5 г құрама жемді сыйымдылығы 200 мл колбаға салады, колбаның 2/3
көлеміне дейін дистиллденген су құяды. 30 минуттан жүйелі
араластырудан кейін белгіге дейін үстеп су құяды да, әдеттегі құрғақ
қағаз сүзгісі арқылы сүзеді. 50 мл фильтратты конус колбада 0,1 н
азотқышқылды күміс ерітіндісімен 2-3 тамшы 10 % калий хроматы
ерітіндісін қатысуымен жойылмайтын әлсіз қызғылт сары түсті
шөгінді пайда болғанша титрлейді.
Есептеу келесі формуламен
жүргізіледі:
Х = (а · 0, 005846 · у · 100) : в · с
мұнда: Х – ас тұзының пайызы; а – титрлеуге кеткен 0,1-н
азотқышқылды күміс ертіндісінің мөлшері, мл; 0,005846 –1 мл 0,1-н
азотқышқылды күміс ертіндісіне
сәйкес хлорлы натрийдің г
алынғандағы мөлшері; у – өлшегіш колбадағы сұйық көлемі, мл; в –
титрлеуге алынған фильтрат мөлшері, мл; с – құрама жем үлесі.
43-кесте – Зерттеу нәтижелерін жазу
Көрсеткіштер
Азық түрі
Түсі
Иісі
Ылғалдылығы
Балғындығы
Минералды қоспасы
Қышқылдығы, град
Тұз мөлшері, %
Қамба зиянкестерімен
зақымдалу
Достарыңызбен бөлісу: