқынды дамиды.
190-сурет. Антракноз аурына шалдыққан жҥзім сабағы
Ауру
қоздырғышы
–
Gloeosporium
ampelophagum
Sacc.
саңырауқұлағы. Ауруға шалдыққан ӛсімдік мүшелерінде саңырауқұлақтың
түссіз, кейін қоңырайатын жіпшумағы дамып, ол клетка аралығына
таралып, залалданған ұлпа бетінде конидиятасушылар
мен конидиялар
майда, сұр түсті тӛсенішінде (ложада) түзіледі. Конидиялары түcciз,
эллипс тәрізді, бip клеткалы, кӛлемі 3-6 2,5-3,5 мкм. Құрғақ ауа райында
олар бip-бipiнe жабысып түйіршіктенеді, ал ылғал мол болған жағдайда
шырыштанып, ісініп,
жаңбыр тамшысымен,
шықпен басқа, сау
ӛсімдіктерге тарайды. Конидиялары 11-40°С температура аралығында
ӛнеді. Жиі
жаңбырлы және
24-30°С
температура
деңгейінде
саңырауқұлақтың инкубациялық кезеңі 3-4 күн. Саңырауқұлақ жіпше,
пикнида, склероций түрінде залалданған ӛсімдік мүшелерінде қыстайды.
301
Республика жағдайында ауру вегетацияның
бipiншi жартысында,
әcipece гүлдеу кезеңінде қарқынды дамиды. Жаздың екінші жартысында
ӛсімдік жапырақтары мен ұлпаларының ескіруінен және жауын-
шашынның тапшылығынан аурудың дамуы тежеледі.
Кесел әсерінен ӛсімдіктің, ассимиляциялық
ауданы кішірейіп,
залалданған ӛркендер нәзіктеніп, оңай сынғыш келеді. Қатты
залалданғандары қурап, жидектерінің тауарлық сапасы тӛмендейді.
Достарыңызбен бөлісу: